Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет17/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

102-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері

1. Мекемелердiң персоналына және сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарға қарсылық көрсететін, олардың заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбайтын, жаппай тәртiпсiздiктерге, адамдарды кепілге алуға, өзге де адамдарға шабуыл жасауға қатысатын немесе қоғамға қауіпті басқа да әрекеттер жасайтын сотталғандарға, сондай-ақ мекемелерден қашып шыққан немесе қашып шыққандарды ұстап алу кезінде, көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттердiң жолын кесу және адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне өзi зиян келтiруін болғызбау мақсатында дене күші, арнаулы құралдар және қару қолданылады.

Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, прокурорды қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi заңмен айқындалады.

Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

18-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары

1. Бір орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе төтенше қауіпсіз мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн.

2. Толық қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жазаны өтеу жағдайларында болуы мүмкін.

3. Сотталғандарды бір жағдайдан басқаларына ауыстыру мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі, оның жұмысына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.


104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері

1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында белгіленген құқықтармен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:

1) тамақ өнімдерін, нәрселерді және заттарды алуға, сақтауға және пайдалануға;

2) күн тәртіптемесінде айқындалған уақытта кітапхананы, үстел ойындарын, музыкалық аспаптарды, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен жаздырып алынған мерзімді басылымдар мен әдебиетті, сондай-ақ дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған діни әдебиетті пайдалануға;

3) сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіруге;

4) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен байланысып тұруға;

5) күн тәртіптемесінде көзделген жеке уақытына иелік етуге;

6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар.

Сотталғандардың іске асырылуы жаза мақсаттарына, жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар осы Кодекстің 11-бабында белгіленген міндеттермен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:

1) мекеме әкімшілігі айқындайтын орындар мен жұмыстарда еңбек етуге;

2) үлгісін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін киім нысанын сақтауға;

3) сыртқы түр-сипатына ұқыппен қарауға;

4) тәртіптік изоляторлардағы, жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы, сондай-ақ жұмыс пен оқудағы адамдарды қоспағанда, мекемелерде өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

Ескерту. 4) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

5) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға;

6) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандарды, камераларда ұсталатын, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы сотталғандарды қоспағанда, тамақ ішу үшін асханаға баруға;

Ескерту. 6) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

7) камераларда, карантин бөлімшелерінде, тәртіптік изоляторларда, отрядтарда кезекшілік атқаруға;

8) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға;

9) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.

3. Сотталғандардың осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес:

1) мекемелер персоналының заңды әрекеттеріне қарсылық көрсетуге, оларға қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіруге;

2) мекемелердің, басқа жеке не заңды тұлғалардың, оның ішінде сотталғандардың мүлкіне зиян келтіруге, оларға зиян келтіру қатерін төндіруге;

3) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында өзіне, оның ішінде басқа адамның көмегімен дене зақымын келтіруге, өз денсаулығына зиян келтіруге;

4) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында тамақ ішуден бас тартуға;

5) мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға;

6) мекеме аумағын өз бетінше тастап кетуге, объектілердің не мекеме аумағы шекарасының күзет сызығын бұзуға, мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз тұрғын және өндірістік аймақтардың оқшауланған учаскелерінің шегінен тыс жерлерге шығуға, ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың және мекеме аумағындағы басқа да құрылыстардың шатырына көтерілуге, ішкі тыйым салынған аймақ қоршауына жақындауға;

7) мекемелер аумағында жүріп-тұруға, өздері тұрмайтын және жұмыс істемейтін үй-жайлар мен өндірістік объектілерде болуға;

8) мекеме әкімшілігін хабардар етпестен, жұмыс орнын, сондай-ақ болуға арналған үй-жайды тастап кетуге;

9) жабдықты, оның ішінде егейтін жабдықты, құрал-саймандарды, электр энергиясын, механизмдер мен материалдарды өндірістік қажеттіліктен тыс пайдалануға;

10) әкімшіліктің бақылауымен өткізілетін білім беру және мәдени іс-шараларды қоспағанда, Интернет желісін пайдалануға;

11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;

12) жеке пайдаланылатын нәрселерді, бұйымдарды және заттарды басқа сотталған адамға беруге;

13) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға;

14) материалдық не басқа да пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ басқа да ойындар ойнауға;

15) қарым-қатынаста нормативтік емес, оның ішінде сотталғандардың бейформальды қауымына тән лексиканы пайдалануға, лақап ат қоюға, өзінің немесе басқа да адамдардың денесіне сурет салуға;

16) мекеме комиссиясының рұқсатынсыз жануарлар асырауға және бақша егумен айналысуға;

17) жатын орындарын өзгертуге, сондай-ақ өндірістік объектілерде, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындар жабдықтауға;

18) мекеменің өндірістік және өзге де объектілерінде құрылыстар салуға, шкафтар мен сейфтер орнатуға;

19) камера есігіндегі қарайтын көзшені жабуға;

20) камерадан тыс жердегі сотталғандармен заңсыз байланыс орнатуға;

21) жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға басқа сотталғандарды айдап салуға құқығы жоқ.

4. Сотталғандардың осы баптың талаптарын орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет