- басты желдің бағыты қыс кезінде қоймалардың ұзындық бойымен бағытталған,
қарды және пайда болған шаңды, иісті өзімен алып экологиялық жағдайды жақсартады;
-кәсіпорын жер алаңы сумен, электр энергиясымен қажетті көлемде қамтамасыз етуге
ыңғайлы болуы тиіс.
Таңдап алынған жер алаңына геодезиялық зерттеулер жүргізіп,
жаңа салынатын
кәсіпорынның орналасу жоспарын жасайды.
Кәсіпорындардың бас жоспары
Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері.
Бас жоспар кәсіпорынның негізгі,
үйлер мен
құрылыс объектілерімен,
транспорт
жолдары тораптарынан, электроэнергия және
сумен қамтамасыз ететін жүйелердің
бір-бірімен тығыз байланысқан түрдегі орналасуын сипаттап көрсетеді.
Негізгі өндірістік объектілерге жататындар:
элеватордың қабылдау және
тиеу
қондырғылары, жай қоймалары, жұмысшы мұналары, астық к
ептіргіш қондырғылары,
ұн, жарма, құрама жем, нан заводтары, макарон заводтары, дайындалған өнім
қоймалары, лабораториялар, автомобиль, вагон таразылары.
Өндірістік қосымша объектілеріне жататындар:
май, отын қоймалары,
трансформатор, насос станциялары, жер асты қоймалары, механикалық слесарь,
қаңылтыр жөңдеу бөлмелерері, электромонтаж жасау, ағаш бұйымдары шеберханасы,
тепловоз, автомобиль қоятын орындар, өрт депосы, химикат, ит сақтайтын бөлмелер.
Әр бөлімдегі қызмет жасау бағытындағы қоймалардың өзіндік бас жоспарларының
схемалық өзгешіліктері бар. (1-суретте көрсетілген).