Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



бет13/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
100-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асырады.


Ескерту. 100-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

1. Инновациялық және технологиялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.


2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:


1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


2) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;


3) технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;


3-1) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі;


4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;


4-1) технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;


5) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


6) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


8) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




9) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


9-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


9-2) жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;


9-3) цифрлық трансформация және Индустрия 4.0-ді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;


10) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;


11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Ескерту. 8-тарау 100-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

101-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.


2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:


1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;


3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласында білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтуды реттеуді үйлестіруді жүзеге асырады;


4) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;


5) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;


6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

102-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.


2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:


1) тергеп-тексеру жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;


2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;


3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;


4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;


5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;


6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;


7) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

11) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;




12) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;


13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Ескерту. 102-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет