Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әбіш КеКІЛБайҰЛы,

Қазақстанның халық 

жазушысы, еңбек ері

ерғазы ҚОшаНБеКОв,

алматы облысы,

Сарқан ауданының әкімі

Көкбай ақынның, Кеңгірбай бидің, 

Шәкір Әбеновтің бастарына мұнаралар, 

күмбездер, сағаналар тұрғызды. Бөрлідегі 

Мұхар Әуезов ата-анасы Омархан-

Нұржамал күмбезін мен ашып бердім. 

Сайынның ерекше жұмысы Қаратау 

өңірінде тұрғызылған Домалақ ана 

кесенесін ашып беру де бізге бұйырды. 

Қай-қайсысынада жиналған жерқайыс-

қан халық Сайын еңбегіне риза болып, 

шүйіркілесе қол қысысты. Жаңаөзендегі 

«Даңқ аллеясы» да ойдағыдай болып 

шықты. Жайық бойындағы «Хан Орда-

лы Сарайшық» ежелгі астанамызды та-

рих төріне қайта алып шыққан сәулет 

ескерткіші болды. Оның ашылуына Елбасы 

барып қатысты. 

Елбасы Ақтау қаласына барған бір 

сапарында Сайынның үйіне соғып, 

дастарқанынан дәм татты. Бір жасар 

немересі Досанға бақыт тілеп бата берді. 

Елбасы батасы қашанда қабыл. Қазір До-

сан Назарбаев зияткерлік мектебінің 6-шы 

сыныбының таңдаулы оқушысы. Домбы-

рашы. Өткен жылы Сайын шебер Сауран, 

Қаратау өңірінде қалған адайлардың 

Тоқтамыс батырына күмбез тұрғызды. 

Атақты сәулетші, құрылысшының 

абыройы аса берді. Ұмыт замандар қайта 

жаңарған. Ұмыт бола жаздаған есімдер 

халық жадында қайта оралған. Дала архи-

тектурасы да тәуелсіздік алып, көл-көсір 

жазира даламыздың төрінде ұшқан аққу-

қаздардай болып, қайта самғады. Ежелгі 

ерлік, ежелгі даңқ еске түсіп, байырғы 

дәулет пен сән-салтанат, салт-сана ойға 

оралды. Бағзы жәдігерліктерге жан бітіп, 

көне дәуірлерден шежіре соқты. 

Соған сенген сәулетші-ақын, сәу-

летші-жазушы көкірегінен көрікті жырлар 

мен көп сезімді күмбірлеткен өлеңдер 

жазды. 

«Парыз», «Абай басқан Жидебай 



топырағы», «Шерқала» өлеңдер жинағы, 

үш томдық, тоғыз томдық шығармалары, 

«Сырласым бол» атты туындылары 

мен төрт тағандар жинағы жарық көрді. 

«Қазақ тың киіз үйі» этнографиялық еңбегі 

кітап болып басылды. Қазақ көрермендері 

Сайын ның «Ақбөбек», «Ант», «Абай ішіп 

үлгер меген У» пьесаларымен сахнада 

танысты. Осы жылы «Қазақ халқының 

шежіре та рихы. Адай тайпасы» атты сегіз 

томдығы және «Тоқтамыс батыр» атты 

кітабы жарық көрді. 

Қазақстан Жазушылар, Сәулетшілер 

одақтары мен Ескерткіштер қорғау 

қоғамының мүшесі. Қазақ халық «Эколо-

гия» академиясының академигі, «Құрмет» 

орденінің иегері. Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері. Махамбет Өтемісов 

атындағы сыйлықтың лауреаты. Абай, Ма-

хамбет аудандарының Құрметті азаматы. 

Осының бәріне ол соңғы жиырма бес 

жыл ішінде қол жеткізді. Өлімнен аман 

қалып, өзінше ізденіп, өз бетімен өмір 

сүрген, өзін бостан сезінген жылдардың 

жемісі. Сайынның жанашырлары көп те, 

жол бастап, жөн көрсетер басшылары жоқ. 

Ол болса өз бетімен тәуекел етті. Өзін-

өзі сомдаған сәулетші, суреткер. Бүгінгі 

өмірде сонысымен қымбат. 

Алдағы жыл басталғанда жетпіс беске 

толады. Өмірінің басы да, аяғы да емес, 

бел ортасы. Алда талай тындыратын іс 

көп. Асқақ мұраттар жаңа асқарларға 

жетелейді. 

Жүрісіңнен танба!

Жолыңнан қалма, жолаушым!



09.12.2015 ж. 

бақтары алқаптарын көбейту жай-

ына келгенде бұрынғыша алманың 

апорт түрін өсіруге басымдық беріліп 

отыр. Сүт зауыты бұрындары күніне 

2 тонна сүт қабылдаса, қазір бұл 

көрсеткішті 8 тоннаға жеткіздік. Әр 

елді мекенде сүт қабылдайтын орын-

дар жабдықталып, оған арнайы адам-

дар бекітілген. Тереңдете өңдеуден 

өткізілген сүт өнімдері бүгінде ау-

дан аумағынан асып, Талдықорған 

қаласының тұрғындарына да таны-

мал бола бастады. Шағын және орта 

бизнесті дамыту мақсатында ауданның 

30 тұрғынына төменгі пайызбен 60 

миллион теңге несие берілді. Жалпы 

соңғы үш жылда мұндай несиеге 88 адам 

ие болған екен. Олар бұл қаражатқа 

шаштараз, кафетерийлер ашып, шаруа 

қожалықтарын ұйымдастырды. Қазіргі 

уақытта біз берілген несиелердің 

мақсатты жұмсалуын қадағалаймыз.

Өңірімізде басын таудан алатын 

БаБадаН қалғаН 

Бақ мекеН



Жер жаннаты Жетісу өңірінің шұрайлы 

пұшпағының бірі болып табылатын 

Сарқан ауданы 1928 жылы шаңырақ 

көтерген. Түбегейлі өзгерістер орын 

алған 1997 жылы аудан құрамына 

Бөрлітөбенің 4 ірі елді мекені қосылды.

аудан табиғаты ауылшаруашылығын 

өркендетуге қолайлы. Басын таудан 

алатын арынды өзендері суарма-

лы егістік көлемін молайтуға мол 

мүмкіндік береді. Тау баурайында 

орналасқан алматы қаласы секілді 

Сарқанның да апорт алмасымен, басқа 

да жеміс-жидегімен аты шыққан. ал 

таудан төмен жазыққа түссеңіз, бұл 

жерден құнарлы егістік алқаптары 

басталады. Мұнда өспейтін дақыл, 

өнбейтін өсімдік жоқ десек, ешбір асы-

рып айтқандық бола қоймайды.

Өңірдің туристік әлеуеті де жоғары. 

Олай дейтініміз, аудан аумағында 

ежелгі Қойлық қаласының, 

«төрткүл» деп аталатын қадым 

замандағы шағын елді мекен-

дер қорғандарының орындары 

бар. азамат соғысы кезіндегі әйгілі 

Черкасск қорғанысының шептері 

біршама жақсы сақталған. Сол 

оқиғаны есте қалдыру мақсатымен 

ұйымдастырылған «Черкасск 

қорғанысы» мұражай кешені жұмыс 

істейді.

қойып отырған талабына сәйкес 

қызылша егістігінің көлемін жылдан-

жылға көбейтуіміз қажет. Бұл орай-

да біздің аудан көлемінде де жүйелі 

жұмыстар атқарылуда. Нақ ты

 

рақ ай-


татын болсақ, аудан аумағында бұған 

дейін небәрі 200 гектар алқапқа қант 

қызылшасы өсіріліп келген болса, 

биылғы жылы бұл көрсеткіш 750 

гектарға жеткізілді. Келер жылы межені 

1200 гектарға дейін көтеруді мақсат 

еттік. Осылай ша қант қызылшасы 

алқаптарының көлемі жылдан-жылға 

арта түсетін болады.

 Биылғы жылы алпысқа жуық ша-

руа қожалығы осы жұмыспен айна-

лысып, белгілі бір жетістіктерге қол 

жеткізді. Сөзіміз дәлелді болу үшін 

Бақалы ауылындағы «Аққұдық» шаруа 

қожалығының басшысы Серікжан 

Есімжановтың қарамағындағы 32 гек-

тар жердің әр гектарынан 700 цент-

нерге жуық өнім алғандығын айта ке-

туге болады. Облыс басшылығының 

жан ды көмегінің арқасында Көксу 

қант зауытымен келісімшарт жаса-

сып, атқарылған жүйелі жұмыстардың 

алғаш қы нәтижелері көңіл қуантарлық. 

Басқа сөзбен айтатын болсақ, шару-

алар қызылшаның басқа дақылдар-

дан гөрі тиімді екеніне, бұл мақсатқа 

жұм салынған қаржының еселеп қай-

татынына көздерін нақты жеткізді.

Индустриялдық алаң құру туралы 

тапсырманы орындау мақсатында ау-

данда 14 гектар жер бөлінген екен, соның 

7 гектарын қойма, астық сақтайтын 

орын салу үшін жеке кәсіпкерлерге 

бердік. Солардың қатарында «Рай-

ымбек сүт» деген серіктестік соя 

өнімдерін сақтайтын қойма, оны 

тереңдете өңдеуден өткізетін цех салу 

мақсатымен 3,5 гектар жер алды. 

Осы жерде «Темірлан» серіктестігі 

құбыр шығаратын цех құрылысын 

жүргізуді жоспарлауда. Қазіргі уақытта 

ол жерге қажетті инфрақұрылым жасау 

жұмыстары алынды.

Балқаш көлінің жағалауындағы 

4 шаруа қожалығы балық аулаумен 

шұғылданады. Аудан аумағында 971 

гектар жерде алма бағы өсіріледі. 

Осыдан үш жыл бұрын Франциядан 

әкелінген жеміс ағаштары 100 гектар 

алқапқа орналастырылған болатын. 

Осы заманғы озық технология бой-

ынша тамшылатып суарылатын бұл 

бақтан келер жылы мол өнім алынады 

деген сенім мол. Соған орай алдағы 

жылы өнімді сақтайтын үлкен қойма 

құрылысы басталады. Итальяндық 

«Техносервис люкс» деген фирмамен 

келісімшарт жасалғанның арқасында 

30 гектар жерге питомник ұйымдастыру 

мәселесі де шешімін тапты. Бұл пи-

томникте будандастырылған жеміс 

ағаштарының көшеттері алма өсіремін 

деген қожалықтармен қатар жеке 

адамдарға да сатылатын болады. Ке-

лешекте осы жерден тағы 100 гек-

тар жеміс бағы бой көтермек. Жеміс 

ағысы қатты бірнеше өзен бар. Оның 

суы негізінен егістік жерлерді суаруға 

жұмсалынады. Дегенмен, соңғы кездері 

бұл өзендердің бойына су электр стан-

саларын салу қолға алына бастады. Бұл 

орайда келер жылдың қаңтар айын да 

«Лепсі – 2» СЭС-інің бірінші тора-

бының 17 мгВ ток беретіндігін айта 

кеткеніміз жөн болар. Сол сияқты 

«Басқан – 2» СЭС-і де осы жылы электр 

энергиясын өндіре бастайды. Осынау 

2 су электр стансасы жалпы алғанда 21 

мгВ ток өндіретін болады. Мұның өзі, 

біріншіден, инвестиция, екіншіден, 

жаңа жұмыс орындары, үшіншіден, ар-

зан қуат көзі болып табылады.

Туризм саласы бойынша Жоңғар 

Алатауы Ұлттық паркінде 7 марш-

рут белгіленді. Одан басқа, Балқаш 

көлінің жағалауында суға түсу – де-

малыс аймағын құру үшін 500 гектар 

жер бөлінген. Көл жағалауынан жер 

алуға өтініш білдіргендерге жағажайға 

заманауи демалыс нысандарын, 3 не-

месе 4 жұлдызды қонақүйлер салуларың 

керек дегендей талаптар қоямыз. 

Әзірге мұндай жоғары талапқа сәйкес 

келетіндей ұсыныс екі кәсіпкерден ғана 

түсті.

Қойлық шаһарының ЮНЕСКО 



тізіміне енген тарихи ескерткіштер 

қатарына қосылғандығы белгілі. Соңғы 

уақытта аталған дүниежүзілік ұйым 

өкілдері шаһар жөнінде қосымша 

мәліметтер сұратып, көне қала орнын 

әлемдік деңгейдегі туристік нысанға 

айналдыру ниеттерін білдіруде. Әрине, 

бұл үшін де жаңағыдай сервистік қызмет 

көрсету деңгейін көтеруіміз қажет.

Черкасск қорғанысы мұражайы жай-

ында бірер сөз. Енді бірнеше жылдан соң 

аталған тарихи оқиғаның болғанына 100 

жыл толады. Соған орай келесі жылы 

мұражайды күрделі жөндеуден өткізу 

үшін күрделі қаржы сұрап, жобалық-

сметалық құжаттарын дайындап жа-

тырмыз. Облыс әкімі Амандық Баталов 

ауданымызда болғанда жағдайды көзбен 

көріп, уәдесін беріп кетті. Ендеше, бұл 

орайдағы жұмыстар да өз деңгейінде 

атқарылады деп тұжырымдауға негіз 

бар.


Мұхаметжан Тынышпаевтың кіндік 

қаны тамған киелі топырақ – Чер-

касск ауылдық округі аумағындағы 

Қ а р ғ а л ы   е л д і   м е к е н і .   Қ а р ғ а л ы 

ауылындағы орта мектепті Мұхаметжан 

Тынышпаевтың есімімен атау жөніндегі 

ұсынысты облыстық ономастика ко-

миссиясына бердік. Қазіргі кезде бұл 

ұсыныс республикалық ономастика 

комиссиясының қарауында жатыр. 

Мораторий аяқталып, сәтін салса ке-

лер жылы мектепке Тынышпаев есімі 

берілмек.

Ауданымызда жастардың бос 

уақытын мазмұнды ұйымдастыруға 

жақсы жағдайлар жасалған. Мәдениет 

үйлері мен кітапханалар, саябақтар мен 

оқу орындарының спорт залдары осы 

мақсатқа жұмыс істейді.

әкім Бол, халқыңа Жақын Бол



8

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


Аталған монографияның 406-420 бетінде Жетісу 

өңіріндегі Алаш  орданың қызметі кеңінен баяндалған. 

Өз тарапынан В.Ғалиев  Верный уезі басқармасының 

аудармашысы  Иса Тергеусізовке ерекше назар ауда-

рады. Себебі дәл осы И.Тергеусізовтің белсенділігі 

арқасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» 

кітапшасы Верный уезі Жетісу облысындағы көзі 

ашық қазақ қауымына кеңінен таралды. «Оян, 

қазақ!» таратылған сәттен бастап ол Жетісудағы 

белсенді алашордалықтың біріне айналды. Ал 

Ыбырайым Жайнақов Жетісудағы Алашорданың 

жетекшісі болды. Уақыт өте келе тұлғалар тағдыры 

тоғысып,  олардың саяси ұстанымы мен қағидасы бір 

жерден шықты. 

Иса Тергеусізовтің Верный уезінің бірнеше 

жерінде болуы оның сол тұстағы бірқатар ықпалды 

тұлғалармен, оның ішінде Жетісудағы беделді қоғам 

қайраткері Медеу Пұсырманов (1850-1908) және 

оның үлкен ұлы Жайшыбек Медеуов (Жайшыбек 

гимназияда Исадан бір сынып жоғары оқыған) 

танысуына түрткі болды. И.Тергеусізов басқа да 

белгілі тұлғалармен, оның ішінде – Сәт Ниязбе-

ков (Жайылмыс болыстығы), Малыбай Сүйінбаев 

(ақын Сүйінбай Аронұлының баласы, Ұзынағаш 

болыстығы), Желдібай Майлықовпен (Кіші Алматы 

болыстығы) байланыс орнатқаны туралы деректер 

бар. Ол бос уақытын өзінің сауатын арттыруға, 

білімін жетілдіруге бағыттады. 

1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін және 

Уақытша Үкіметтің билігі орнаған соң Мұхамеджан 

Тынышпаев Жетісу өңірінің комиссары болып 

сайланды. Бұл тарапта Ыбырайым Жайнақов өзінің 

партияласы М.Тынышпаевтың бірқатар бастамала-

рын қолдаған жоқ және оған қарсылық танытты. Бұл 

ретте Ы.Жайнақов: «Онымен бірге бөлмеге кіргеннен 

кейін, Құрылтай жиналысына өз кандидатурамызды 

ұсындық (Шкапский, Тынышбаев, Шебалин үш ко-

миссар да). Мұсылман съезі өз тарапынан мені өзінің 

атынан үміткерлікке ұсынғанын және мұсылман 

халқының маған оң қарайтынын білген, әрі мені 

мықты бәсекелес санайтын комиссар мырзалар маған 

қарсы астыртын күрес жүргізді: біздің комитетті көзге 



АлАш ОрдАның 

ЖетісудАғы тАрихы

азапты, көрмеген қорлықты көрді. 1935-1937 жыл-

дары Қазақ педагогикалық институтында оқып 

жатқан тұста бай-манаптың және патшалық жүйенің 

тұсындағы халық сотының баласы әрі алашорда-

шы, шетелге қоныс аударған Иса Тергеусізовтің  ең 

жақын туысқаны, Ораз Жандосовтың (Қазыбек бек 

Тауасарұлының шөпшегі) жерлесі болғасын оқудан 

шығарылды.Тек ұзақ жылғы тергеп-тексеруден кейін 

ол туған ауылына қайтып оралды. 

Алайда тек кеңестік қана емес, сонымен бірге 

патшалық билікте  жүйеге қарсылық танытқан 

қандай да бір әрекетті аса аяусыз басып жаншитын. 

1912 жылы халық соты Ө.Сиыршин «362 және 48 

баптары бойынша №5 ауылда ауыл старшинасының 

қызметін атқарған тұста жалған істер жасағаны 

үшін» айыпталғаны туралы деректер бар. 1916 

жылдың тамызында Қ.Қилыбаев Жетісудағы қазақ 

қауымын бірінші дүниежүзілік соғыстың әскери- 

тыл жұмыстарына тарту туралы бұйрықты орындау-

дан бас тартқаны үшін тергеуге алынды. Бекболат 

Әшекеевпен бірігіп ол патша әскеріне қарсы қол жи-

нады. Қ.Қилыбаев дәл сол жылдың күзінде 63 жасқа 

қараған шағында Верный түрмесінде көз жұмды.  

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Алашорда 

қозғалысын жікке бөле жаздады. Көтерілістің 

қандай сипат алғанын әрі жергілікті халықтың 

патша әскеріндей қаруланбағанын бірінші кезек-

те ескерген алашордалықтар жаппай қантөгістен 

қауіптенді. Иса Тергеусізов пен Ыбырайым 

Жайнақов көтерілісті тоқтатуға тырысып, от-

аршыл жүйеге қарсы сауатты түрде күрес жүргізу 

керек екенін, ол үшін алдымен халықтың сауа-

тын ашып, ағарту жұмыстары жүргізу қажеттігін 

айтты. «Әйтпеген жағдайда мыңдаған адамның 

қаны төгіледі. Тіпті қарулы қақтығыс болғанның 

өзінде оның кішігірім ғана болғаны әрі бұған 

біздің жан-жақты дайындалғанымыз маңызды» 

деді олар. Алайда көтерілісті тоқтату мүмкін 

болмағасын Жетісудағы алашордалықтардың бір 

бөлігі халықтың жағына шығып, патша үкіметіне 

қарсы қарулы қақтығысқа шығуды үндеді.

Осылайша И.Тергеусізов тек Түркістан генерал-

губернаторлығының Жетісу облысы, Верный уезі, 

Күрті болысында ғана емес, сонымен бірге өзінің 

туған-туысы тұратын №2 ауылда да өмірге келді. 

Іле Алатауының баурайындағы Ақсай шатқалы 

оның Верный қаласында тұрған тұсында шаршап 

шалдыққанда бой жазатын, демалатын сүйікті 

демалыс орны еді.Оның Верныйдағы үйі Офицер 

және Іле көшелерінің бойында орналасқан (қазіргі 

Алматы мешітінің жанындағы Нүсіпбеков және 

Мәметова көшелерінің қиылысы). Қытайға қоныс 

аудармай тұрып өмір сүрген бұл үй күні бүгінге дейін 

сақталған. Тергеусізов отбасы Қазақстанға қайтып 

орал ған нан кейін оның ұлы Арыслан кеңес үкіметінің 

басшысы Н.Хрущевке хат жазып, әкесінің ресми 

түрде ақталуын әрі аталған үйдің отбасы меншігіне 

қайтарылуын сұрады. Алайда хат жауапсыз қалды, 

себебі бұл үй ол тұстары мемлекет меншігіне өткен 

болатын, сол  себепті  оны отбасы иелігіне қайтаруға 

ешқандай мүмкіндік болмады. 



Д.ҚыДыРБЕКҰЛы, 

саяси ғылым докторы

Алматы облысы



ХХ ғасырдың басындағы алаш орданың саяси 

қозғалысы ресейлік губерниялар мен облыстар 

өзара бөліп алған Қазақстан аумағын тұтас 

қамтыды. алайда бірқатар тарихшылар «елдің 

оңтүстік бөлігіндегі алаш орданың белсенділігі 

төмен болды немесе мүлде болмады» деген 

уәжде айтуда.  

Бұл тұжырымды қазақстандық тарихшы виль 

Ғалиев 2011 жылы жарық көрген «Халықты 

оятқан кітап» (Міржақып Дулатов және оның 

«Оян, қазақ!» деп аталатын жинағы жайлы 

шығарма) деп аталатын туындысында жоққа 

шығарды:  «Цензорлар мен аудармашылар то-

бына уақыт өте Түркістан генерал-губернаторы 

да қосылды. 1912 жылдың жаз мезгілінде ол 

баспа ісі бойынша Бас басқармаға арыз жазды: 

«Қырғыздарға (қазақтарға – Д.Қ.) таратылатын, 

оның ішінде Жетісу облысында кеңінен таны-

мал Дулатовтың 1911 жылы «Бақыт» газетінің 

баспасында басылған «Оян, қазақ!» кітапшасын 

айналымнан алып тастау туралы бұйрықты 

қабылдауыңызды сұраймын». 

Қазақ тарихында XIX ғасырдың өте күрделі өрнектері есте қалды. Әсіресе, Жетісу 

өлкесінің тағдыры үшін ел мен жерді қорғаған ата-бабаларымыздың, билер мен 

батырларымыздың, дара туған ақындарымыздың ерен еңбектері соның дәлелі. Олар 

жарты ғасырға жуық қоқандық басқыншылардың қорлығын көрді, ара-тұра алым-

салық жинаймыз деп қанталап келетін қытай әскерінен де талай рет зәбір-жапа шекті, 

өз ағайынымыз болып жүрген қырғыздардың шауып кетер бар ынташыларынан 

да әбден зығыр болды. Бұған қоса алтайды алып, аягөзден бері аяқ басқан Ресей 

империясының отаршылары да аңғал халқымызды түрлі айла-шарғымен арбап қолға 

түсіре бастады. Осы кезеңге әбден титықталған ел-жұрт тыныштық үшін неге болса да 

даяр болатын. 

Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына биыл 70 жыл толды. Содан бері ашық аспан 

астында бейбіт өмір сүріп келеміз. ал Жеңістің оңайлықпен келмегені ақиқат. 

ажал оғын қарша боратқан сұрапыл соғыс 1418 күнге созылды. Өмір мен өлім 

белдесті. Жалын ғұмырлы боздақтардың толарсақтан саз кешіп, бастарын қауіп-

қатерге тігуіне тура келді. ел басына күн туып, ерлер етегімен су кешіп, соғыс өрті 

тұтанған сәтте осы Қазыбек бек ауылынан көптеген азаматтар майданға аттанды. 

Бұл ардақты ардагерлеріміздің ерен ерлік қимылының арқасында қолжеткен 

мерейлі мерекенің бірі.

Сөз өнерін серік етіп, қазақ журналистикасына өзіндік ерекше үні мен үлесін 

қосқан қаламы қарымды қаламгер, жерлесіміз Жұмаш арғынбаев 75 жасқа 

толды. Ол елу жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, алматы 

облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. «Терең тамырлар», 

«Сағы ныш жылдарға саяхат» атты жинақтардың авторы.

зұлмат жылдар жаңғырығы

дәуір дауысы

өңір тынысы

шара

алматы өңірін тұтастай ұнмен қамтамасыз етіп отырған «азияагроФуд» аҚ ауданымыздағы Жаңа 

шамалған ауылдық округінде орналасқан. Ол еліміздегі еуропалық стандарттарға сай техникалық 

жабдықтармен қамтамасыз етілген, заман ағымымен ілесе отырып қанатын кеңге жайып дамып келе 

жатқан ірі өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорынның негізгі қызметіне бидай дәнінен ұн өндіру, сонымен 

қатар жүгері дәнінен крахмалды ферментативті және карамельді қышқыл сірне дайындау кіреді. 

фабрикалар шикі зат ретінде бұл жерден 

шыққан өнімді тұрақты тұтынады. Соны-

мен қатар  «АзияАгроФуд» АҚ-ның аталған 

комбинатта шығарылған өнімдері тек қана 

Қазақстанда ғана емес, Ресей, Қырғызстан, 

Өзбекстан елдерінің бірқатар өңірлерінде де 

саудаланатынын айта кеткен жөн. Жалпы, 

бұл өндірісті қалдықсыз деуге де болады. 

Себебі карамельді сірне, глюкозды шырын, 

мальтоза, глютен, жүгері ұрығы сияқты негізгі 

өнімдерден бөлек мұнда күніне 10 тонна жану-

арлар азығы да даярланады. Оны өңіріміздегі 

мал шаруашылығымен айналысатын фермалар 

мен құс фабрикалары тұтынады. 

Осында шағын нан пісіретін цех та жұмыс 

істеп тұр. Мұнда еңбек ететін қыз-келіншектер 

1300 балғын бөлкені қызартып пісіріп, дайын-

дап тұрады. Негізі, бұл жердегі технология да 

қарапайым, әдеттегідей. Зауыттан шығарылған 

ұн шағын көлемді илегіш ыдысқа салынады, 

иленген қамыр қалыптарға салынып, әрі қарай 

арнайы камерада бабы келіп, көтерілгенше 

тұрады. Сосын қызып тұрған пешке еніп, 

пісіріледі. Ыстық бөлкенің дәмі шынымен тіл 

үйіреді. Олар 45 теңгеден округтегі дүкендерге 

таралады. Яғни округтегі халықты нанмен 

қамтып отырған осы шағын наубайхана деуге 

әбден болады.

Бір ескере кететін маңызды жайт, «АзияАгро-

Фуд» АҚ-на қарасты, біз жоғарыда атап өткен 

комбинаттар мен цехта шығарылатын барлық 

өнімдер толықтай зертханалық бақылаудан 

өтеді. Шикізаттан бастап, көмекші материал-

дар да, тіпті технологиялық үрдіс талаптарының 

орындалуы, өнімнің дұрыс сақталуы мен 

тұтынушыларға тасымалдануы, барлығы қатаң 

қадағалауда болады. Бұл үшін тиісті аттеста-

циядан өтіп, рұқсат қағаздарға қол жеткізген 

өндірістік-техникалық екі дербес зертхана 

жұмыс істейді. 

Кәсіпорынға 2006 жылдан бері ИСО 9001 

халықаралық стандарты енгізіліп сол бойынша 

жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек, 2011 жылы 

кәсіпорында ИСО 22000:2005 талаптарына 

сәйкес, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі 

с а п а   м е н е д ж м е н т і   с е р т и ф и к а т т а л ғ а н . 

Байқағанымыздай, өндіріс орны жылдар алға 

жылжыған сайын дамудың даңғыл жолы-

на түсіп, алға қарай қарыштап қадам басу-

да. Бұған, әрине, шығарылатын өнімдердің 

жоғары сапалылығы басты себеп болса керек.

Қазір кәсіпорын аумағында тағы бір 

зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 

Ол Алматы облысындағы ең ірі құрама жем 

зауыты болады деп жоспарлануда. «Азия-

АгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Айдар-

хан Сарсембаевтың айтуынша, осындай 

кәсіпорын салу ең алдымен уақыт талабы 

болып отыр. Бұрындары, Одақта комбикорм 

шығаратын 40-тан астам зауыт жұмыс істеп, 

жылына 4,5 млн тоннадай мал азығын дайын-

дап тұрған екен. Қазір ол жоқтың қасы. Мал 

шаруашылығын дамыту керек деп отырғанда, 

оны жеммен қамтамасыз ету мәселесі де, әсте, 

назардан тыс қалмауы керек. Міне, сондықтан 

да акционерлік қоғам «Агробизнес – 2030» 

республикалық бағдарламасы аясында аталған 

зауыттың жобасын қолға алған. Әрине, осы 

орайда, жақсы бастамаға қолдау көрсеткен Ал-

маты облысы әкімінің, аудан басшылығының 

еңбегін ерекше атап айтуға болады. 

Бұл мекемеде бірқатар қызмет түрлері де 

көрсетіледі. «АзияАгроФуд» АҚ жалпы есеп-

пен 500-ге жуық аудан тұрғынын, оның ішінде 

сол округтегі жергілікті азаматтарды тұрақты 

жұмыспен қамтып отыр. Негізінен бұл мекеме 

ел нарығында өзіндік орнын иеленген, есімі 

үлкен жетістіктерге арқау болып аталатын 

өндіріс орындарының бірі. Жыл сайын инвес-

тициялар тартылып, 16 жылдың тізбегінде 

тынымсыз тірлік тоқтаған емес. Осы орайда, 

2010 жылы «АзияАгроФуд» АҚ Астанада өткен 

«Қазақстанның үздік өнімі», 2014 жылғы 

«Алтын Сапа» көрмесіне белсене қатысқаны 

үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар 

министрлігінің Дипломымен марапатталғанын 

да айта кеткен жөн. 

Бір сөзбен айтқанда, осы кәсіпорын 

арқылы Жаңа Шамалған ажарына ажар қосып, 

көркейіп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет