Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Ақпараттық құралдар



бет16/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
112-1-бап. Ақпараттық құралдар

1. Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі өлшемшарттардың барлығына сәйкес келетін ақпаратты беру талаптары түсініледі:


1) ақпаратты беру міндетті болып табылады;


2) ақпаратты бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді;


3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.


2. Ақпараттық құралдар енгізу көзделетін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган ақпараттық құралдардың тізбесіне, сондай-ақ талаптар тізіліміне толықтырулар енгізуге бастама жасауға тиіс.


3. ЗҚАИ-ның ескертпесі!

01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.


4. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.

Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы саясаты деп қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылардың, коллекторлық агенттіктердің, қаржы ұйымдарына ірі қатысушылардың, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру топтарының және банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың, төлем қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің қызметіне, валюталық құқық қатынастарын реттеуге, қаржылық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қаржы құралдарын шығаруға, олардың айналысына, оларды өтеуге және күшін жоюға байланысты қатынастар жиынтығы түсініледі.


Ескерту. 112-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

112-2-бап. Ақпараттық құралдардың түрлері



Ескерту. 112-2-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

112-3-бап. Ақпараттық құралдарды енгізу ерекшеліктері

Ескерту. 112-3-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет