5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны кестеде берілген.
Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
5 сынып 1 1 1 1
6 сынып 1 1 2 1
7 сынып 2 1 2 1
8 сынып 1 1 2 1
9 сынып 2 1 2 1
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада №509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жалпы орта білім беру
Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
1) міндетті оқу пәндері мен элективті бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктілігін мақсатты дамыту;
4) мектеп бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) мектеп бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады.
Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде сыныпты екі топқа бөлуге болады.
Сыныптарды топтарға бөлу жоғарыда көрсетілген пәндерден басқа инварианттық компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |