Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту



бет20/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту

Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді.


Ескерту. 11-тарау 124-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2019 № 297-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі



Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Ескерту. 11-тарау 124-3-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу



Мемлекет Қазақстан Республикасының пошта, байланыс, автомобиль көлігі және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес пошта, байланыс және тасымалдау саласындағы субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттейді.


Ескерту. 11-тарау 124-4-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар



Ескерту. Кодекс 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен.




1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;


2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықтар жүргізуге, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуға дайындығын қамтамасыз ету;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен.




3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен.




4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен.




5) мыналарды:


теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;


Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;


контейнерлерде, контрейлерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингілік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.


2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған нарық субъектілеріне қолданылады.


3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу жиынтығында мынадай талаптарға сай келетін:


1) бұрын бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған реттелетін нарық субъектілері көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұтынушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтер көрсететін;


2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұтынушыларға көрсетілген қызметтер көлемі бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтері көлемінің отыз бес және одан да көп пайызын құрайтын нарық субъектілеріне де қолданылады.


4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.


Ескерту. 124-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті



Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:


1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;


2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;


3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;


4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;


5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;


5-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:


шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;


шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;


шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;


табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді;


6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;


7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Кодексте көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;


8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;


9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданады;


10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;


10-1) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VІ Заңымен.


11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 124-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау



1. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау тұтынушылар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.


2. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады.


3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодексте және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.


Ескерту. 124-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері



1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі:


1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:


табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;


Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;


жарты жылдың, жылдың қорытындылары бойынша, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей;


бағаларға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде электрондық нысанда;


осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты растайтын материалдарын қоса бере отырып, есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;


баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынуға;


2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы ақпаратты кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын электрондық нысанда беруге;


3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтауға;


4) шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес орындауға;


4-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында мыналарды:


осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;


шекті бағада ескерілген, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;


шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;


тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды асыру туралы ақпаратты және негіздеуші материалдарды олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға;


5) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;


6) шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;


7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның нұсқамаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдерде орындауға;


8) өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.


Ескерту. 124-8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері



1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:


1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша сатып алуға;


2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ол қабылдаған шешімдерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;


3) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;


4) жария тыңдауларға қатысуға;


5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарының болуына құқылы.


2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:


1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;


2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі белгілейтін техникалық талаптарды орындауға міндетті.


Ескерту. 124-9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет