Клара КөПБАЕВА
Жалпы аумағы 21,64 га жерді алып жатқан
бұл мекеме 1999 жылы бұрынғы Шамалған
құрама жем комбинатының орнында пай-
да болған көрінеді. Осында әлемдегі ал-
дыңғы қатарлы «Бюлер» машина құрау ком-
паниясының әртүрлі сортты ұн өндіретін
құрылғылары орнатылып, тәулігіне 250 тонна
бидай дәні қайта өңделе бастаған. Алайда
2007 жылы қосымша станоктар іске қосылып,
зауыттың өндіріс қарқыны тағы 150 тоннаға
артқан. Қазіргі таңда мұнда Қазақстанның
солтүстік өңірлерінен жеткізілген, сондай-
ақ Алматы және Жамбыл облыстарында
өсірілетін 400 тонна астықтан тәулігіне 300
тонна жоғары, бірінші, екінші сұрыпты ұндар,
«Қазақстандық» ұны өндіріледі. Комбинаттың
бұл өнімдері еліміздің ішкі нарығында сау-
даланады және Тәжікстан мен Ауғанстанға
әкетіледі.
Сондай-ақ мал шаруашылығы үшін
бидайдың жай және түйіршіктелген кебегі,
астық қалдықтары шығады.
Сегіз қабатты ғимаратта орын тепкен
өндіріс орнын аралап көрсеңіз, осындағы
барлық жұмысты машиналар атқаратынына көз
жеткізуге болады. Тіпті мұнда ұнның фортифи-
кация желісі орнатылып, іске қосылған. Ол
ұнды сұрпына сәйкес, минералды-дәруменді
қоспалармен құнарландырып тұрады. Бір
ауысымда небәрі оншақты адам ғана жүріп,
басқару пульті, компьютер, рация арқылы
үрдістің үзілмеуін қатаң қадағалай алады.
Үрдіс демекші, жұмыстың барлығы үстіңгі
қабаттан бастау алып, қаз-қатар орнатылған
құрылғылардан өтіп жылжи отырып, астыңғы
қабатта дайын ұн арнайы қалталарға қапталады
екен. Бұл жерде де екі-үш жұмысшы әйел дай-
ын өнімді қалтаның аузын ашып күтіп алып,
оп-оңай сырғытып арнайы станокта оның ау-
зын тігіп, әрі қарай жөнелте беретінін көрдік.
Ал қап-қап ұн үлкен қоймада сұрпына қарай
іріктеліп, жиналып тұр. Осы жерден арнайы
шағын электркаралар транспортер арқылы
тасымалдаушы жүк көліктеріне тасып, салып
береді. Барлық іс осылай жылдам және бір
қарағанда оңай жүзеге асып жатыр.
Біздің келесі айтарымыз осындағы тағы бір
ерекше зауыт жайында болмақ.
2001 жылы импорт алмастыру мен өндірісті
диверсификациялау бағдарламасын жүзеге
асыру мақсатында, жүгеріден крахмал мен
глюкоза шырынын терең өңдейтін зауыт
құрылысының жобасы жасалған. Ал 2003 жылы
осы крахмал-сірне комбинаты іске қосылғанда
Қазақстанда сұраныс өте жоғары жүгері дәнінен
карамельді сірне дайындайтын кәсіпорындар
болмаған екен. Яғни бұрын кондитерлік өнім
өндіретін кәсіпорындар оны шетелдерден ал-
дыртып отырған. Аталған комбинат тәулігіне
200 тонна жүгері дәнін өңдейді және осы
уақытта сәйкесінше 200 тонна жоғары сапалы
ферментативті және қышқыл сірне шығара ала-
ды. Мұндағы өндіріске осы сірне мен глюкоза
шырынын дайындайтын заманауи технология
енгізілген. Жалпы кешеннің ішкі құрылымы
қуаттылығы тәулігіне 800 текше метрлік тазар-
ту құрылғысынан, сағатына 36 тонна ыстық
бу шығарып тұратын қазандықтардан, үш
ұңғымадан, су сорғыштардан тұрады.
Ауысым басшысы Қымбат Аяпованың
сөзіне сүйенсек, тазаланған жүгері алдымен
48 сағат суда жібітіледі екен. Әрі қарай цехтың
бірқатар стансаларынан әртүрлі үрдістерге
қатысып, ең соңында крахмалды сүт пайда
болады. Ол гидролиз стансасында шырынға
айналып, сүзгілерден сүзіліп ыстық буға барып
тұрады, сол жерден дайын сірне құйылады. Бұл
жоғары сапалы, барлық стандарттарға сай сірне
не үшін қажет және қайда жіберіледі десеңіз,
ол әсіресе кондитерлік өнімдер өндіретін
цехтар үшін таптырмас дүние көрінеді.
Сондықтан еліміздегі танымал «Баян Сұлу»,
«Рахат», «Қарағанды кәмпиттері» акционерлік
қоғамдары, «Алматылық өнім», «Лион», «Ин-
терФудТрейд», «Май», «Хамле» жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктері және тағы да басқа
Жаңа ШамалғаН
ауылы ажарланып келеді
«қабілет – ана сүтімен
даритын қасиет»
Ескерткіште – ерлер есімі
ілмей, бізді ешбір іске араластырғысы келмеді.Со-
нымен қатар шаруалар кеңесін де бізге қарсы қойды,
себебі бұған дейін бұл ұйым бізбен бірге қоян- қолтық
жұмыс істейтін».
Алматылық өлкетанушы А.Г.Воронов өзінің
«Тарихтағы аңыз немесе аңыз тарихы» (Т.Бокин,
құжаттар және басқа да дүниелер) деп аталатын
еңбегінде кеңестік жазушылар Д.Мергеншин
мен З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин» туралы
мұрағаттық мәліметтерін жан-жақты сараптай келіп
Алашорданың Кеңес Одағына қарсы әрекет етпегенін
бұлтартпас айғақтар келтіре отырып дәледеді.
1918 жылы бұрынғы Верный қаласында
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін большевиктер
алашордалықтарды қуғындап, қырып жоя бастады.
Бұл тарапта Ыбырайым Жайнақовтың тұтқындалуы
тұтас Жетісу өңірінде толқыныс туғызды, бұдан соң
олар түрмеден босатылды. Ал 1919 жылы амнистия
алып, жаңа билікпен әріптесе жұмыс істеуге көшті.
Осының өзінен-ақ Алашорданың Жетісу өңірінде
қаншалықты ықпалды болғанын көреміз. Себебі,
алашордалықтар да, большевик мұсылмандар да
бір мақсатты, яғни қазақ халқының ұлт ретінде
тәуелсіздік алуын мұрат тұтты.
К С Р О т ұ с ы н д а О р а з Ж а н д о с о в б а р л ы қ
алашордалықтардың қас жауы және ұлтшылдыққа
жаны қас адам ретінде суреттелді. Шынтуайтында,
дереккөздерге сенсек, ол алашордалықтардың әр бас-
тамасын қуаттаған, қолдаған, олардың ішіндегі көзі
ашық, саналы тұлғаларман араласқан, сыйласқан.
Алашорда идеясын ту етіп көтергендерді аса сауат-
ты әрі білікті маман ретінде бағалаған. Ол бірқатар
алашордалықты қанатының астына алып, қорғап
қалды. Соның бірі – М.Тынышпаев. Алайда, уақыт
өте ол кеңес үкіметі біртіндеп Алаш орда азамат-
1930 жылдың басынан бастап, А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов сынды
қазақтың атпал азаматтары қызыл империяның ажал
тырнағына іліккенде, олардың атын атауға және
шығармаларын таратуға толықтай тыйым салынды.
Ал шетелге қоныс аударған М.Шоқай, Р.Мәрсеков,
Ы.Жайнақов, И.Тергеусізов сияқты алашордалықтар
өз отанын сатқан қылмыскер ретінде айыпталды.
Тергеусізов туралы оның туған жерінде қалған туған
туысқаны сыбырлап қана айтатын. Тергеусізовтің
көптеген қолжазбасы жоғалып кетті, соған қарамай
оның бірнеше өлеңдері мен әндері бүгінге дейін
жеткен.
Қазақстанның мемлекет әрі партия қайраткері
Бектенбай Қосынов (1911-1984) 1939 жылы Қытай
делегациясымен Мәскеуде жүздескен кездесуді
көзіне жас ала еске алады. Бұл кезде Тергеусізов
аудармашының қызметін атқаратын еді. Көңілі
босаған Қосыновпен жөндеп сөйлей де алмады. Тер-
геусізовпен ресми кездесуде жолыққан ол Иса ның
1918 жылы Верный қаласындағы кезін еске алды.
И.Тергеусізов қолынан келгенше білімді аза-
маттарды барынша қолдап отырды. Айталық,
патшалық жүйенің тұсында орысша білетін адамдар
сауатты, білімді саналды. Алайда араб тілін білетін
қазақтарды бұл қатарға қоспайтын еді. Дегенмен,
ол бұларға да барынша көңіл бөлетін. «Оян, қазақ»
кітапшасын таратқанда ол ең алдымен арабша сауат
ашқан қазақтарға арқа сүйеді, себебі олар да ұлттық
тәуелсіздік туралы идеяға адал болатын. Исаның інісі
Исабай Тергеусізов орыс тілін білетін. 1906 жылдың
маусымында ол №2 ауылдың атынан халықтық
соттардың сайлауындағы Верный уезі Күрті облысы
болысының сенімді өкілі болды. Бірақ оның қайтыс
болған уақыты мен орны әлі күнге анықталған жоқ.
да Дөненбай Түгелбаев халық соты қызметіне
сайланды. Ал оның інісі Тасыбай Түгелбаев халық
соты қызметіне үміткер деп есептелді. Бұлар ХVIII
ғасырдағы қазақтың аты аңызға айналған батыры
Шапырашты Наурызбай батырдың тікелей ұрпағы
саналады. Д.Түгелбаев бұдан бұрын, 1906 жылы
да халық соты қызметіне сайланған болатын, ал
1903 жылы бұл орынтаққа үміткер сапында тұрған
еді (ол тұста халықтық сот қызметін оның әкесі
Түгелбай Таңқышев атқарды). 1906 жылы Наурызбай
батырдың тағы бір ұрпағы Асқар Ыбырайымов Күрті
болысы болып сайланды.
1912 жылы №5 ауылдың халық соты қызметіне
Өтеп Сиыршин тағайындалса, Нұғман Жалбағаев
бұл орынға болашақ үміткер саналды. Бұған дейін
1903 және 1906 жылдары аталған ауылда бұл қызметті
тиісінше Қожбанбет Қилыбаев пен Жолсейіт
Тайбағаров атқарған болатын. Соңғысының әкесі
Тайбағар мырза Тұрпанов (1827-1881) Жетісудағы
белді әрі ықпалды билердің бірі еді. Олардың барлығы
қазақ-жоңғар соғысының тарихын тізбелеген жыл-
намашы Қазыбек бек Тауасарұлының (1692-1776)
және оның әкесі Тауасар би Матайұлының тікелей
ұрпақтары. Қ.Қилыбаев та Күрті болысының
қызметін атқарған. 1885 жылы ол Жетісу губер-
наторы генерал-майор А.Фриденің атынан өзінің
адал қызметінің өтемі ретінде марапатталып алғыс
алды. 1912 жылы оның ұлы Қыздарбек Қожбанбетов
болыстық билеуші қызметіне тағайындалды.
Сталиндік саяси қуғын-сүргін большевиктік
жүйенің репрессивтік саясатын одан әрі жалғастырды,
оның ішінде әсіресе ақсүйектерге, саудагерлер мен
интеллигенция өкілдеріне ерекше шүйлікті. Бұл
тарапта халықтық сот қызметіне үміткер Байдәулет
Тауасаровтың ұлы Әбдуәли (1917-1985) тартпаған
Жетісу өлкесін мекендеген шапы-
рашты тайпасының осы кезеңде көрген
тауқымет-тұрмысын Жамбыл бабамыз
атақты Сұраншы батыр дастанында былай
суреттепті:
Жетісуда қазақтың,
Көрген күні кем еді.
Жан-жағынан күнде жау,
Елге тыныштық бермеді.
Бір жағынан – қалмақтың,
Ұлылары талады.
Бір жағынан – қырғыздың,
Орман ханы ойқастап,
Күнде мазаны алады.
Үшінші жақтан – Қоқанның
Бегілер бегі қоқандап,
Әскерімен топырлап,
Ауыр салмақ салады.
Осындай қилы кезеңде, жан-жағынан
қыспақта болған ел, батырлары мен
билеріне, ақындарының даналық сөздеріне
арқа сүйеген. Келешектің көкжиегін
алыс тан болжаған осы ел ішінен шыққан
тұлғалар ең соңында Ресей империясының
ұсынысын мойындады әрі сол кезде бұл
шешімнің бірден-бір дұрыс болғандығын
кейінгі тарих әйгілеп еді.
Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі,
тарын қуғын-сүргінге ұшырату науқанын бастап
кеткенін аңғарды. 1920 жылдан 1930 жылдарға дейін
жалғасқан репрессия тұсында Ораз Жандосовтың өзі
большевиктердің тұзағына ілінді.
1920 жылдың көктемінде Қытайға, оның ішінде
Құлжа қаласына қоныс аударған И.Тергеусізов және
Ы.Жайнақов өзінің саяси қызметін жалғастыра берді.
Алайда ендігі жерде олар осындағы қазақ халқын
Гоминдаң жүйесінің азабынан арылтып, Алаш
жұртын көзі ашық, сауатты де сергек елге айналды-
руды көздеді. Олардың Қытайдағы тұрмыс-тіршілігі
терең зерттеу қажет етеді. Алайда Шыңжаңдағы
(Қытай)зерттеуге таптырмас архивтердің аузы әлі
күнге дейін құлыптаулы.
Ол өз тарапынан беделді адамдарды болыстыққа
және халықтық соттың қызметіне тағайындауға қал-
қадерінше атсалысты.
Соның бірі – Демеу Құрткин еді. Демеу Жетісу
өңіріне танымал емші Кұртқа тәуіп Сұлтанқо-
жаұлының немересі (1770-1906). 1912 жылы ол Күрті
болысы №2 ауылдың атынан халықтық сот қызметіне
тағайындалды, өз кезегінде Құртқа тәуіп шөбересі
Байдәулет Тауасаров халықтық сот қызметіне келесі
кезектегі үміткер ретінде таңдалды. Өз кезегінде Иса
Тергеусізовтің Құртқа тәуіп шөбере болып келетінін
айта кету керекпіз. Халық жетекшілік қызметке сау-
атты, белсенді азаматтарды таңдады.
Бұл уақытта дәл осы болыстықтағы №4 ауыл-
Айтысқа облыстың 2 қаласы мен 5 ауда ны нан кел-
ген 11 ақын қатысты. Жас та болса, қазақтың қара
домбырасын серік етіп, жырдан жақұт іздеген сөз
шеберлері айтыс өнерінің мәртебесін көтеріп, ше бер-
ліктерін танытты. Елдің бүгінгі әлеуметтік жағдайын
айтып, халықтың атынан сөз айтты. Теңге құны ның
төмендегеніне қиналып, нарық бағасының шарық-
тағанына налыды. Әсіресе, бейнеулік Райымбек
Түзелов, жаңаөзендіктер Арғынбек Қалбаев, Абай
Жолмағамбетов, түпқарағандық Алтынбек Сүйінбекұлы
сынды жас ақындардың өнеріне көрермен қошеметпен
қол соқты. Аймағымыздың ауылдарынан келген жас
дарындар қазақ төл өнеріне зор сүйіспен шілікпен
қарап, хас айтысты дамытуға үлес қосуда деуге бо-
лады. Әсіресе, жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев пен
Райымбек Түзе ловтің аға-інілік әзіл-қалжыңдары
өлең жолдарымен үйлесім таба білді. Райымбек «Төл
теңгеміз бәрінен қымбат маған, төл перзенті секілді
қазағымның» немесе «Тербеліп айдынында толқын
жырдың, айтыстың майданында жортып жүрмін» десе,
Арғынбек «Адамның болу керек мамандығы, маманның
болу керек адамдығы» деп көпшілік көңілінен шықты.
Қанды қыздырып, жанды рухани байытқан айтыстың
қорытындысында Түпқараған ауданынан келген Ал-
тынбек Сүйінбекұлы ақындық асқақтығымен асып,
облыстық айтыстың жеңімпазы атанды. ІІ орынға
жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев ие болса, ІІІ орыннан
бейнеулік Райымбек Түзелов пен Абай Жолмағамбетов
көрінді.
– Бұл жолғы айтыс та көрермен көңі лінен шықты
деуге болады. Жақсы дәс түрге айналып, жыл сайын
өткізіліп келе жатқан «Маңғыстау жұлдыздары» бүгінде
көп шіліктің көзайымына айналды деуге болады. Биылғы
сайысқа аудандар мен қала ұжымдары зор дайындықпен,
ыстық ықыласпен келгені қуантады, – дейді облыстық
мәдениет басқармасының басшысы Б.Базарбаев.
Маңғыстау өнерінің жұлдыздарын анықтаған
драмалық қойылымдар сайы сының қорытындысымен,
көпшілік назарына «Жаралы гүлдер» атты қойылым
ұсынған Түпқараған ауданының ұжымы бас жүлдеге ие
болды.
Анар ШАМШАДИНоВА
Маңғыстау облысы
ән мен жыр құшағында
ақтауда өтіп жатқан дәстүрлі «Маңғыстау
жұлдыздары» өнер фестивалінің аясында облыстық
айтыс өз жанкүйерлерімен қауышты. «Достық»
облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет
көрсету орталығында өткен сөз сайысында аудан-
қалалардан келген 11 ақын қара өлеңнен қамшы
өріп, бақ сынасты. ақындар Қазақ хандығының 550
жылдық тарихына бойлап, Ұлы Жеңістің 70 жылдық
мерейтойын жырларына тақырып етті.
«оның би болғаны» үшін ғана таптық
тұрғыдан бағаланып, жариялануға тыйым
салынды.
Нарбота би өз заманының қоғам
қай раткері, өз елінің, жерінің қамын
ойла ған, қоқан басқыншыларына қарсы
күресті ұйымдастырған аса ірі қайраткер,
сөзге шешен, атақты би еді. Заманын-
да Сүйінбаймен достық, бауырлық
қатынаста жүрген. Сүйінбайды Тезек
төреге, қырғыздың Қатаған ақынымен
айтысуға барғанда жанына атқосшыларын
жиып беріп, ақ тілеулі бата берген де Нар-
бота би. Сүйекең қандай іс болса да Нар-
бота бимен ақылдасып, кеңесіп, шешіп
отырған. Өйткені өз заманында елдің
ұйытқысы, басқарушысы да сондай дана
кісілер болған. Ақын, жыршы-жыраулар,
ел мұңын жырлаған ғой. Сүйінбай бір
өлеңінде:
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп,
Алдына бір жауапкер Екей келсе,
Түйе басы тоғызды салма кесіп, – де-
ген екен. Бұдан туатын қорытынды: Екей
мен Есқожаның төбе биі Нарбота екендігі,
оның сөзге шешендігі. Екінші жағынан
Сүйекең өзінің құрметтейтін биіне әділдік
Төле би:
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса!?
Қазыбек би:
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма,
Кесапаты тиер десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма,
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Белгілі журналист Жұмаш Арғынбаев
1939 жылы Қастек ауылында дүниеге кел-
ген. 1954 жылы ауылдың орта мектебін,
1957-1963 жылдары Алматыдағы №12
қазақ орта мектебін бітірген.
Әкесі Арғынбай мен анасы Ұмытшақ-
тың өнегелі тәлім-тәрбиесін көрген
саналы ұл жеткіншек кезінен ар, намыс,
кісілік, парасат сынды ізгі қасиеттерді
бойына сіңірді. Жасынан қолына қалам
алып, өлең шумақтарын ақ параққа
түсірді. Жетісу өңірінің дарқан даласы
мен сұлу табиғатын балауса жырларына
арқау еткен бала Жұмаштың алғашқы
туын дылары аудандық, кейіннен облыс-
тық газетке жарияланған.
« Ш ы ғ а р м а л а р ы м г а з е т б е т і н е
шыққан сайын шабыттана түсетінмін.
Бала қиялым үлкен армандарға ұласты.
Жазатын адам бала кезінен белгілі.
Жалпы, шығармашылық ана сүтімен
даритын қасиет» дейді Жұмаш аға.
1957-1963 жылдары геологиялық
барлау партиясында жұмысшы, одан
кейін Амангелді атындағы совхозда
механизатор, басқа да түрлі жұмыстар
атқара жүріп, комсомол ұйымының
хатшысы болып қызмет істейді. 1963
жылы «Екпінді еңбек» (қазіргі «Атаме-
кен») газетіне тілші болып орналасып
жемісті еңбек етті. Ол ізденімпаздығы
мен еңбекқорлығының арқасында бөлім
меңгерушісі, жауапты хатшы қызметіне
дейін көтерілді.
1968 жылы Алматы Жоғары пар-
тия мектебінің журналистика бөліміне
оқуға түсіп, оны 1972 жылы бітіреді.
Содан кейін Жұмашты облыстық
партия комитеті «Жетісу» газетіне
қызметке жібереді. Қазақ баспасөзінің
қарашаңырағы атанған «Жетісу»
газетінде 32 жыл бойы табан аудармай
жұмыс істеді. Оның ішінде 10 жыл бөлім
меңгерушісі, 14 жыл жауапты хатшы,
8 жыл бас редактордың орынбасары
болды.
Жұмаш Арғынбаев – облыстық
басылым ға келген сәттен бастап тәжіри-
белі қаламгерлермен және олардың
қатарына кейіннен келіп қосылған тала-
бы зор жас журналистермен бірге еңбек
етіп, осынау мәртебелі мамандықты
жан-жақты меңгерді, оның биігіне қол
созуды мақсат етті. Қаламы қарымды,
ойы жүйрік небір қаламгерлердің ара-
сында жүріп журналистиканың қыр-
сырын меңгерді. Тынымсыз еңбек,
ұйқысыз түндердің нәтижесінде аз
күнде-ақ, жаңа ортаға қалыптасып кетті.
Ауыл баласының қала тұрмысына тез
төселгені өз алдына, өзі жақсы адамға
аталған ортадан лайықты орын табылды.
Ол облыстың қоғамдық-саяси
өмірінің, экономикасы мен әлеуметтік
салаларының көкейкесті проблемала-
рын көтерген талай-талай мақалалар
мен очерктердің, публицис ти калық
Жуырда Алматы облысы, Қазыбек
бек бекетінде Ұлы Отан соғысында
ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге
арналып орнатылған ескерткіштің
ашылу салтанаты өтті. Шараға соғыста
және ауылға келіп қайтыс болған
жауынгерлердің ұрпақтары мен туған-
туыстары, ауыл тұрғындары қатысты.
Шейіт болған жауынгерлер бір минут
үнсіздікпен еске алынды. Аудандық
мәслихат хатшысы Саят Жұрын аудан
әкімі Жандарбек Далабаев тың атынан
ауыл тұрғындары мен жауынгерлер
ұрпақ тарын ескерткіштің ашылу сал-
танатымен құттықтап, жеңісті күнді
сыйлаған ардагерлер ескерткіші құтты
болсын деп көпшіліктің көтеріңкі
көңіл қуанышына ортақтасты. Жеңіс
ж а л а у ы н ж е л б і р е т к е н Ұ л ы О т а н
соғысы ардагерлеріне қатысты барлық
деректі алға тартқан аудан дық ардагер-
лер ұйымының төрағасы Қырғызбек
Атагелдиевтердің ерлігін ұмытпай
ескерткіш қойған ауыл әкімі Қайратхан
Мәдіғұлұлы бастаған ауыл тұрғындарына
алғысын білдірді. Сондай-ақ бұл шараға
қорғаныс істері бөлімінің бастығы пол-
ковник Мырза Қаржауов қатысты.
Ал Сағира Молдашева игілікті істің
жүзеге асқандығына қуанып, аналық
алғысын білдіріп, еңселі ескерткіштің
Қастек болысынын билері болған. Әділет-
ті гімен, шешендік ойларымен, турашыл
шын шылдықтарымен өз елінің құрметіне
бөленген. Қоқан басқыншыларына қарсы
ұлт-азаттық соғыс кезінде батырлығымен
аты шыққан.
Сүттібай Нарботаұлы 1815 жылдары
дүниеге келген, арабша оқып, сауатын
ашқан, көзі ашық азамат болған, соны-
мен бірге жасынан билікке араласып, тап-
қыр лығымен, әділдігімен көзге түскен.
Сүттібай Сұраншының бірінші орын-
басары. Сұраншы, Сүттібайлар әскери
қолбасшы ретінде Ұзынағаш, Қастек,
Мерке, Байрам соғысына қатысып, ерек-
ше ерлігімен көзге түскен. Сұраншыны
қоқандықтар тұтқында ұстаған 6 ай уақыт
кезінде Сүттібай батыр оның орнын
жоқтатпай әскер бірлігін сақтап қалған.
Сұраншы, Сүттібай, Сарыбай Сайрам
соғысында жау қақпасын ерлікпен бұзып
материалдардың авторы. Сан жылдар
бойы баспасөзге сіңген еңбегі еленіп,
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
Грамотасымен, КСРО Журналис тер
одағының, Қазақстан Журналистер
одағының Құрмет грамоталарымен ма-
рапатталған. Сондай-ақ КСРО Бүкіл-
одақ тық Халық шаруашылығы же-
тіс тік тері көрмесінің күміс медалін
иеленген.
Жұмаш аға өзінің өміріне мәңгілік
шырағдан етіп, көптеген шәкірттер
тәр бие леді. Қарт қаламгердің ақ ба-
тасын алған дар қатарында Жұмакүл
С о л т и е в а , К ү м і с ж а н Б а й ж а н о -
ва, Жолдасхан Құрамысов, Жұмабай
Шаштайұлы, Болат Шубаев сынды
бүгінде қазақ журналистикасына таны-
мал тұлғалар бар. Жұмаш Арғынбайұлы
зейнеткерлікке шыққаннан кейін біраз
жылдар бойы Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде
аға оқытушы болып қызмет атқарды.
Сөйтіп, өзінің ұзақ жылдарғы білімі
мен мол тәжірибесін студент жастарға
үйретіп, өнегелі ғұмыр кешті. Осы кез-
де шіркін, қазақтың барша қариясы
дәл Жұмаш ағадай болса ғой деген ой
түйесіз. Соңғы жылдары жастар арасын-
да ұлттық рух бәсеңдеп барады.
Қазақтың тарихы түгілі, өзінің ата-
тегін білмейтіндер жетерлік. Ал Жұмаш
аға болса өз алдынан жүздеген шәкірт
түлеткен нағыз парасатты қария. Өмірлік
серігі Сайлаукүл апаймен екеуі үш қызды
мәпе леп өсіріп, оларға саналы тәрбие,
сапалы білім берді. Қазір алты немеренің
ыстық ықыласына бөленіп отырған
қадір лі ата. Өзінің сыпайы, сабырлы,
сали қалы мінезімен, байып ты сөз саптау
мәне рімен, ағалық ақыл-парасатымен
қазақ журналистикасында қолтаңбасын
қал дырған Жұмаш ағаны мерей биігінен
көрінген мәртебелі сәтімен құттық-
таймыз. Деніне саулық, отбасына бақыт
тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |