Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Меруерт оРыНБАйҚызы

бой көтергендігіне ризашылығын 

білдірді. Ардақты ақсақалдар Тұрсынхан 

Мұсаханов пен аудандық ардагерлер 

ұйымының төрағасы Қырғызбек Атагел-

диев ескерткіштің лентасын қиды.

Ауыл азаматы Руслан Кисебаев 

мәңгілік алаудың отын тұтатты. Гра-

нит тасқа қашалып аттары жазылған 57 

жауынгердің рухына Нұртай Әділқазы 

құран бағыштады. Осылайша Қазыбек 

бек ауылында соғыс ардагерлеріне 

арналған зәулім ескерткіш орнатылды. 

Енді өскелең жас ұрпақ аталарының 

ерлігін еске алып, гүл шоқтарын қоятын 

болады. «Ерлік – ел есінде» десек, Отаны 

мен жері, елі үшін жасалған ұлы ерліктің 

ұмытылмайтыны анық.

Ауыл әкімі Қайратхан  Баймолдаев 

шараның өз деңгейінде өтуіне аянбай 

атсалысқанын байқадық. Айтулы жиын-

ды мазмұнды жүргізіп, игілікті істің 

басында жүрген Балжан  Бал мұратова 

б а с т а ғ а н   а у ы л   ж а с т а р ы н а   д е г е н 

көпшіліктің ризашылығында шек жоқ.

Бұдан соң Нұртай Есболат, Мөлдір 

Худиярова бастаған өнерпаздар «Туған 

ел», «Әлия», «Көк тудың желбірегені» атты 

әнді қалықтата шырқап, көрерменнің 

ықыласына бөленді.



Т.МҰҚАғАЛИ

біртұтас, іргелі мемлекет болуы үшін қан 

төккен хас батыр бабаларымызды, ел 

басқарған дана билерімізді, ғұлама ше-

шен ойшылдарымызды еске алу, олардың 

ерлігін паш ету бүгінгі ұрпақтың қасиетті 

борышы. Халқымыз тәуелсіздік үшін мың 

өліп, мың тірілген.  Осыған орай ақын 

Кәкімбек Салықовтың:

Сұлу Көкше, өр Алатау арасы,

Бәрі тұтас қазағымның даласы.

Сонша жерді сойылменен қорғаған,

Бабаларым осал емес шамасы, – деген 

өлең жолдары кімді болмасын терең ойға 

қалдыратыны даусыз. Ел қорғаған, есімдері 

аңызға айналған батырларды, билерді 

жырлаған ақындар да аз емес.

Жетісудың батырлары, билері туралы өз 

заманында Жамбылдың ұстазы Сүйінбай да 

көп жыр толғаған. Сүйінбай, Жамбыл жыр-

ларында Майқы би, Төле би, Нарбота би, 

Сүттібай, Сұраншы, Сарыбай билердің ат-

тары жиі айтылады. Сүйекең сүйікті шәкірті 

Жамбылға ел рухын көтеретін би, батырлар 

жырын жырлауды аманат еткен.

Сүйінбай жырлаған әділ билер, батыр-

лар туралы дастандарды Жамбыл бабамыз 

одан әрі дамытып, толықтыра жалғастырды, 

ұстазына деген құрметін әрқашан алға са-

лып отырды:

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы, сұлу сөздері 

Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырап.

Қара дауыл құйындай, – деп жырлауы 

осыған дәлел.

Сүйінбай Аронұлынан естіп, құлаққа 

сіңісті болған, Қарасай батыр мен оның 

баһадүр ұрпақтары Қараш, Саурық, 

Сүттібай, Сұраншы батырлар, Нарбота, 

Сарыбай би туралы ең көп жырлаған Жам-

был бабамыз еді. Халық: «Екей ақындар елі, 

Есқожа батырлар елі» деп бекер айтпаған. 

Екейден шыққан Сүйінбай, Жамбыл 

бастаған арқалы ақындардың тақырыбы да 

негізінен осы елі үшін еңіреп туған ерлер 

мен билер еді. Есқожадан тараған Қарасай 

батырдың балалық шағынан бастап жауға 

атойлап шапқан, толарсақтан саз кешіп, ат 

ауыздығымен су ішкен сұрапыл күндерін 

түгел жыр өзегіне айналдырды, оның ізін 

басқан батыр, ұрпақтарын, әділ билерін 

жырлап тарихқа өшпес із қалдырған.

Билер мен батырлардың есімі атал ған 

жерде шапыраштының төбе биі Нарбота-

ның аты аталмай қалмайды. Нарбота би 

де Қарасай батырдың тікелей ұрпағы, 

Жарылғап бидің немересі. Жамбылдың 

«Сұраншы батыр» дастанында Нарбо-

та образы айрықша дараланды. Қоқан 

соғысында Нарбота би ерекше көзге түседі. 

Асқан ұйымдастырушылық  қабілетін 

танытады. Нарбота бидің ел басқарудағы, 

билік жұргізудегі шешендігі, тапқырлық 

қыры бүгінгі оқырманға беймәлім. 

Себебі  кешегі кеңестік таптық саясат, 

империялық идеология, тоталитарлық 

жүйе кезінде ел ішінен шыққан атақты 

билердің, батырлардың тағдыры  мен 

табиғи таланты туралы айту мүмкін емес  

еді. Осыған орай ақын-жыраулардың 

жырлаған толғаулары идеология елегінен 

өткізіліп, игі-жақсыларымыз шет қақпай 

көрді. Сондай күйді Нарбота да бастан 

кешірді. Елі, жұрты қасиеттеп, қадірлеген 

Нарбота би туралы жазылған хиссалар, 

тұтқасын берік ұстауды әдемі әзілмен 

жеткізіп отыр.

Нарбота би Ұлы жүз қазақтарының 

атақты билерімен бірге Қытай мен Ресей 

империясы арасындағы жер мәселесін, 

ішкі-сыртқы саясатты шешуге, шекаралық 

дауларды реттеуге батыл араласқан. 1840 

жылы Іле жағындағы Тереңөзек маңында 

шекараны бұзған үш мыңдай қытай 

әскерлеріне Нарбота би бастаған Жасақ 

күйрете соққы берген. Шапыраштының 

билері мен сұлтандарының Қапалдағы 

жиы нында Нарбота би, Сұраншы батырлар 

бей біт жолмен Ресей бодандығына өтуге 

келі сім  берген.

Осыдан көп ұзамай Нарбота биге 

сұлтан атағы беріліп, полковник шені 

қоса тапсырылды. Қапал келіссөзінен 

кейін орыс әкімдері шапырашты руының 

ең беделді азаматтары деп Нарбота 

мен Сұраншыны білген. 1860 жылдың 

28 қазанында генерал-губернатор 

Г.Колпаковский елдің беделді адамдары 

Нарбота мен Сұраншыға былай деп хат 

жазады: «Қоқандықтар бізбен соғысқалы 

келеді. Оның орыс әскерінің күшінен 

жеңілетіндігі сөзсіз. Жергілікті халықтың 

зорлықпен Қоқан хандығының қол астын-

да қалуы қынжыларлық жай. Оларға қарсы 

тұратын халдеріңіздің жоқ екендігін де 

біліп отырмын. Құрметті батыр-билер, 

қоқандықтардың ішінде болғандарыңыз 

үшін мен сіздерді айыптамаймын. Иә, жал-

пы жағдай солай болып тұрғаны түсінікті. 

Мұны кеше Шаян келіп түсіндірді. 

Сондықтан менің сіздерден сұрайтыным, 

Қоқанның ешқандай әрекетіне араласпай, 

тыныштықпен көшіп-қонып дегендей... 

шаруаларыңызды істей беріңіздер. Ан-

да-санда маған келіп жолыққандарыңыз 

жөн. Орыс өкіметі сіздерге ешқандай 

жаманшылық ойламайды» (Қазақстан Ре-

спубликасы Мемлекеттік архивы. Қор – 3, 

іс – 75, парақ – 34).

Осыдан кейін Нарбота, Сұраншы 

бастаған жұрт Қоқан иелігінен шығуға бел 

байлайды, соғыс күштерін біріктіреді, әскер 

басшыларына Сұраншы батырмен бірге 

Нарбота өзінің жалғыз ұлы Сүттібайды, 

Екейден Сарыбайды бекітеді. Нарбота, 

Сүттібай, Сұраншы, Сарыбайлар әділ 

билікті жүзеге асырып, ел ішін бүлдіретін 

ұры-қарыларға, барымташыларға өз 

уақытында тосқауыл қойып отырған. Билік 

жүргізгенде Майқы бидің, Төле би, Қаз 

дауыс ты Қазыбек, Әйтеке билердің халыққа 

кең тараған әділ-нақыл сөздерін, дәстүрлі 

билік жүргізудің тура ережелерін кеңінен 

қол данған.  Мысалы: 

Майқы би:

Алатау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Ханның биі ақылды болса,

Қара жерден кеме жүргізеді.

Би екеу болса, дау төртеу болады.

Дауыл болмай жауын болмас,

Екі жалқау ауыл болмас...

Аспан ашық болса,

Күн шуақты болады.

Хан әділ болса,

Халық ынтымақты болады.

Уәзіріне сырын алдырған хан,

Қақпанға түскен аң.

Ханы қарашасыз болмас,

Ұрыс арашасыз болмас.

Хан борышы жорыққа ту көтеру,

Сарбаз борышы туға еріп жан беру.

Әйтеке би:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады...

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда болса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,

Панасы жоқ, тұрақ жоқ.

Баласы жоқта, мият жоқ,

Бәрінен де сол қиын,

Түнде жанған шырақ жоқ,

Артта қалған тұяқ жоқ,

Шүкіршілік етіңіз! – деген ұлағатты 

сөздерін ел-жұртқа айтып, насихаттаған, 

дау-дамайларды қарап шешкенде де осы 

ұлылардың өсиетін басшылыққа алған. 

Нарботаның қарақылды қақ жарған 

шыншылдығының арқасында ел бірлігі 

сақталған. Өзіне туыс болып келе-

тін Бәйтелі, Қаумен, Дәулет руларына 

1860 жылдары Күнгей Алатауының етегі-

нен жақсы жерге қоныстануына да үлес 

қосқан. XIX ғасырдың 70-жылдары Қы-

тай дан Қордай жеріне арып-ашып жеткен 

Қарақоңыз дүнгендерінің жетекшісі Ма-

гүй қажымен достық қарым-қатынаста 

болғанда, оларды сол жерге мәңгілік 

қоныс тандыруға жәрдем еткен де Нарбота 

би болатын. Магүй қажының немересі 

Бұлар кейін ержетіп, ел басқарған батыр 

болып, Нарбота бидің немересі Бектастың 

қызы Қа  типаға үйленіп, екі ұлды, бір 

қызды бо  лып, екі ел арасындағы туыстық 

жалғасты. 

Романовтар әулетінің таққа отыруының 

300 жылдық салтанатына Бұлар батыр 

қатысқан. Оған Хорунжий атағы және 

алтынмен бедерленген былғары белдік 

сыйға тартылған. Бұлар батыр патша 

өкіметінің 1916 жылғы саясатына қарсы 

шығып, кезінде көтеріліс ұйымдастырған.  

Сол әрекеті үшін оны үш айға Верный 

түрмесіне де қамаған. Бұлар батыр 1924 

жылы 54 жасында көз жұмған. 

Нарбота би Екей, Есқожа рулары ара-

сындағы жер-су, жетім, жесір дауларын 

дер кезінде әділ шешіп, рулық қақты ғыс-

тарға жол бермеген. Көршілес қырғыз 

ағайын да рымен достық қатынас орнатуға 

үлес қо сып, екі ел арасындағы достықты 

ны ғай туға да Нарбота бабамыз үлкен еңбек 

сіңірген.

Нарбота тәуіпшілдік те жасаған. Оның 

жасаған емінен талай адамдар ауруынан 

жазылып кеткен. Нар бота шамамен 1795 

жылдары дүниеге келіп, 1870 жылдары ба-

ласы Сүттібай қоқан дықтар қолынан қаза 

болғаннан кейін, көп жылғы қайғының 

әсерінен Қас текте дүние салған. Атақты 

биді жерлеуге қазақ, қырғыздың белгілі 

адамдары қаты сып, 500 салт атты бейітіне 

топырақ салған.

Бейіті Қастек ішінде, Ботамойнақ 

асуын да. Нарбота бидің бейітіне зиярат 

етіп, түнеп, аруағын сыйлағандардың көбі 

өз мақсаттарына жеткен. 

Өз заманында Сүттібай Нарботаұлы, 

күн батыс Қастек, Сұраншы күншығыс 

кіреді. Бірақ үшеуі бірдей қоршауда 

қалады. Сол қоршау ішінен Сұраншы 

мен Сүттібай екі жақтап Сарыбайды елге 

аман барсын деп, биік дуалдан сыртқа 

лақтырып жібереді. Сарыбай батыр со-

дан бір аяғының сынғанына қарамастан 

жаудан сытылып шығып, ел-жұртына 

аман-сау жетеді, көп жыл бойы тозып 

кеткен елін біріктіріп, дүниеден өткенше 

Екей руының биі атанған. Сарыбай ба-

тыр сөзге шешен, дуалы ауызды, әділ би 

болған. Өз заманында патша өкіметінен 

де зор қолдау тауып, полковник әскери 

шенін алған. Жамбыл бабамыздың 

көп жырлаған батырларының бірі – 

Сұраншы. 

Сұраншы Ақымбекұлы 1815 жылы 

Верный уезі күншығыс Қастек болы-

сында дүниеге келген, Саурық батырдың 

ағайыны, Саурық Станбектің баласы. 

Станбек Ақымбек Кәшке батырдың 

ұрпағы. Жасынан арабша хат танып, зерек 

болып өскен Сұраншы ержете келе билікке 

араласып, Нарбота бидің тәлім-тәрбиесін 

көреді. Мырзабек, Кәшке руына би болып 

сайланады. Билік ету – ол дау-дамайды 

ғана шешу емес. Би елдің қорғаушысы, 

қамқоршысы, ыстығы мен суығына 

күйетін тірегі. Осыған орай Сұраншы 

жасынан-ақ елге шапқан шапқыншыларға, 

Қоқан әкімдерінің елдің ар-намысына 

тиетін өктемдік әрекеттеріне барынша 

тойтарыс беріп халықтың сүйіспеншілігіне 

бөленеді. Жасынан алғыр болып туған 

Сұраншы елді Қоқан шапқыншыларынан 

құтқарудың жолы Ресей патшалығымен 

одақ құруда деп түсінеді. Оған байланысты 

1846 жылдары ол Нарбота бимен бірге Ба-

тыс Сібірден Жетісуға қарай келе жатқан 

патша әскерінің алдынан бір топ адамды 

басқарып шығады. 

Генерал Вишневскийдің әскерін 

Іледен өткізуге жәрдем береді. Содан 

кейін ол патша әскерінен сенімді ада-

мы ретінде 1847 жылдан бастап Ресей 

әскерінің құрамына алынып, оған «пра-

порщик» деген шен беріледі. 1850 жылы 

штабскапитан Гутковскийдің, 1851 жылы 

полковник Крабышевтің отрядымен 

қоқандықтарға қарсы жойқын шабуыл 

жасауға әзірленеді. 1858 жылы Қоқан 

хандығының алым-салық, зекет, әскери 

салықтарына шыдамаған жергілікті халық 

Сұраншы, Сүттібайлардың басшылығымен 

көтеріліске шығады. Осы көтерілістен 

кейін Мерке, Шу, Анырақай маңындағы 

үлкен соғыстарда Сұраншы ерлігімен көзге 

түседі. 1859 жылы Сұраншы батыр бастаған 

қазақ жауынгерлері орыс әскерлерін 

Шу өзенінен өткізуге үлкен көмек 

береді. Пішпек, Әулие ата маңындағы 

географиялық жағдайларды барлауда зор 

еңбек сіңіреді. 

Кезінде бір рудың төбе биі Нар-

бота Сарыбайға өзін ажалдан аман 

сақтап қалған Сұран шы мен Сүттібай 

батырлардың сүйе гін Сайрамнан алып 

келіп, елге жерлеу ді тапсырады. Алайда 

Сарыбай бидің дүниеден ерте өтуіне бай-

ланысты Сұраншы мен Сүттібай батырдың 

денесі Сайрамда қалады. 



Арықбай АғыБАЕВ,

профессор, заң ғылымының докторы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алматы облысы 

Нарбота би

алдыңғы толқын ағалар

өшпес даңқ


10

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

11

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


Халықтың өзі баптаған...»

сөз мәйегі 

сұхБат


Имандылық Иірімдері 

– өтенай ауылы Талдықорған 

қаласы аумағындағы бірнеше елді мекенді 

қамтиды. Қазіргі уақытта мұнда қандай 

жұмыстар жүзеге асып жатыр? 

– Өтенай ауылы құрамына Еңбек, 

Мойнақ, Ынтымақ, Пригородный 

сынды елді мекендер кіреді. Жалпы 

12 мыңға жуық тұрғыны бар. Ауыл-

дарды өркендетуге жыл сайын өңір 

басшысының тапсырмасымен қала 

әкімдігі тарапынан көңіл бөлінуде. 

Осыған орай,  жыл санап мұндағы  

халыққа қажетті түйткілді түйіндер 

өз шешімін тауып, мектеп, ауруха-

на, балабақша, кітапхана, мәдениет 

үйі және спорт алаңдарын салу мен 

жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұған 

Елбасының   «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» атты халыққа Жолдауында 

атап көрсетілген «100 мектеп, 100 ауру-

хана», «Бизнестің жол картасы – 2020», 

«Балапан» бағдарламаларының  қосып 

отырған үлесі зор. Мәселен, өткен 

жылы Еңбек ауылынан 80 бүлдіршінге 

арналған шағын орталығы бар, 360 

орынды жаңа мектеп ғимараты бой 

көтерсе, Өтенай ауылынан  кезінде 

жекеменшікке өтіп кеткен бір ескі 

ғимарат мемлекет иелігіне қайтарылып, 

күрделі жөндеу жасалып 150 орынды  

жаңа балабақша  іске қосылды. Мойнақ 

және Еңбек ауылдарына таза ауызсу 

құбыры тартылып, қазіргі кезде әр 

үйге су енгізу жұмыстары жалғасуда.  

Бұған қоса, биыл Еңбек ауылындағы 

Мәдениет үйі ағымдық жөндеуден 

ө т к і з і л с е ,     « Ж а с т а р »   т ұ р ғ ы н   ү й 

алқабына электр жүйелерін орнату мен 

орталықтандырылған су құбыры және 

кәріз жүйесі жеткізілуде. Ал Өтенай 

ауылының орталығындағы Ұлы Отан 

соғысының ардагерлер саябағы толық 

абаттандырылып, Тұңғатов көшесінің 

жолы қайта жасалды. Байқоңыр, Абай 

көшелері мен Еңбек ауылындағы бір 

көше орташа жөндеуден өтіп, Мойнақ 

ауылына интернет жүйесі қосылды. 

Сонымен қатар ауылдарды күл-

қоқыстан тазарту мен арық-тоғандарды 

аршып, ағаш отырғызу жұмыстары 

қолға алынды.  Аумақты  жасылдан-

Алланың ризалығын алмаған,

Сұлтанға қызмет жасама.

Алла ақырет күнін таңдаған,

Адамның ісіне жасаған.

***

Алланың сөздері биік тұр бәрінен,



Ақиқат шындық бұл айтылған әріден.

Сол үшін күрессе кімде-кім берілмей,

Алланың жолында болғаны ерінбей.

***


Патша қылмыс жасады ма  біл мұны,

Көп күнәға батты ма, иман  біл мұны.

Қылмыс жасап қайтса өмірден 

мұсылман,

Жаназасын сен оқисың  біл мұны.

***


«Алла өзі жарылқайды» дей көрме,

Қол қусырып қарап отыр дей көрме.

Ойлашы өзің одан артық қылмыс жоқ,

Іздегенің өзі келер дей көрме.

***

Дін адамы жақсы болса ғанибет,



Қолымен де сөзімен де ғанибет.

Мінез-құлқы мейір болса жақсы адам,

Биіктеу боп көрінеді басқадан.

Абзалы сол тыйымды іске бармайды,

Нәпсі алдында тізе бүгу бар қайғы.

***


Жамандықты көзі шалса кімде-кім,

Оны қолмен түзеп өту міндетің.

Келмесе әлің өзгелер де білсінші,

Табалауға табылады бір сыншы,

Амалың не бұған шамаң болмаса,

Иманыңның әлсіздігі далбаса.

***

Жақсылықты жария ет үндей бер,



Сақтана біл, жамандықты жүндей бер.

Шындықты айт қандай қиын жағдайда,

Зұлым жанды ұрып отыр маңдайға.

***


Бір кешіңді арнай білсең халыққа,

Алла жолы шығарады жарыққа.

Оразаның мың күні һәм мың намаз

Оқығанға тұрады ғой тарықпа.

***

Алла жолы сапарында баяғы,



Кімде-кімнің шаңға батса аяғы.

Алла оны тозақ отқа салмайды,

Сабыр ғана сый құшағын арнайды. 

***


Мұсылмандар арасына жік салса,

Бұзығың сол, бөтен адам біз үшін.

Мұсылманның асыраса отбасын,

Алла оның кешіреді күнәсін.

***

Қастығыңа Алла қастық жасайды,



Солай оның әзірлейді жазасын.

Тыныштығын бұзса момын пенденің

Алла оның тартып алар мазасын.

***


Тәлім үйрет, тәрбиеле жетімді,

Бір күндері кәмелетке жетілді.

Бағаланар бағып-қаққан еңбегі,

Ол адамға ашық жұмақ есігі. 

***

Әр адам, әлем өзінше жаратылған,



Мінез-құлық, құдірет, қыр дара туған.

Алла үйретті қалайша ұстау керек,

Барлығы да Алланың тарапынан.

***


Бес уақ намаз табылдырығыңның 

түбінде


Ағып жатқан бұлақпен тең бүгінде.

Егер адам бес уақыт жуынса,

Онда титтей кір қалмайды санаңда,

Ешбір күнә қалдырмайды адамда.

***

Сатып тұрған затыңның 



кемшілігін жасырма,

Қаһарына Алланың ұшырайсын асырма.

Періштелер қарғайды бұл ісіңді ұнатпай,

Адам болсаң арыңды таза ұста құлатпай. 

***

Өмірден өтіп кетсе діндар адам,



Артында істер қалар кең тараған.

Өз білімін өзгеге үйретіпті,

Артынан көргенді ұрпақ сүйретіпті.

Біреуге Құранын да қалдырыпты,

Алла үшін арнап мешіт салдырыпты.

Су жеткізіп беріпті шөлді жерге,

Ғимарат тұрғызыпты кедейлерге

Өркен жайған Өтенай



Әр адам әлем, 

өзінше жаратылған...

(Мұхаммед Пайғамбардың өсиет хадистері ізімен)

дыру бағытында 500 түпке жуық көшет 

отырғызылып, жол бойындағы апат-

ты жағдайда тұрған ағаштар оталды. 

Өтенайдағы 7 көшеге 234 дана көше 

 атауы мен үй нөмірі жазылған анық та-

малар орнатылды. Мұндай игі шаралар 

атал мыш ауылдардың барлығында өз 

жал ғасын  табуда. 

– Ауылшаруашылығын өркендетіп, 

бәсекелестікті арттыру бағытында қолға 

алынып жатқан жоба-жоспарлар мен тың 

бастамалар туралы айтсаңыз? 

– Елбасы тапсырмасына сай, 

ауылдық елді мекендерді дамытудың 

2 0 1 4 - 2 0 1 8   ж ы л д а р ғ а   а р н а л ғ а н 

бағдарламасы аясында аумақта  мүйізді 

ірі қара өсіру жұмысы қолға алынбақ. 

Оған өткен жылы 7 гектар жер телімі 

бөлініп, «Ұлан» шаруа қожалығының 

еншісіне тиген болатын. Фирма 

құрылысы биылғы жыл соңына дейін 

толығымен аяқталып, қолданысқа 

беріледі. Бұл жоба толығымен іске 

қосылған сәтте ет, сүт өнімдерін 

өндіруге мол мүмкіндік беріп қана 

қоймай, көптеген адам жұмыспен 

қамтылмақ. Сондай-ақ «Жұмыспен 

қамту – 2020» бағдарламасының 

II-бағыты бойынша  ауылдық жер-

лерде кәсіпкерлікті дамытуға өтініш 

білдірген екі азаматқа 4,5 млн теңге  

көлемінде несие берілді. Сонымен бірге 

мал және егін шаруашылықтарымен 

шұғыл дану шыларға  тиесілі  арзан-

д а т ы л ғ а н   ж а н а р - ж а ғ а р м а й   м е н 

с у б с и д и я   д е р   к е з і н д е   б ө л і н д і . 

Мысалға, биылғы жылы өңірдегі 

41 шаруа қожалығына тұқым сеуіп, 

топырақтың құнарлылығын артты-

рып, өнімдерді баптап өсіруіне кеткен 

шығындарының құнын арзандатуға 7 

млн теңгеден астам үстемеақы төленді. 

Қорытып айтсақ, осының барлығы 

жұрт қамы үшін жасалып жатқан игі 

шаруалар. Бұл  жұмыстар жалғасын 

тауып, ауылдағы ағайындардың қажеті 

үшін өз септігімізді тигізе бермекпіз. 



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айдын КӘЛіМхАН

Көпке қайыр беріпті тірісінде,

Марқұмның кінәрат жоқ ірі ісінде.

***


Тілек айтса Алланың атыменен

Сұрағанын беріңіз затыменен.

Шақырған жеріне де қалмай барып,

Меселін қайтармаған ақыл екен.

Сізге тіреу жақсылық жасай қойса,

Алғысыңды білдіру мақұл екен.

Қолыңда беретұғын дәм болмаса,

Дұға жасау ізгіге дақыл екен.

***

Мүсәпірге қарызға ақша бергін



Сауып сүтін ішуге сиыр бергін.

Бағыт сілтеу жолынан адасқанға

Құлды азаптан құтқару емін-еркін.

***


Пара алған адам да,

Пара берген надан да.

Ортадағы делдал да

Қарғысы атсын Алланың.

 Бәрі отқа күйеді.

Имандылық, әділдік

Жоғалады ар-ұят,

Арсыздығы далпият.

***

Игілікті жасай біл,



Қолдап Құдай атымен.

Жылтырақ сый жалмайды,

Ілтипатты тұндай дәл.

Шын жүректен болмаса, 

Алла қабыл алмайды.

***


Екі адамның арасына от салма,

Сөзін  тасып шағыстырғыш боп қалма.

Мұсылманның баласын алдап 

зиян тигізбе,

Ұнамайтын іс жасап басқа пәле үйгізе!

***


Екіжүзді кісінің үш белгісі бар екен:

Аузын ашса көпіріп, айтатыны өтірік.

Уәдесінде тұрмайды өз сенімін өлтіріп

Тапсырмасын өзгенің аяқ асты етеді

Аманатқа қиянат жасауменен өтеді.

Жалған сөйлеп Құдайдың 

күнәсіне батады,

Екіжүзді сол үшін оның алған атағы.

***

Бес түрлі күнә тазармас:



Аллаға серік келтіру,

Жазықсыз жанды өлтіру

Араша түспеу діндарға

Қол ұшын бермеу мұң-зарға

Өзгенің үлесін құндарға.

***


Алла атымен ант етуге болады,

Бұдан басқа анттың түрі жүрмейді.

Ант дегенің күнә мен өкінуден тұрады,

Серт беруден сақтаныңыз құр, мейлі,

Әлдекімге теңеу күнә Алланы,

Ренжіту ата менен ананы.

Алла атымен көп Құдайға табынба

Ал адассаң ашылмайды бағың да.

***

Басқа түскен қайғыға бола біл төзімді,



Алланың бергеніне риза ет өзіңді.

Жамандық жасаған адамға кешу бер,

Кешірім сұраса шешу бер.

Бәле-жаладан аулақ боласын

Шыдамдылық жаса, төзімге толасың.

Ашуды ақылға жеңдірсең

Батыл адамсың мен білсем.

Қиянат келсе егер көршіден

Ашуға бұғау сал өршіген.

Істі сабырмен төзіммен атқару

Алланың ісі ғой бақ, дару. 

***


Сенімнің үздік белгісі – төзімділік,

Кешір жаттың күнәсін өзің біліп,

Қызғанышын бұзбасын иманыңды,

Кек сақтама кеудеңе тым үздігіп.

***

Адамдарға жасай бере қиындық,



Сырттай ғайбат сөздер айта құйын ғып,

Қаһарына ұшырайсын Алланың,

Ойың арам, айла болса күйіңді ұқ.

***


Ішіңдегі зұлым ыдыс-асқазан,

Толтырудан болмайды онда басқа заң.

Тән саулыққа азғантай ас жетеді

Артылам деп ойлап жүрме басқадан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет