1) сақтау әдісі;
2) механикаландыру дәрежесі;
3) сақтау мерзімі.
Өнімдер жайылып және ыдыста сақталады. Ыдыстың конструкциясына байланысты
жұмсақ және
қатты күйде болады. Жұмсақ ыдыста немесе қапшықта тұқым өнімдерін
сақтайды. Көптеген елдерде өнімдерді катты контейнерлерде тасымалдайды. Жайылған
өнім екі әдіспен сақталады:
еденді алаңда және
силостың ішінде. Еденде сақтау үшін жай
қоймалар салады, алаңда-асфальтталған жерге бурттап, үстін брезенттермен жауып және
бастырма орнатады. Силостық сақтау үшін- элеваторларды салады.
Екінші әдіс- механикаландыру дәрежесі бойынша
төрт топқа бөлуге болады:
1- механикаландырылмаған;
2- жартылай механикаландырылған;
3- механикаландырылған;
4- толық немесе комплексті механикаландырылған.
Үшінші әдіс бойынша қоймалар
уақытша және
тұрақты болып бөлінеді. Қоймаларға
өнімді сақтап, өңдеу үшін мынандай талаптар қойылады:
1. технологиялық;
2. конструкциялық;
3. экономикалық.
Достарыңызбен бөлісу: