Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
284-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздік ережелерін немесе талаптарын бұзу 1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздік ережелерін немесе талаптарын бұзу абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 285-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтерді тиісінше орындамау 1. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтерді тиісінше орындамау абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған әрекет, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 286-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу 1. Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.