Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бибігүл ШӘйКЕНоВА

Қапшағай қалалық мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Есім, Мұса, Сарбас, т.т.) берілмеуі салда-

рынан көше нақты кімнің есіміне тиесілі 

анық емес, жинақталған мәлімет жоқ. 

Райымбек ауданындағы ономастикалық 

ахуалды жақсартуда бірқатар жұмыстар 

атқарылған. Ауылдық округтерде көше 

атаулары талапқа сай өзгертілген. Со-

нымен қатар Кеген, Текес ауылдарында 

қазақ зиялыларының атындағы көшелер 

ул.Абая, ул.Джандосова, ул.Амангельды 

деп тек орыс тілінде жазылғаны өкінішті. 

Мұндай олқылықтар тек бір ауылда 

ғана емес, мәселен, Қарқара, Сарыжаз, 

Қайнар ауылдық округтеріндегі көше 

тақтайшалары ескірген. Аудандағы қо-

ғамдық қызмет көрсету орындары мен 

басқа да нысандардың маңдайшасындағы 

жазу мәтіндері қолданыстағы заң талапта-

рына сай емес.

«Қазір біз электронды базаға елді 

 мекендердің, көшелердің атауларын ен-

гіземіз. Азаматтар осы мекенжайлық 

тіркелімнен ақпарат алуы керек. Сон-

дықтан ешқандай қателік болмауы керек» 

деді комиссия мүшелері.

Ақсу, Талғар аудандарына қарасты 

елді мекендердің құрамдас бөліктеріне 

атау беру және оларды қайта атау бойын-

ша келіп түскен ұсыныстар облыстық 

ономас тика комиссиясында қаралды. Атау 

беру және қайта атау жөніндегі мәселені 

қараған облыстық ономастикалық комис-

сия енгізілген ұсыныстардың кейбір талап 

үдесінен шығуын, толықтыруды қажет 

ететін тұстарды атап көрсетті. 



М.гҮЛДАНА

хат Жолдарынан

мәселенің мәнісі

таңда тіл білімінің дамуы түрлі бағыттармен 

ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше 

бағыттағы лингвистикалық зерттеулер 

ағымдарын біріктіретін антропоцентристік 

ұстаным арқылы өрісін кең жайып, 

даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан сала-

лы қызметін, лингвомәдени  табиғатын, 

тілдің санамен, таным үрдістерімен бай-

ланысын, көрінісін адаммен, яғни белгілі 

бір этникалық қауым өкілімен қатысты 

қарастыру қазіргі тілтанымның басты, 

үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық» деп 

жазады. 


Тілді ішкі жүйелік талдаудан антропо-

центрис тік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы 

мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің 

есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі бо-

лып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды 

сы әр этноста әртүрлі болуы этностың 

тәжірибесімен, білімімен байланысты екені 

сөзсіз. Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы 

қызметі сыртқы дүниемен байланысында 

ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, 

көңілге түйгені білімнің негізі болып табы-

лады. Оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани 

болмысы әр халықта әртүрлі.

Ғалам бейнесін салыстыра талдау 

арқылы этностың (халықтың) ұлттық мәде-

ниетінің, ұлттық дүниетанымының айырым 

тұстары мен тоғысар арналары танылады. 

Тілдік ұжым мүшесі жеке адам өз тіршілігінің 

әр сәтін ой елегінен қайыра өткізіп, өзінше 

ой түйіп, қорытынды жасағанда өзі өкілі бо-

лып отырған тіл иесі халықтың (этностың) 

ғасырлар бойы сұрыптап жинаған білімінде 

оның жиынтығын санасына өлшем етеді. 

тын дәрежеде болуы шарт. Өнер, әдебиет, 

мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, 

дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, 

өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға 

дейін қызмет ететін қоғамның қажетті 

құралына айналуы керек. Есеп-қисап, 

қаржылық және техникалық құжаттамалар 

да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ 

бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы 

Күштер, ғылым және білім беру салалары, 

халықаралық қызмет те осы талаптарға 

толық жауап беруге міндетті. Тілдерді да-

мыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың 

аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл 

мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық, 

қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың 

т о п т а с у ы   м е н   қ о ғ а м д ы қ   к е л і с і м д і 

нығайтудың да алғышарты. ХХ ғасырдың 

тоқсаныншы жылдарындағы жанартау 

болған жұрт жүрегінің жалыны бүгінде 

бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған 

ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан 

тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы 

жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, 

көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып 

отырған мәселе аз емес, алайда ауызды 

қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда 

тіл тағдырына деген түсіністік орныға 

бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық 

мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете 

бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік 

тіл саясатының нәтижесі. Олай болса, 

тілді өзінің қарым-қатынас тілі ретінде 

қолданатын халық мәдениетінен бөлек 

үйрету дұрыс емес деп ойлаймыз.   

Кез-келген халық тілі – сол халықтың 

шынайы этникалық болмысының айнасы. 

Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-

танымдық үрдісте зерттеу қажеттігі туып 

отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын 

тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам 

миының жемісі, күрделі ассоциативті-

вербальді құрылым, болмысты рух пен 

ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде 

кешенді сипаттауға негізделеді. Адам-

зат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі 

сан алуан құбылыстар мен олардың сана 

қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, са-

намен түйсініп қана қоймайды, оған жауап 

қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, 

жаңа сапада қайта жасауға саналы-сана-

сыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, 

қорытады, елеп-екшейді, баға береді, 

тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас 

көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі 

жасалады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, біз өмір 

сүріп жатқан заманда тек тілді үйренумен 

шектеліп қалу мүмкін емес. Бүгінгі тіл 

үйрету әдістемесінде үйреніп отырған тілді 

сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен 

байланыстыра оқыту қажеттілігі туын-

дап отыр. Әлемдік байланыста қарым-

қатынасқа түсу үшін саяси, экономикалық, 

әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-

түсініктердің болуы маңызды рөл  атқарады. 

Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің  та-

рихын, дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл 

үйретудегі маңызды элементтердің бірі. 

Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің 

дамуын да, тіпті халықтық ойлаудың 

қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай 

аламыз. 


А.МыРзАхАНоВА 

ТАЛДЫҚОРҒАН

зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, 

атап айтқанда адамдардың бір-бірімен 

пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, 

сөз құрамы және грамматикалық тәсіл 

жүйесімен шектеліп қала алмайды. Қазіргі 

лингвистикалық зерттеулер объективтік 

шындықты идеалды түрде бейнелеудің 

адамға тән ең жоғарғы формасы оның 

ақыл-ойы, санасы, ойлауы, рухани ішкі 

дүниесімен тығыз байланыста зерттеуге 

бағытталады. «Адам және тіл» мәселесі 

мол өзектілікке ие, өйткені тілді адекватты 

зерттеу ісі тілдің өз шеңберінен шығып, 

табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада 

өмір сүретіндердің тобына жүгінгенде 

ғана толық мүмкіндікке ие болмақ» 

(Б.Тілеубердиев «Қазақ ономастикасының 

лингвокогнитивтік аспектілері»). 

Иә, әрбір атаудың мән-мағынасында 

халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт-

дәстүрі, ырымы, наным-сенімі, т.б. жат-

қандығын көреміз. Мұның өзі қазақ 

халқының «ғаламның тілдік бейнесін» 

жасаудағы танымдық ой-пікірін, дүниеге 

көзқарасын, болмыс-бітімін  танытады.  

Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық болмы-

Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның тілдік 

бейнесінде халықтың тұрмыс-тіршілігі, 

салт-дәстүрі, наным-сенімі, жөн-жосығы 

сияқты ұлттық-мәдени қазыналары 

да, адамның күллі әлем, дүние жайлы 

түсініктері және сол әлемнен адамның өз 

орнын табуға деген талпынысы да, адам-

дар арасындағы қарым-қатынас та көрініс 

тауып жататынын атап өткен. Осыған 

сәйкес кісі есімдерінің семантикасы адамға 

қатысты болғандықтан, сол кісі есімдерін 

тудырған қазақ халқы «ғаламының тілдік 

бейнесінде» антропоцентрлік қасиет бол-

май қоймайды.

Қандай да бір халықтың болмысы, 

өр кениеттілігі, саналылығы және сауат-

тылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің 

қолданыс ауқымының кеңдігімен, орам-

дылығымен және ұтымдылығымен өлше-

неді. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз 

мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс 

өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік 

мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс 

емес. Себебі ол тіл сол мемлекеттің иесі бо-

лып отырған халықтың мүддесінен шығып, 

барлық саладағы мұқтаждықты өтей ала-



Тіл және мәдениет

Таяуда Талдықорған қалалық 

ішкі саясат мекемесінің 

қолдауымен, қалалық ардагерлер 

кеңесінің ұйымдастыруымен жыр 

мүшәйрасы өтті. облыстық тіл 

сарайында өткен бұл байқау «Ата-

баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» 

бағдарламасы аясында Қазақ 

хандығының 550 жылдығына ар-

налды.

Дүбірлі жыр додасына қатысқан 

үміткерлер арасында көптен бері 

өлең өлкесіне қарымды қалам тер-

беп, өзіндік сара жол сала бастаған 

дағдылы шайырлар мен жаңадан 

қанат қағып келе жатқан жас талап 

иелері де бар. Қатысушылардың 

әрқайсысы екі өлең оқуға мүмкіндік 

алды. Оның біріншісі – ел тарихы-

нан тағылымды сыр шертетін Қазақ 

хандығына арналса, екіншісі – еркін 



6

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

7

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


алтын бесік

О

л кезде Маңғыстау қу меди-



ен дала еді. Әр жер-әр жер-

д е   ш ө к і м - ш ө к і м   а у ы л д а р 

отыратын. Анда-санда некен-саяқ жоқ 

қарап жүргендер соқпаса, бір-біріне ат 

ізін салып та жарытпайтын. Содан да ма 

екен, түбекті қақ бөліп жатқан Қаратау 

жотасының біреуіміз теріскей, біреуіміз 

күнгей бетінде өссек те, бір-бірімізді көпке 

дейін көрмеппіз де, білмеппіз де.

Алғашқы кездескеніміз әлі есімде. 1955 

жылдың 31 тамызы болатын. Онды дейтін 

ауылдың бір топ баласы шөп тасып жүрген 

жүк машинасына отырдық. Құбыла беттегі 

айдым жалдың үстіне көтеріле бергенде, 

батыс беттен құйғытып келе жатқан тағы 

бір шаң көрінді. Айдаланы басына көтеріп, 

үсті-үстіне дабыл бере бастады. «Не бо-

лып қалды екен?» деп, елеңдесіп қалдық. 

Алдымыздан кесе-көлденең жолыққан 

айдау жолға жете бере біздің машина-

мыз кідірді. Әлгі машина да зулап келіп 

қасымызға тоқтады. Оның да қолдан 

тақтай салып биіктеткен қорабында мой-

ындары қылқиып балалар отыр. Олар бізге, 

біз оларға аңыра қараймыз. Екі шофер 

кабиналарынан шығып, өзара сөйлесіп 

тұр. Әлдене туралы мақұлдасып, бас изесіп 

қояды. 


Келген шофер машинасына барып, 

үстіндегілерге бірдеңе деді. Олар жапыр-

ласып түсе бастады. Біздерге ауысып отыр-

ды. Босаған көлік ізінше кері бұрылды. 

Сөйтсек, осыдан сексен шақырым жердегі 

Шайыр дейтін ауылдан екен. 

Жаңа мінгендерден жөн сұрастық. 

Азғантай ересек жағы тоғызыншы, онын-

шы сыныптарда оқиды екен. Біздің де 

үлкендеріміз олармен қол алысып, жа-

была қауқылдасып қалдық. Өңкей жыл-

тыр қара домалақ – сегізінші сыныпқа 

бара жатқандар. Қол алысып амандасуға 

да ұялып, бәрімізбен бастарын изесіп 

сәлемдеседі. Ауылдарынан алғашқы 

шығып тұрғандары болса керек. Бізден 

гөрі төңірекке жалтақ-жалтақ қарап келе 

жатты. 


Бұрын бүкіл ауданда бір ғана орта 

мектеп болатын. Ол да аудан орталығы 

Таушықта еді. Жер-жердегі жеті жылдық 

мектепті бітіргендер соған баратын. 

Кейінгі кезде бала саны көбейді. Бір мек-

теп тарлық ете бастады. Бұрын ауданның 

қиыр шығыс шетіндегі Ұштаған маңында 

екі үлкен ұжымшар бар еді. Кейін екеуін 

қосып, бір ұжымшар жасады. Сонда 

үлкейтілген мектеп пен интернат ашыл-

ды. Енді Қаратаудың екі бетіндегі ауыл 

балалары Ұштағандағы интернатта жатып 

оқитын болды. 

Биыл кімдермен бірге оқиды екенмін 

деп, жаңа сапарластарыма көз тастап 

қоямын. Сонда менің қарсы алдыма 

кеп отырған қазаққа әрі ұқсайтын, әрі 

ұқсамайтын бір балаға назарым ауды. 

Көздерінен көгілдір нұр шашырап, неге 

екені белгісіз, менен көзін айырар емес. 

Қадалған да қалған. 

Не тауып айтып келе жатқанымызды 

кім білсін! Әйтеуір, қызды-қызды 

әңгімемен отырып, барар жерімізге 

жетіп қалғанымызды да байқамаппыз. 

Таң атқалы тау алдындағы айқай дөңмен 

ызғытып келе жатқан машинаның ал-

дынан жағалай майда құмақ жалдар мен 

құм шағылдар көмкерген жазық ой жарқ 

ете қалды. Күнгей беттегі дөңбектеле 

көтерілген шағылдар шығысқа қарай 

биіктей түсіпті. Батыстан шығысқа бет 

түзеген құм қыраттарын бұндағы ел 

Итқараның құмы дейді екен.



Бұл мақаланы кеше ғана 

өмірден озған көрнекті 

жазушы, мемлекет және 

қоғам қайраткері Әбіш 

Кекілбаевтың соңғы жазған 

дүниесі деуге болар. Өйткені 

оның соңында «9 желтоқсан 

2015 жыл» делінген. 

Мақала кейіпкері болса Әбіш 

ағаның тай-құлындай бірге 

өскен досы, белгілі сәулетші-

қаламгер, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері Сайын 

Назарбек. Сайын Назарбекұлы 

абай-шәкәрім, Домалақ 

ана, Хан ордалы  Сарайшық 

кесенелерін, абыл ақын, 

Досан батыр, Тоқтамыс батыр  

күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, 

ақылбай сағаналарын және 

басқа да сәулет ескерткіштерін 

тұрғызған. Сонымен 

қатар ол көптеген көркем 

шығармалардың авторы. 

«асқаларға шақырар асқақ 

мұрат» – шынайы дос туралы 

сыр-толғақ. 

Одан едәуір аулақта, ауданнан келетін 

ұзын керуен жолдың бойында бір-біріне 

тіркеле тізбектелген шатырсыз, жатаған 

үйлер салыныпты. Сол тізбектің ортасы-

на жете бере, көлігіміз тоқтады. Шұбалта 

салынған екі үйдің біреуі мектеп, біреуі ин-

тернат үйі. Бәріміз түгел интернатқа кірдік. 

Жүктерімізді тастап сыртқа шықтық. Бізді 

сапқа тұрғызып Итқараның құмына қарай 

алып жүрді. Дөңкиген қызыл шағылдардың 

іргесінде жартылай құмға бөккен тәпене 

үйлердің ара-арасымен ауыл шетіндегі 

моншаға кеп жеттік. Бір қолымен сүлгі, бір 

қолымен шаш қиятын машинканы ұстаған 

үш-төрт мұғалім тізіліп тұр. Шаш алдыруға 

құлқымыз құлап тұрмаса да, алдарына кеп 

отырамыз. Әуелі шашымызды сыпырады, 

сосын жуынамыз. 

Моншадан шыққан біраз тақырбас, 

қалған балалар шомылып болғанша, 

ауыл аралап жүрміз. Мына бір әйнегі 

сығырайған үй жауырыны жерге тиіп 

көрмеген Қалпақ палуанның, анау айна-

ласында біткен, бітпеген үш тас, бес тас, 

құлпы тас, қой тастар шашылып жатқан 

Назардың, одан әрі шығырмен су шығарып 

қауын еккен атақты бақшашы Мағзамның 

үйлері деседі. Ал анау шеттегі оңаша 

үйде қарғын суға қарсы бөгет салып, ел 

алғысына бөленген Сәлмен ұстаның бала-

шағасы тұрады дейді. Бала жасымыздан 

үлкендер құлағымызға құйып тастаған 

жайсаңдардың аттарын естіп, айран-асыр 

қалып тұрмыз. Маңғыстаудың ойында 

ежелден бар көне қыстаудың қызығына 

енді бата берген біздерді «жә, бері келіңдер» 

деп шақырғандай, кенет керней сұңқылдап 

қоя берді. «Әй, әттеген-ай» деп біреу на-

лыды. Жалт бұрылсам, жаңа бізбен бірге 

келген дәйім күлімдеп жүретін көк көз 

тақырбас екен. 

  Ұ ш т а ғ а н д а ғ ы   ү й л е р д і ң   б а с ы м 

көпшілігі осы дөңкиген-дөңкиген дөңбек 

шағылдардың етегіне жайғасқан. Ал анау 

айдын жолдың теріс бетіне салынған сыңар 

көше әншейін бет жүздік сияқты. Кеңсе, 

клуб, асхана, мектеп, интернат, дүкен, 

қойма, тағы сондай-сондайлар болып 

жалғаса береді. Бәрі жолдың теріс бетінде. 

Оң бетінде құсқонбас өскен, бос құм төбе. 

Е р т е ң і н е   т а ң е р т е ң   о қ у   б а с т а л -

ды. Ауылдың жетінші сыныпқа дейінгі 

оқитын өз балаларынан оншақты сынып 

жасақталыпты. Оған көршілес жатқан 

жеті-сегіз ұжымшар балаларынан екі 

оныншы, екі тоғызыншы, үш сегізінші сы-

нып құралыпты. Мұғалімдер де жеткілікті 

екен. Өңкей Алматыда, Атырауда, 

Ақтөбеде, Оралда оқығандар. Директор 

КазГУ-ді, оқу ісінің меңгерушісі КазПИ-

ді бітіргендер. Тіпті Мәскеуде, Минскіде, 

Рязанда, Саратовта оқу тауысқандар 

бар. «Иә, біз солаймыз!» дегендей, төрт-

бес ұзын мойын жирен шаш қыз желбір 

көйлектері желкілдеп, көздері жайнақтап, 

әрі-бері көше кезеді де жүреді.

Құм шетінде үн-түнсіз бұйыққан ескі 

қыстақтың үлкен-кішісі ауыл ортасында 

болып жатқан жаңа мектептің ашылу 

салтанатына жиналып, ауыздарын ашып 

қалған. Олар осынау оқиғадан жақсылық 

дәметкендей. Бұны жаңа әріптестері мен 

шәкірттерінің алдында директор де айтып 

өтті. Сабақтардан соң, әр мектептің жақсы 

оқыған балаларымен жеке-жеке шақырып 

сөйлесті. 

Мен кіргенде директордың қасында 

арбаның доңғалағындай үлкен көзілдірігі 

жарқырап, ырсия күліп, оқу ісінің 

меңгерушісі, одан төмен мұнтаздай 

боп киінген, галстук байлаған партия 

ұйымының жетекшісі отыр екен. Дирек-

тор көп сөйлемейтін, бірақ өткір тілді 

адам еді. Қапелімде ашыла қоймайтын, 

көбіне түксиіп жүрер еді. Бұл жолғы мінезі 

жайбарақат көрінді. «Кел, отыр!» деді. 

«Ондыдан келген Кекілбаев деген 

осы бала. Былтыр сегізіншіні аудан 

орталығында оқыпты. Үлгерімі өте жақсы. 

Қоғамдық жұмысқа белсене қатысады. 

Комсомол комитетінің мүшесі. Пионер 

қоғамының жетекшісі. Әдебиет, дра-

ма үйірмелеріне, қабырға газет шығару 

мен безендіру жұмыстарына атсалысады. 

Мақалалары аудандық, облыстық, тіпті 

республикалық газеттерде жарияланған. 

Көзге түсіп жүрген жас талант. Аудан 

еңбекшілерінің митингілерінде әлденеше 

рет сөйлеген. Аудандық комсомол кон-

ференциясында былтыр Республика-

дан келген өкілді қатты сынға алған. 

Аудандық пионер үйінің директорын 

орынсыз жәбірлегенін бетіне басқан. 

Физкуль тура мен спорт жағына онша 

құл шынып тұрған жоқ. Не дейсіздер? 

– деді». «Сол жұмыстарын осында да 

жалғастырсын!» деді оқу ісінің меңгерушісі. 

Партия жетекшісі: «Тілші болса, осы 

ауылда да жақсы жаңалықтар, жайсаң 

кісілер баршылық» деп, күліп қойды. 

Комсомолдың өкілі кешірім сұраса әлі 

жап-жас бала екенін көріп аяған ғой. 

Маған әдебиет, драма үйірмелеріне, 

безендіру жұмысына үйірсектігі ұнайды. 

Ауылдың клубы бітіп тұр. Жиһаз көп 

ұзамай жеткізіледі. Безендіру жұмыстарын 

қараша айында бітіре алсақ дұрыс болар 

еді. Ауыл басшылары бізден көмек дәметіп 

жүр» деді директор.

С

өз мәні түсінікті болды. Жаңа 



салынған клубты барып көрдім. 

Еңгезердей үлкен үй аңырайып-

аңырайып тұр. Қасындағы тастан салынған 

«Құрмет тақтасының» ығына малдар 

түнепті. Сатпақ-сатпақ. Көшенің бір-екі 

жеріне шегемен тырнап жазылған бұзақы 

сөздердің үстіне шимай-шимай шатпақ 

салынған. Ол түзеткендері болса керек. 

Ауылды аралап шықтым. Ер бала біткен, 

шалбарларының балағын тізеден жоғары 

түріп алып, күн бетте ләңгі ойнап жүр. 

Қыздар мектепке басына шарқат орамал 

салып, үстіне мақпал бешпет киіп, әлеміш-

әлеміш болып жасанып келеді. Күні 

ертең ұзатылайын деп отырған бойжеткен 

сияқты. Еркектер дүкен мен кеңсенің 

көлеңкесіне жиылып алып болмашы 

нәрсеге таласады да отырады. Әйелдердің 

де өсектен басқа көп шаруасы жоқ 

секілді. Ауыл әбден арыған. Сейілтерлік, 

сергітерлік ештеңе көрінбейді. Айбар 

тұтар атақтылардың бәрі өтіп кеткен. 

Қазіргілері өңкей сай қуалап, тезек теріп 

жүргендей. Қайда қарасаң да тым жұпыны. 

Еңсе көтерердей бірдеңе ойлап таппаса 

болмайды. Жақсының қалдығы дерлік 

ештеңесі жоқ екенін адамдарға сездірген 

жөн. Ең елгезек қауым – жас пионерлер. 

Қызыл шүбірек байлаған бүлдіршіндер 

топтарын тек Фадеевтің, Симоновтың 

кейіпкерлері атымен атай бермей, 

өзіміздің Әуезов, Мүсірепов, Мұстафин, 

Бегалиндердің кейіпкерлерімен де атау 

жөнінде директормен келістік. Пионер 

топтарының жетекшілігіне сегізінші 

сынып балалары лайық келетін сияқты. 

Сондай жетекшілікке жарайтын жа-

стар іздегенде, есіме ең алдымен түскені 

әнеугүні Шайыр дан бірге келген күлімкөз 

үрпек бас бала болды. Сөйлесіп көрсем, 

ол бірден келісе кетті. Топ таңдағанда оған 

бесінші сынып бұйырды. Топ «Қайырғали 

Смағұлов» атындағы пионер тобы бо-

лып аталатын болды. Алғашқы өткізген 

шаруасы – балаларды ауыл маңындағы 

ақ тауларды аралатып, табиғатымен та-

ныстыру болды. Олар жорыққа кеткен 

демалыс күні біраздан кейін аспанға 

бұлт айналды. Ол тұтаса түскен сайын, 

біздің мазамыз кете бастады. Олардың 

жолында қатты нөсер жаңбыр жауғанда 

қарғын өтетін ой болатын. Енді балаларды 

іздеуге аттанғалы жатқанда керней даусы 

естілді. Біраздан кейін шұбырып келе 

жатқан балалар да көрінді. Олардың біздің 

қорыққанымызда шаруалары жоқ. Бәрі 

көңілді. Топ жетекшісіне «Сайын ағай!, 

Сайын ағай» деп жарыса сұрақ қойып, бәрі 

соның маңында. Ол іні-қарындастарына 

өз білігі жеткенінше жауап беріп келеді.

Бұл топ пионерлері батыр ағаларына хат 

жолдады. Көп ұзамай Атырау қаласында 

тұратын Қайырғали Смағұлов Ұштағанға 

жетіп келді. Сол күні бүкіл ауыл адам-

дары төбе басына, пионерлердің батыр 

ағасына арнап жаққан алауын көруге, 

батырмен жүздесуге жиналды. Батыр 

атындағы топ мүшесі, бір бүлдіршін қыз 

батыр мойнына қызыл галстук тақса, 

екіншісі пионер алауын тұтандырды. 

Жиын көңілді өтті. Қайроштың күлкілі 

әңгімелерінен ауыл адамдары бір көңіл 

көтерерлік нәр алған секілді болды. 

Жиын соңында батыр жиналған халыққа, 

кездесуді ұйымдастырушыларға рақметін 

айтып, әлгі екі қыздың бетінен сүйіп, бата-

сын берді. Өз атағындағы пионер тобының 

жетекшісі Сайын Назарбековтің де қолын 

сілкіп-сілкіп, басынан сипап қойды.

Жұрт жаңа мектепке үйір бола бас-

тады. Астраханға кеткендер қалашылар 

қайтып оралды. Клубқа алдырылған 

заттар арқасында клубтың іші қызыл-

жасыл түрлерге бөленіп, жайнады да кетті. 

Безендіру жұмыстары тек сурет салу мен 

ұран жазумен шектелмейді екен. Сайын 

шеберлігі сол тұста мықтап көзге түсті. 

Шеге қағарда, ұран ілерде, жиһаздарды 

орын орындарына қоярда Сайынсыз аяқ 

баса алмаймыз. Ол жоқ болса, енесі өріске 

кеткен ботадай іздейміз де тұрамыз.

Сол жылдары ұйықтап жатқан Ұштаған 

ұйқысынан оянды. Оған жаңа ашылған 

орта мектеп көрер көзге көп әсер етті. 

Біз оқуға барған кезде ауылдың бойын-

да мақтана қоярлықтай ештеңе жоқ еді. 

Сол ауыл бар болғаны екі жыл ішінде дүр 

көтерілді. Біз 10-шы бітірерде әркім-ақ 

тамсана «Ұштағанның адамдары!» деп, 

құрмет тұтатын болды. Бұл 1957 жыл еді.

Сол жылғы мамыр айында Мәскеуде 

өтетін бүкіл дүниежүзілік жастар мен сту-

денттер фестивалі қарсаңында Маңғыстау 

ауданының жастар фестивалі өтті. Таушық 

кентінің шығыс жағындағы тау етегінде ақ 

шағаладай ауыл тігілді. Ол кезде мұндай 

дәстүр әлі өмірге енген жоқ еді. Сонда әр 

шаңырақ көтерілген сайын жиналған жұрт 

мәз-мейрам болып, қол шапалақтайтын. 

Тігілген киіз үйлер бірінен-бірі аса-

т ы н .   Ж и һ а з д а р ы   қ а н д а й !   Ү й   т і г і п 

жүрген қыздары қандай! Бастарындағы 

сәукелелері қандай! Үстеріндегі киімі 

қандай! Қолдарындағы білезік пен 

сақинасы, құлақтарындағы сырғалары 

мен айшықтары қандай! Белдеріндегі 

белбеулері қандай! Жайған дастарқандары 

қандай! Қойған тағамдары, шұбат пен 

қымыздары қандай!

О л   к е з д е   б ү к і л   М а ң ғ ы с т а у д а 

бұндай ауыл тігуге тәуекел еткен тек 

ұштағандықтар ғана еді. Маусымның 

басында Атырау қаласында облыстық 

жатқан Сайынның үйі екен. Ол қайда екен 

деп, сол үйге беттеп келе жатырмыз.

Жақын келіп әлгі қараша үйдің 

алдындағы қазыққа байланған тайлағының 

асты-үстіне түсіп, еміреніп тұрған қара 

маяға көзіміз түсті. Анадайда киіз қомды 

жастанып біреу жатыр. Бұ кім екен деп 

қасына барсам, шалқасынан түсіп ұйықтап 

жатқан Сайын. Жүндес қабағын тас 

жұмып, әлдене деп тістенеді. Жұлқылап 

көріп едік, көзін ашпастан аударылып 

түсіп, қорылына көшті.

Е

нді құрылыс басына бардым. 



Бұрын бос жатқан ұланғайыр 

ж е р д і ң   б о р ш а - б о р ш а с ы н 

шығарыпты. Жағалай қазық қағылып, 

жіп керіліпті. Тастар тасылып жатыр. Тас 

болғанда даланың өңделмеген табиғи тасы. 

Құрылысшылар оны «қотыртас» атай-

ды екен. Жан жақ қара-құрым құрылыс 

бұйымдары. Бір бос жәшікті көлденең 

тастай салып, отыра кеткен апайтөс сары 

кісіге сәлем бердім. Қасқа маңдайын 

білегімен бір сүртіп тастап сәлем алды. 

Жөнімді айттым. Ол енді шүңірейген көк 

көзімен маған қадалып қарап қалыпты. 

Бетінде шаршаған сезімдерін ығыстырып 

бір жылы толқын пайда болғандай. «Е, 

Сайынның айта беретін Әбіші сен екен 

ғой!» деп тұла бойымды бір шолып өтіп, 

сөзін жалғастырып жатыр. «Сайын бүгін 

түнде осы Ұштағаннан 150 шақырым 

жердегі Таушықтан бас білмейтін тайлақты 

түйесін жаяу жетектеп келді. Бес күн 

жүрерсің дегенмін. Асығыс, үш күнде 

жетіп келіпті. Енді тұруға да шамасы жоқ. 

Сабақтан қалдым деп жанталасып» дейді 

Назекең. Мен бұл жаста адамдардан көп 

қысыла қоймайтынмын. Тәп-тәуір көркім 

бар, қара бұйра шашыма жұрттың сүйсіне 

көз тастайтынын көріп жүрмін. Жара-

тылыс тілден де сыбағамды мол берген 

секілді.


Мен де ол кісіні барлай қарап тұрмын. 

Сонау білемденіп кеткен қыртыс-қыртыс 

маңдайдан алты айшылық жол жүріп 

келіп, шүңірек көздерге шүйліге біткен 

жүн-жүн қабақтан өте бере, бір дем алып, 

сүйіріңкі жұқа еріндерге еміне құлаған 

құс тұмсық кісі маған барлай қарап отыр. 

Аудан жіберген шебер, Сайынның әкесі, 

Ұштаған он жылдық мекемесінің бас 

шебері Назарбек деген кісі осы екен. 

Біз қайта айналып Сайынға соқсақ 

ол оянған. Ырсиып күледі. Күлгені 

шаршағанын жасыра алмай тұр. Даусы 

қарлыққан. Беті күнге күйіп қап-қара бо-

лып кеткен. Аяғын да дұрыс баса алмайды. 

Шебер үйін көшіріп келуге ұжымшар 

бір машина берген. Оған түйе сыймайтын 

болғасын он бес жасар ойын баласына 

150 шақырым жерге жаяу түйе жетектеп 

келуге тастап жүре берген. Салынған жол 

жоқ, бұрын екі-үш рет машина үстінде жол 

шеккен жас балаға осындай ауыр тапсыр-

ма тапсыруға әкенің дәті қалай шыдады 

екен? Осындай сыннан мүдірмей өткен, 

150 шақырымды үш күнде жаяу өткен жас 

баладағы батылдық қаншама десеңізші? 

Қайрат қаншама десеңізші?

Сайын сонда бізді қатты таңғалдырып 

еді!

Осынша уақыт бірге жүрсек те, одан 



үй жайын сұрап көрмеппіз. Бұл жайында 

ол кезде көп әңгіме де қылмайтынбыз. 

Тәтпіштеп сұрап жатудың жөні де жоқ 

кезең болатын. Ол кезде ілуде біреудің 

әкесі болатын. Олардың өзі де қалған 

балалардан қысылып-қымтырылып, 

қаралай жазықты адамдай, елпең қағып 

жүретін. Қалғандары әкелері соғыстан 

қайтпаған өңкей сормаңдайлар еді. 

Әкелерінің өлі-тірісін де біле алмай, іштей 

тынған пұшаймандар да аз болмайтын. 

Екеулерінің де қабақтары түсіңкі, иіндері 

салыңқы келетін. Сайын да сол топтан 

сияқты еді. Бір жасқа шыққанында 1942 

жылы әкесі майданға алынады. Екі айдай 

соғысқа дайындалып жатырмыз деген хат 

келіп тұрады. Сосын суға батып кеткен-

дей, тиылады да қалады. Қара қағаз келіп 

қалады екен деп бірнеше жыл қорқумен бо-

лады. Сүйтіп жүргенде соғыс та аяқталып, 

кезінде шұбырып соғысқа аттанғандар енді 

үздік-үздік елге орала бастайды. 

Ақыры Сайынның да әкесі оралады. 

Харьков түбіндегі соғыста тұтас бір армия 

немістер тұтқынына түседі. Тұтқыннан 

1 9 4 5   ж ы л ы   А м е р и к а   б о с а т а д ы   д а , 

кеңестерге тапсырады. Тұтқыннан босаған 

бұларды өз елі тұтқын есебінде ұстап, 

екі жыл Донбас шахталарын тазартуға, 

жөндеуге қалдырады. Тағдыры осылай 

болған Назекең 1947 жылы елге оралып, 

өзінің сүйікті ісі ауыл ұжымшарының 

шебері жұмысына кіріседі. Бірақ бұл 

бақыт ұзаққа созылмайды. Ағасы Айдар-

бек Мұстафа Шоқайдың молдасы болды 

деген айыппен сотталады да, Сайын әкесі 

де 1949 жылы тұтқындалады. Сайынның 

жағдайы әкесі соғыста өлгендерден де 

ауырлау еді. Әкесі өлгендерді жетім деп 

мүсіркесе, Сайынды «жаудың баласы» деп 

ызаландыратын. Осы сөз талай рет айтқан 

баланың тұмсығының қанын ағызса, өзінің 

де алған сыбағасы аз болмаған. Содан бо-

лар Сайын жастайынан өжеттеу, батырлау 

болып қалыптасады. Ол өгей ұрпаққа тән 

іштей тістенген қалпы өсе береді. Шешесі 

еңбекқор, жігерлі адам, төрт баланы 1954 

жылы әкелері түрмеден босап келгенше 

жетімсіретпей бағып-қағады. 

Ол кезде ешкімге ешкім бұндай 

жағдайды айтпайтын. Сөйтіп, тумай 

жатып, көресіні көріп өскен  Сайын не 

көрсе де шыдап бағып, ақырына дейін 

сыр бермейтін сом болаттай берік 

төзім қалыптастырады. Қолдарындағы 

ұсынықтылықтың да қайдан келіп 

шыққаны енді мәлім болды. Бәрінің де 

сыры жаңа ғана құрылыс басында көрген 

шүңірек көз, құс тұмсық сары кісіде екен. 

Түп бабасы Мәті жеті-сегіз жа-

сында Тоқтамыс батырдан тарайтын 

Доспамбеттің ауылына келген киімшең 

бала екен. Таңсық шешеміздің астынан 

өткізіп, ұрпақсыз кеткен Еспембет батыр 

баласы аттандырады. Сол Мәтінің жалғыз 

ұлы Әзберген тоқалынан туған Алдаберді, 

Тілеуберді, Тағыберді үшеуі де шетінен 

асқан бай болады. Тағыбердіден қалған 

мол дәулетті баласы Сәрсен аяусыз ша-

шып, кеңес өкіметінің сәл алдында өмірден 

өтеді. Қартайғанда кедейленіп ұсталық 

қылып, зергерлік құрады. Шеберлікпен 

айналысып, Дағытұщының аяғына егін 

егеді. Ол өнері Нұрлыбек пен Найзабекке 

қонбайды. Айдарбектің аузынан Алласы 

түскен жоқ. Тірі кезінде перінің сақинасын 

ұстаған Мәтіден келе жатқан өнер На-

зарбекке қонады. Тіпті көзінің сұғы бар 

деп, ол келе жатқанда, ағайындар бала-

сын жасырып қояды екен. Өзі де сөйлеп 

отырғанда ешкімге назар тоқтатпауға 

тырысатын болып шықты. Әке қасиеттері 

Сайынның бойына да ұялапты. Жаз бойы 

әкесінің қасынан қалмай, еңбек етті. Тас 

үйді. Балшық басты. Әкесімен жарысып 

тас қалады. Күзде келгенде көктемде 

жаңа басталып жатқан құрылыстың бітуге 

жақындап тұрғанын бір-ақ көрдік. Бірінші 

тоқсан аяғында жаңа мектепке көшіп те 

алдық. Енді аты аңызға айнала бастаған 

Назекең мектепке ас үй, шеберхана сияқты 

қосалқы құрылыстар салуға кірісті. Ол 

салған жаңа мектепте бірінші болып оқу 

бітіргендер біздер болдық. 

Біз Алматыға оқуға аттанып,  Сайынмен 

қиыса алмай қоштастық. Келесі жаз-

да демалысқа барғанда Атырауда бір 

кездестік. Алматыдағы тау-кен инсти-

тутына түспек екен. Бірақ сол жылы ол 

институт Атырауға комиссия жібермепті 

де, Сайын амалсыз Атыраудың пединс-

титутына құжат тапсырады. Орыс тілі 

диктант деген сыннан өте алмайды. Ақыры 

Ақтөбенің кооператив техникумына түседі. 

Бірақ ол болашақ саудегерлік жұмыстан 

қорқып, екіншіден жақсы оқыған ма-

тематик адам техникумда оқиды деген 

атақтан арланып, келесі жылы Алматының 

өзіне барып бақ сынамақ болады. Бірақ 

оны күтіп тұрған тағдыр басқаша еді. 

Сол жылдары Маңғыстауға жер-жерден 

экспедициялар келіп, Маңғыстау кен 

орындарын іздестіріп жатты. Маңғыстау 

тынысы ашыла бастады. Жұмысқа ор-

наласу мүмкіншілігі туды. Шоферлік, 

трактористік курстар ашылды. Алғашқы 

ашылған шоферлік курста оқып, Сайын 

жүргізушілік куәлік алады. Оралға астық 

жинауға барып, ГАЗ-93 деген машина 

алып келеді. Сартас дейтін жерде баржыға 

тас-топырақ тасып жүріп өзіндей бір ма-

шинамен сүзісіп қалады. Сайынның сол 

аяғы ортасынан омырылып сынады. Басы 

қатты жарақаттанады. Ол кезде ауданның 

мүмкіншіліктері шамалы болып, Сайынды 

самолетпен Атырауға жібереді. Емханада 

бейнет шегіп жатқан досымызды көріп, 

қинала-қинала шығып кеттік.

Е

мделді, жазылды. Бір жазда 



ауылға барсам аудандық партия 

комитетінде шофер болып жүр 

екен. Екеуміз оның туған ауылы Шайырға 

бардық. Достарымыздың үйінде болдық. 

Достарымыз маған оқуыңды бітіргесін 

ауылға қайт деп ақыл айтып жатыр. Ал 

Сайын болса: «Сенен күткеніміз көп. Сол 

жақта қал. Сағынсақ барып тұрамыз!» 

деді. Келесі жазда кездесе алмадық. 

Сұрастырсам, ол Жетібай ма, Жаңаөзен 

бе – әйтеуір біреуіне жұмысқа орналасып 

Маңғыстау мұнайын игерісіп жатыр деді.

Содан біраз уақыт көріспей кеттік. 

1964 жылдың жазында түн ортасында 

есігіміз дүрсілдеп ала жөнелді. Ашсақ – 

Сайын. Қолында – тор дорба. Ішінде бір 

көйлек пен математика есептер жинағы. 

Ертең – құжат қабылдайтын соңғы күн. 

Ақтаудан ұшарда оған обаға қарсы егілген 

деген қағаз беріпті. Тау-кен институтының 

құрылыс факультетіне түспекші. Баяғы 

арманынан әлі бас тартпаған. 

Ол оқыған бес жылда біздің достығымыз 

одан әрі беки түсті. Екеуміздің де ақыл 

тоқтатқан кезіміз ғой. Жұмыс жасаған 

алты жылы қатты есейтіп жіберіпті. Сол 

жылы үйлендім. Келесі жылы балалы 

болдым. Сайын қуанғаннан жер-көкке 

да осал емес» дейді. Мен оған: «Ол менің 

қасымнан қалмайтын гангістірім ғой!» деп 

күлдім.

Менің гангістірім сондай салмақты, 



жаны нәзік адам болып шықты. Менің 

достарымды ол да жақсы көрді. Ермұхан 

дейтін елдің алдында жүретін озат оқушы 

досым бар еді. Шешесі өліп, балалы-

шағалы үй жетім қалмағанда, ол бір 

ғылымның нағыз жұлдызына айналар еді. 

Оқуды бітірген бойда, өндіріске кетіп, 

жолы байланды. Ермұханның шешесі тым 

ерте дүние салды. Үйдің бар шаруасы кіп-

кішкентай, он екі жастағы Қантөренің мой-

нына түсті. Ол біз тоғыз оқығанда бесінші 

сыныпта оқитын. Қайырғали Смағұловтың 

мойнына галстук байлаған бүлдіршін қыз 

сол еді. Үш ағасы, әкесі, жетім қалған екі 

сіңлісі, бәрі жасы жетпеген Қантөренің 

мойнында болды. Сол шаруалардың 

бәріне шыдап, үлкен ағасы үйленгенше үй 

шаңырағын ұстап тұрды. Оқу бітірген соң 

дәрігерлік білім алды. Кейін мұғалім бол-

ды. Соған дейін шыдамы жеткен Қантөреге 

таңғаласың. Ермұханмен бірге жүріп, 

соның бәріне шыдас берген Сайынға 

неғып таңғалмассың. Бір жолы ауылдан 

келген Сайыннан Ермұханның жайын 

сұрасам, ол: «Қай Ермұханды сұрайсың? 

Менің қайнағамды ма?» деп ақсияды. 

Сөйтсе, Сайын Қантөремен бас қосыпты. 

Баяғы бала кезіндегі уәдесіне тұрыпты. 

Мұндай достыққа берік, махаббатқа адал 

жолдасым барына мақтанамын.

қабірін тауып, құрылыс салайын деп, тас 

түсіріп қойған екен. Жер түбінен келе 

жатқан бізді көріп, жүрегі жарыла қуанды. 

Сайын болашақ күмбездердің алғашқы 

кірпіштерін бізге қойғызды. Сол жазда екі 

күмбез көкке бой көтерді. 

Баянауылда құлап қалуға айналған 

Сұлтанмахмұт моласын көріп, кеткенмін. 

Сайлаушыларым қолғабыс жасаңыз деп 

тапсырған. Сол ойымды Сайынға айт-

қанмын. Ол Маңғыстаудан тас алдырып, 

екі ай ішінде атақты ақын басына көрнекті 

күмбез тұрғызып берді. 

А

йтпақшы, Ақтауда Қашаған 



ақынның туғанына 150 жыл 

толуына арналған той бол-

ды. Елдің үлкен-кіші зиялылары түгелге 

жуық қатысты. Солардың көзінше Сұл-

танмахмұтқа қойылған күмбез туралы ай-

тып, бұл бастаманы барша қазақ жерінде, 

ұлы тұлғалардың ескерусіз қалып бара 

жатқан өңірлерінде де тұрғызуға ұсыныс 

жасадым. Облыс әкімі қуаттап, қайдан 

ескерткіш салынса да барлық шаруаны 

көтеріп алуға уәде берді. 

Министр Қуаныш Сұлтанов бұл игі 

жұмысты бастасақ Абай басынан бастауға 

ақыл қосты. Сол бойда Сайын Назарбеков 

бұл жұмысты өзі атқарып шығуға уәде 

берді. Ол Семейге барып Шыңғыстаудағы 

Абай мен Оспанның, Шәкәрім мен оның 

баласының, Ділдә, Әйгерім, Ақылбайдың, 

Омархан мен Нұржамалдың, тобықтылар 

батыры Мамай мен Тоқтамыстың, 

сыймады. Балаға керектің бәрін тапты. 

Жатақханаларындағы ескі орындықтарды 

бұзып, бесік жасады. Асық жіліктен 

шүмек жасады. Бесікке салып, тыштырма 

жедік. Иткөйлегін тастайтын болдық. 

Иткөйлектің етегіне мамамның түйген 

ақшасы бар. Сайын иттің рөліне еніп 

көйлекті алып қаша жөнелсін. Қалған біраз 

ауыл жастары қуа жөнелсін. Сайын есіктен 

екі-үш секунд бұрын шығып баспалдақпен 

жоғары көтеріліп кетсін. Қуушылар далаға 

шығып оны таба алмай үйді бір-екі ай-

налып, қайтып келсе Сайын дастарқан 

басында шарап ішіп отыр. 

Анамыздың немерелі болғанына 

құтты болсын айтып, бір топ ақсақалдар 

келді. Қонақ болып, мәжіліс құрып отыр-

ды. Талай нәрселердің басы шалынды. 

Меймандар кеткен соң, Сайын алған 

әсерлерін айтты. «Билік берілсе, әлгі 

кісілер дүние мәселесін тәп-тәуір түзете 

алады екен. Бірақ соған ақылдары жет-

кенше, сабырлары жете алар ма екен?» 

деді. Күлдік те қойдық. Өмір, бірақ, 

тек күлкілі нәрселерден тұрмайды ғой. 

Отызға шыққанша бір жылдай қалғанда 

мені әскерге шақырды. Жігіттер болып 

жылап-сықтап шығарып салды. Екі жыл 

салақтап, елге оралғанымды естіген бір топ 

жігіттер сау ете түсті. Дастарқан басындағы 

қылықтары маған ұнамады. Баяғы мен 

кеткендегідей емес. Әңгімелері өзгерген. 

Ауыл арасының «жақсы-жаманын» ай-

налдыра береді. Әрқайсысы әр тарапқа 

тартады. Қит етсе, дауласа жөнеледі. Тіпті 

біреуі: «Офицер мырза, менімен жекпе-

жекке шығасың ба» деп дігірледі. Сағынып 

кездескенімде көрейін дегенім осы ма 

еді? Зорға шыдап отырдым. Әлгі улаған-

шулағандардан түн ауа әзер деп құтылдық. 

Сайын қайта-қайта тіземді басып отырды. 

Жұрт тарағасын: «мынандайлармен бірге 

жүргеннен сартылған солдаттардың өзі 

артық болар. Енді кім көрінгенді қасыңа 

жолатпа!»  деді.

Бір сәтті күні бірер жолдасыммен 

көшеге шықтым. «Аққу» паркінің іші 

еді. Қасымызға Мұқағали келіп қалды. 

Мені көріп: «Бауырым, аман-есен ауылға 

оралдың ба? Естігенде баратын едім. Кел, 

жуалық!» деп кафеге қарай жетеледі. Өзі 

шампан алып тарсылдатып ашып жа-

тыр. Көпіртіп құйып жатыр. Көңілденіп 

қалғаны көрініп тұр. «Одаққа барасың 

ғой. «Жұлдызға» соқ. Тахауилер жаңа 

жүрген. Мен қазір сонда істеймін» деп 

орнынан тұрды да, жүріп кетті. Сайыным 

тағы сұңқылдап қоя берді. «Мына ағамыз 

жұрттың айтып жүргеніндей емес. Келісі 

де, кетісі де ұнап отыр. Адам исі аңқып 

тұр ғой!». Тағы бірде театрға бардық. «Қан 

мен тер» екен. Қайтып келе жатып: «Қалай 

екен?» – дедім. Ол ойланбастан: «Егер 

ана бұрыштан осы қазір Қален, Еламан, 

Тәңірберген, Сүйеу қарт шыға келсе, 

мен бірден таныр едім, жүгіріп барып: 

«Ассалаумағалейкүм» деп амандасар едім» 

дейді.


Мен Сайынмен абайлап сөйлесетін 

болдым. Көңілі таразы. Көзі өткір.Нені 

ойласа да, дәл ұстайды. Құрылыстың 

оқуын қызыға оқыды. Қанша жыл қара 

жұмыс жасап келіп, математикасын 

жаңғақша шағады. Сызбаларға да жүйрік. 

Сабақтары да тамаша. Бір күні Сайын-

ның жатақханасына соқтық. Болашақ 

құрылысшылар. Шетінен сызу сызып 

жатыр. Мен біреуінің тарбиған-тарбиған 

дәу саусақтарына қарап: «Мынау сызу 

сызуға емес, тұмсық бұзуға лайық қол 

екен» дедім. Ол: «Сіздің досыңыздың қолы 

Сарқандықтар осы өңірден шыққан 

Бұғыбай батыр мен Шиырбай шешен, 

Құл сері, Көтентәуіп бабаларды орын-

ды мақтан етеді. Қасиетті топырақта 

дүниеге келген Алаштың айтулы азама-

ты Мұхаметжан Тынышпаев пен саз-

герлер Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рах-

мадиев, Күнсайын Қуатбаев, қаламгер 

Кәкімжан Қазыбаев, ғалым Мұхтар 

Арын, өнер тарландары Құман Тас-

танбеков пен Сара Тыныштығұлова, 

ақындар Әділбек Абайділданов пен 

Жаскілең Қалиев, балуандар Әбілсейіт 

Айханов пен Аманжол Бұғыбаев та 

бүкіл қазақ еліне танымал тұлғалар. «Гүл 

өскен жерге гүл өседі» дегендей, тарихы 

терең, әлеуеті ерен өңірден әлі де талай 

даңқты азаматтардың шығатыны анық.

Менің Сарқан ауданына әкім болып 

тағайындалғаныма бір жылдың жүзі бол-

ды. Мұның өзі бір қарағанда онша көп 

те уақыт емес секілді. Алайда салыстыр-

малы түрде алып қарағанда осы уақыт 

ішінде ауыз толтырып айтарлықтай оң 

өзгерістерге қол жеткізілгенін байқауға 

болады. Мәселен, өткен 2014 жылдың 

тоғыз айындағы көрсеткіштермен 

салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-

қыркүйек айларындағы өнеркәсіп өнімі 

көрсеткіші 20,7 млн. теңгеге, ауыл-

шаруашылығы өнімінің көлемі 640,4 

млн теңгеге көбейіп, шағын кәсіпкерлік 

субъектілері өндірген өнім көлемі 55 

млн теңгеге, шағын кәсіпкерлік бойын-

ша бюджетке салықтық аударымдар 

мөлшері 46,8 млн теңгеге артты. Бір 

мезгілде негізгі капиталға инвестиция-

лар мөлшері 288,3 пайызға ұлғайды.

Аудан мал бордақылау алаңдарын 

салудан кенжелеп қалған екен. Соған 

орай біз биылғы жылы осындай 3 алаңды 

іске қосқалы отырмыз. Мәселен, «Ма-

най би» агрошаруашылығы 1500 бас ірі 

қараға, «Дәуренбек» шаруа қожалығы 

500 басқа арналған осындай алаңдарды 

өз қаржысына салып, дайындық 

қалпына келтірді. «Мәкетов» шаруа 

қожалығы болса 200 басқа арналған 

мал бордақылау алаңын жақын арада 

іске қоспақшы. Ендігі мақсат – осы-

нау алаңдарды малға толтырып, толық 

қуатында жұмыс істету.

Сүтті сиырлар болғанымен ау-

данда сүт өндіретін ферма жоқ. Бұл 

мәселені шешу үшін «Қазагрофинанс» 

АҚ арқылы 70 млн теңгеге 100 басқа 

арналған тауарлы-сүт фермасын салуды 

қолға алдық. Бұл жұмыс биылғы жылы 

аяқталып, келесі жылдың көктемінде 

тауарлы-сүт фермасы жұмысын бастай-

ды деп күтілуде.

Ол тек адалдығына емес, мамандығына 

берген уәдесіне де кір түсірмеді. Тастан 

түйін түйген шебердің қолынан шыққан 

шәкірт институттан соң біраз уақыт өзі 

оқыған институтында ұстаздық етті. Со-

дан кейін Жаңаөзен қаласында құрылыс-

монтаж басқармасын басқарды. Әлденеше 

жылдан соң ол жұмысқа да көңілі толмай, 

Алматыға қайта оралды. Алматы құрылыс 

техникумында он жыл еңбек етті. 

Ылғи ізденісте жүретін Сайын қит етсе 

маған телефон соғатын. Ойлап жүрген 

жаңа істерінің жағдайын айтады. Бірде 

үйге жетіп келді. Қолында бір парақ қағаз. 

Қағазда біраз шумақ өлең. Сайын жасы 

елуге тақағанда өлең жаза бастапты. Ұстаз 

адам, студенттерінің диплом жұмысымен 

жүргенде Қантөренің туған күнін ұмытып 

кетеді. Алдарқатып гүл сатып апарайын 

десе қалтасында көк тиыны жоқ. Бір айла 

таппаса, қарауға бет жоқ. Жолда келе 

жатып, өлең шығарады. Өлеңін оқып 

Қантөреден кешірім алады. Кейін маған 

әкеліп оқытқан өлеңі сол екен. Өлеңі маған 

ұнады да мен оған: «Сен ақын екенсің 

ғой!» дедім. Жолдардың буын санындағы 

тепе-теңдіктері бұзылған тұстары бар екен. 

Бір парақ қағаз алып, өлең құрылысын 

түсіндіре бастадым. Сайын қағазды 

қалтасына салып алды. Бір айдан кейін бір 

дәптер өлең әкелді. 

Содан эссе. Содан әңгіме. Содан 

философиялық трактат. Содан пьеса. 

«Опера мен балет жаза алатыныңа шүбәм 

бар. Содан басқасы қолыңнан келеді екен» 

дедім бір жолы. Сайын қуанып тайып 

тұрды.

С

о д а н   к ө ң і л д е н е   б а с т а д ы . 



Құрылыс, мәдени мұра жайы-

на қалды. Баяғыдан бері шы-

ғармашылық рух іздеп, әр нәрсеге бір 

ауытқып жүр екен. Сол шақта денсаулығы 

сыр берді. Дәрігерге баруын көбейтті. 

Ақырында жаңа басталып келе жатқан өңеш 

рагы анықталды. Өзі сол баяғы күлкісінен 

танбайды. Қалғандарымыздың салымыз 

суға кетті. Мұндай дерттен жазылудың жо-

лын іздедік. Мен «Известия» газетінен ауыр 

дерттің емін тапқан тәжік емшісі туралы 

мақала оқыдым. Соны айтсам Сайыным 

сылқ-сылқ күледі. «Мен қате болмасын 

деп екі жерден өттім. Біреуі онкоинститут, 

екіншісі институт экспертимальді хирур-

гия. Екеуі де бір диагноз қойып берді. Мен 

енді тек қана операция жасатамын. Келісіп 

те қойдым» дейді.

Айтқанындай онкоинститутқа жатты. 

Біз палатасына кіріп шықтық. Сексеннен 

асып отырған Айсәуле анам: «Жарығым-

ау, саған не болды?» деп жылап жіберді. 

Сайын болса: «Қойыңыз Айеке! Аман 

болса екеуміз сіздің шөбереңіздің той-

ында отыратын боламыз» деп мәз болып 

күледі.


Біз теріс айналып жылап тұрмыз.

Айтпайтын, айтса айтқанынан қайт -

пай тын Сайынның мінезі. Уәделі уақы-

тында ота жасалды. Сол кезде Сайын ның 

әкесі де сырқат еді. Бала уайымы қосылып, 

о кісі бұ дүниеден өтіп кетті. Баласы тірі 

қалды. Бірақ ауру қайталана берді. Оған 

1989-шы, 1991-ші жылдар арасында Алма-

тыда екі рет, Москвада екі рет ота жасалды.

Сүйтіп жүріп елуге келді. Өткен өмір 

өтті, кетті. Қалған ғұмырды өз жүрегінің 

қалауымен өмір сүруге бел байлады. 

Қасына жалғыз ұлы Нұрланды ертіп, елге 

кетті. Артынан мен де бардым. Қаратөбе 

деген қауымда әлдеқашан жермен-жек-

сен болып кеткен Абыл ақын мен атақты 

көтеріліс басшысы Досан батырдың 

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» 

бағдар  ламаларын  жүзеге  асыру  бағы -

тында жоспарлап отырған жұмыс-

тарымыз да қомақты. Шаруа қожалық-

тарының басшыларына бұл бағдарла-

ма лардың мәнін түсіндіріп, жоспарда 

белгіленгеннен артық мөлшерде мал 

сатып алмақпыз.

Сарқан ауданы бойынша 30 мың 

гектарға жуық суармалы алқап бар. 

Осы алқаптың 21 мың гектарына осы 

уақытқа дейін соя дақылы өсіріліп 

келген екен. Біз биыл аталған дақыл 

егістіктерінің көлемін 1,5 мың гектарға 

азайттық. Оның өзіндік себебі де бар. 

Басты себеп, жылда еге беретін болса, 

соя егістік жердің құнарын жойып 

жібереді. Сондықтан оның орнына 

басқа тиімді дақылдар өсіру жайын ой-

ластырудамыз.

Е л б а с ы м ы з   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевтың тапсырмасына, соған 

орай облыс әкімі Амандық Баталовтың 

A

сқарларға шақырарасқақ мұрат



фестиваль өтті. Оған теңіз арқылы бар-

жалармен, қыр арқылы машиналармен 

маңғыстаулықтар үйлер апарып, жа-

пырайып жатқан қаланың сыртында 

әңгірдей, әңгірдей ақ боз үйлерді қаздай 

тізіп ойын-сауығын, алтыбақанын, мол 

дастарқанын, өнер мен спорттың барлық 

саласы бойынша жарысын ұйымдастырып 

жатты. Еңбек босқа кетпеді. Көптеген 

жарыстарда маңғыстаулықтар бірінші 

орынға иелік етті. Алматыда атыраулықтар 

талай жүлделерді қоржынға салды. Бәріне 

мұрындық болған жай құм арасында 

шашырап жатқан ұштағандықтар еді. 

Олардың бұл өрістеуіне сол кездегі орта 

мектеп мұғалімдері мен шәкірттерінің 

қосқан үлесі орасан зор болды. Ал Сайын 

мен Сайын сияқты алтын бармақтардың 

еңбегі айтып жеткізе алмайтындай көп 

еді. 


Біз Ұштағанда оқыған алғашқы 

көктемде бір күні Сайынды төсектен тап-

пай қалдық. Келесі күні тағы жоқ. Үшінші 

күнде келмеді. Төртінші күні... 

Айтпақшы, бұл күндері ауыл шетіне 

әуелі жүк әкеліп түсірілді. Екінші күні 

кереге жайылып үй тігілді. Үшінші күні 

үй маңындағы ыбырсып жатқан құрал-

саймандар жиналып, қосалқы күркеге 

апарылып қойылды. Оны күн сайын осы 

маңға келіп, ауыл шетіне түсіп жатқан 

үлкен құрылыстың аяқ алысынан байқап, 

соған тілектес болып жүрген біздер 

аңғармағанда, кім аңғарады?! Көшіп келіп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет