Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата03.03.2017
өлшемі5,31 Mb.
#6163
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Түйін
Мақалада  АҚШ-тың  Қызметкермен  басқару  жөніндегі  кеңсе  мысалында  (ОРМ)  жоғарғы  буынның
бас қарушылардың  кәсіби  құзіреттерін  дамыту  бойынша  (SES)  АҚШ  тәжірибелері  қарастырылған.  Бас-
қарушылардың  28  көшбасшы  құзіреттерінің  тізімі,  сонымен  қатар  Басқарушылардың  біліктілігін  арттыру
федералды  институтында  (FEI)  басқарушыларды  оқыту  уақытында  оларды  дамыту  тәсілдері  келтірілген.
Құзіреттер  федералды  үкімет  негізінде  басқарушыларды  басқару  мен  бақылаудың  барлық  деңгейлеріне
қолданылады.  Түрлі  құзіреттер  тиімді  жүзеге  асырылуы  үшін  шешуге  мәнге  ие  болатын  дәреже  көш-
басшылықтың  нақты  рөлдері  мен  орындалатын  жұмыстың  сипатымен  байланысқан.  1991  жылы  Құрама
Штаттардың  қызметкерімен  басқару  жөніндегі  кеңсе  (ОРМ)  мен  Кадрлық  ресурстарды  дамыту  орталығы
(PRDS) басшылар, менеджерлер және қадағалау органдардың қызметін тиімді жүзеге асыру үшін маңызды
мәнге ие болатын жеке және ұйымдық құзіреттерді анықтады және бекітті. Одан кейінгі жылдары, PRDC
бастапқы үлгісін қайта қалпына келтіру және жаңарту үшін бірқатар жобаларды іске асырды. Бұл жобалар
кең бенчмаркинг, зерттеу және ынтымақтастықты енгізді. Зерттеулер жеке сектордың жетекші компаниялары
пайдаланатын  құзыреттілік  модельдері  бейнесін  қосты.  Нәтижесінде,  барлық  мәліметтер  жиналған  және
PRDC-те талданған, басшылықтың қызметінің тиімділігі қосымша құзіреттерін қосу мақсатымен 1997 жылы
қайта қаралған. Сонымен қатар талдау барлық деректерді тиімді басшылығының арқылы қосымша сарапта-
ма  қамтиды  1997  жылы  қайта  қаралған  болатын.  Сонымен  қатар,  олардың  кейбіреулері  жұмыс  орнында
жаңа стратегиялық, ұзақ мерзімді талаптарын көрсету үшін өзгертілген. Бұл құзыреттер осындай көзқарас,
құндылықтар, мінез-құлық пен ойлау ретінде мінез-құлық пен ойлау ретінде көшбасшы үшін қажетті басқа
да көптеген сипаттамаларын қамту мақсатында білім, икем мен дағдылар шеңберінен шығып кетеді. Мақа-
ладағы келтірілген талдау ерекше қызығшылықты тудырады, себебі автор АҚШ-тың қызметкерімен басқару
кеңсесінде және Басқарушылардың біліктілігін арттыру федералдық интитутында тағылымдамадан өтті.
Резюме
В  статье  рассмотрен  опыт  США  по  развитию  профессиональных  компетенций  управленцев  высшего
звена  (SES)  на  примере  Офиса  по  управлению  персоналом  США  (OPM).  Приведен  список  28  лидерских
компетенций управленцев, а также методы их развития во время обучения управленцев в Федеральном инс-
титуте повышения квалификации управленцев (FEI). Компетенции применяются ко всем уровням контроля и
управления управленцев в рамках федерального правительства. Степень, в которой различные компетенции
имеют решающее значение для эффективного осуществления, непосредственно связаны с определенными
ролями лидерства и характера выполняемой работы. В 1991 г. Офис по управлению персоналом Соединен-
ных Штатов (OPM) и Центр развития кадровых ресурсов (PRDC) выявили и утвердили индивидуальные и
организационные компетенции, которые имеют важное значение для эффективного осуществления деятель-
ности надзорных органов, менеджеров и руководителей. В последующие годы PRDC осуществил несколько
проектов, чтобы восстановить и обновить оригинальную модель. Эти проекты включали в себя обширный
бенчмаркинг, исследования и сотрудничество. Исследования включали обзор моделей компетенций, исполь-
зуемых ведущими компаниями частного сектора. В результате все данные были собраны и проанализированы
в PRDC, эффективность деятельности руководства была пересмотрена в 1997 г. с целью включения дополни-
тельных компетенций. Кроме того, некоторые из них были изменены, чтобы отразить новые стратегические,
перспективные требования на рабочем месте. Эти компетенции выходят за рамки знаний, умений и навыков
в целях включения многих других характеристик, необходимых для лидера, таких, как отношения, ценности,
модели поведения и мышления. Анализ, проведенный в статье, вызывает особый интерес, поскольку автор
проходил стажировку в Офисе по управлению персоналом США и Федеральном институте повышения ква-
лификации управленцев.

246
ОБРАЗОВАНИЕ  И  ОБУчЕНИЕ: 
МЕТОДОЛОГИя,  ТЕОРИя,  ТЕХНОЛОГИя
ӘОЖ 336.057.87
А.Д. УМБИТАЛИЕВ.
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті,
э.ғ.д., профессор
БІЛІМ  БЕРУ  ҚЫЗМЕТТЕРІ  НАРЫҒЫНА  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ИНТЕГРАцИяЛЫҚ  үРДІСТЕРДІҢ  ӘСЕРІН  ТАЛДАУ
Мақалада білім беру қызметтері нарығына халықаралық интеграциялық үрдістердің әсер ететін жағдай-
лар жан-жақты ашылды. Зерттеудің басты мәселесі болып қазіргі таңда жоғары білім беру сферасында әлем-
дегі озық технологиялырды қолданудың тиімді әдістердін меңгеру және отандық тәжірибені ескере оты рып
ұсыныстарды  жасау.  Қазақстанның  нарықтық  экономикадағы  дамуы  қоғамның  әлеуметтік-эконо микалық
жағдайына өзгерістер әкелуде. Аталған жағдайда қалыптасқан еңбек нарығы қызмет ету ерекшеліктерімен,
ішкі және сыртқы байланыстарының күрделілігімен ерекшелене отырып, ғылыми түрдегі талдауды қажет
етеді.  Халықаралық  тәжірибе  балалық  шақтан  ересек  жасқа  дейін  адами  капиталға,  атап  айтқанда  білім
беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. Адами
капиталға  бөлінетін  инвестициялар  жылдам  өзгеретін  әлемде  бейімделе  алатын  техникалық  прогрессивті,
өнімді  жұмыс  күшін  құру  үшін  аса  қажет.  Болашақтың  табысты  экономикасы  білім  беруіне,  халықтың
дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын
көптеген  дәлелдер  бар,  табыстың  және  өнімділіктің  арасында  тығыз  байланыстың  бар  екенін  дәлелдеп
отыр.  Қоғамдағы  экономикалық  жүйенің  радикалды  қайта  құрылуы,  яғни  еңбек  нарығының  қалыптасуы
мен дамуының жаңаша сипаты, жұмыс күшінің сапасы мен дайындау деңгейіне талаптардың өзгеруі адами
ресурстардың  ұдайы  өндірістік  жүйесінің  негізгі  буыны  ретінде  білім  беру  жүйесін  реформалауды  қажет
етеді.  Сонымен  қатар  мақалада  ҚР  жоғары  білім  беру  саласына  SWOT-талдау  жүргізіліп,  зерттелінген
объектінің  күшті,  әлсіз  жақтары  мен  мүмкіндіктері  және  қауіптері  қарастырылды.  Жалпы  зерттеу  қазіргі
заманғы жағдайда адами капиталдың өркендеуі мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуына
білім беру нарығының рөлін ашуға мүмкіндік берді.
Тірек сөздер: білім жүйесі, мамандарды дайындау, халықаралық интеграция, адам ресурстары, жоғары
оқу орындары, білім беру қызметтері.
Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрдісіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістерде бәсеке-
ге  қабілетті  болу  үшін,  Қазақстанның  білім  беру  бағыттары  мен  саясаты  қайта  қарастыры-
лып, университеттерде шетел тәжірибелері қарқынды қолданылуда.
Қазақстан  Республикасында  2011–2020  жылдарда  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік
бағдарламасында, «білім берудің қазақстандық жүйесі, жаһандық бәселекестіктен көріну үшін
білім  беру  мазмұны  және  технологиясы  саласында  озық  әлемдік  тәжірибелерді  қолдануды,
жаңашыл біріктірілген ғылыми – білім беру құрылымдарды жасауды, білім беру қызметтерін де
халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етуіміз керек» – деп білімдегі басымдық-
тар анықталған [1].
Халықаралық білім кеңістігіне бетбұрыс жасаудың басты мақсаты – әлемдік стандарттар-
мен  сәйкес  болатын  қазақстандық  білім  сапасын  қалыптастыру,  нарық  қоғамында  оның
бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру.
ҚР білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін
озық мемлекеттердің бірнеше ғасырлық тарихы бар озық тәжірибелерін жан-жақты талдауды,
оны бейімдеп тәжірибеге ендіруді қажет етеді.
Қазақстанның нарықтық экономикадағы дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағ-
дайына  өзгерістер  әкелуде.  Аталған  жағдайда  қалыптасқан  еңбек  нарығы  қызмет  ету  ерек-
шеліктерімен,  ішкі  және  сыртқы  байланыстарының  күрделілігімен  ерекшелене  отырып,  ғы-
лыми  түрдегі  талдауды  қажет  етеді.  Еңбек  нарығы  мен  білімдік  қызмет  көрсету  нарығын
зерттеудің  әдіснамалық  негізі,  оның  концептуалдық  негіздерінің  мағынасы  бұл  көпсалалы
әлеуметтік-экономикалық жүйенің теориялық негізін ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар

247
ғылыми тұрғыдағы бірқатар мәселелерді шешуді, яғни соның ішінде еңбек нарығы мен білімдік
қызмет көрсету нарығын реттеу тиімділігін арттыру сияқты экономикалық тұрғыдағы маңыз-
ды мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Қоғамдағы экономикалық жүйенің радикалды қайта құрылуы, яғни еңбек нарығының қа-
лыптасуы  мен  дамуының  жаңаша  сипаты,  жұмыс  күшінің  сапасы  мен  дайындау  деңгейіне
талаптардың  өзгеруі  адами  ресурстардың  ұдайы  өндірістік  жүйесінің  негізгі  буыны  ретінде
білім беру жүйесін реформалауды қажет етеді.
Мемлекет  басшысы  жуырдағы  Қазақстан  халқына  жолдауында  отандық  білім  жүйесін
бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өрісі білім нәрімен сусын-
дағанда  ғана  өсетінін,  білім  сапасын  халықаралық  дәрежеге  көтеру  мен  әлемдік  білім
тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін қадап айтты [2].
Білім беру қызметтері нарығының және оның институттарының қалыптасуының заманға
сай даму қарқынының жоғарылығы жаңа әлеуметтік-экономикалық талаптарға сай оқу орын-
дарының  қызметтерін  бейімдеуді,  тұтынушылар  сұранысын  ескере  отырып  білімдік  қызмет
көрсету сапасын арттыру үрдістерін зерттеу және жетілдіру қажеттілігін сипаттайды.
Еңбек  нарығы  мен  білім  беру  нарықтарының  институттары  өзара  әрекет  ету  қызмет-
терінің  тәжірибесін  жинақтаумен  шектеледі,  сондықтан  Қазақстан  экономикасының  нақ-
ты  жағдайларына  сәйкес  еңбек  нарығы  мен  білімдік  қызмет  көрсету  нарығының  өзара  бай-
ланысының  механизмдерін  және  өзара  әрекетін  реттеу  бағдарламаларын  жетілдіруді  қажет
етеді.
Жұмыскерлердің зияткерлік деңгейі мен өндірістік күшін арттырудың маңызды факторы
бола отырып, білімдік қызмет көрсету нарығы халықтың білім беру үрдісін ынталандыра оты-
рып  еңбек  нарығына  бейімдейді.  Соңғысы  білім  беру  қызметінің  саны  мен  сапасына  әлеу-
меттік тапсырысты анықтай отырып, білім беру нарығына әсер етеді. Сәйкесінше отандық эко-
номикалық  ғылымда  жеткіліксіз  дамып  отырған  аталған  нарықтардың  өзара  байланысының
әдіснамалық  негізін  анықтау  міндеттерінің  және  оның  өзара  әрекетін  реттеу  мәселелерінің
өзектілігін арттыра түседі.
ХХІ ғасырда дамыған елдер адам ресурстарын дамытуды басты мақсаттардың бірі ретінде
қарастыруда. Рухани бай және жетілген қоғам құру үшін ең алдымен білім жүйесін дамыту
қажет.  Осы  мақсатта  көптеген  елдерде  жүргізілген  білім  реформаларының  өзіндік  тарихи
аспектілері мен ерекшеліктері бар.
Америкада білім беру жөнінде екі түрлі мақсат алға қойылған, сол екеуінің арасында қа-
шаннан бәсеке бар. Бірінші мақсат – жалпыға бірдей және тең түрде білім беру болып табылса,
екіншісіне – қатаң іріктеп алу жолымен білім беру жатады, яғни бұл академиялық және ғылыми
элита даярлауға бағытталған. Бірінші АҚШ-тықтардың ойынша, жалпы білім беруді жетілдіру-
ге көп күш пен қаржы бөлу керек, екінші ғылыми зерттеулер саласындағы АҚШ позициясын
нығайта түсу қажет деп санайды.
Германияда білім реформасы әр он жыл сайын жүргізіліп отырады. Германияда білімнің
сапалы болуы ондағы жүргізілген білім реформаларының нәтижесі болып табылады.
Ұлыбританияның білім жүйесінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Олар білім реформасын
жүргізуде жетістіктерге жету үшін бірнеше міндеттерді алға қойды: міндетті білімнің көлемін
қысқарту,  оқытушылардың  білігін  көтерудің  жүйесін  жетілдіру,  білім  беруді  басқару  мен
мамандарды даярлаудың бір ортаға шоғырлануы, білімге қаржының көп бөлінуі, мектеп ісінің
дамуына қоғамның үлес қосуы т.б.
Бұл  аталған  мемлекеттердің  барлығының  білім  жүйесінің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бі-
рақ,  барлық  дамыған  мемлекеттердің  арасында  Жапонияның  білім  жүйесі  ерекше.  Жапон
елінің білім жүйесі батыстық үлгіде жасалғанымен, нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше
батыстық педагогиканы ұлттық педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол
жеткізді. Сондықтан да Жапон елінің білім реформасы бірнеше рет өзгерді. Әр реформаның
нақты  өзіндік  тарихи  аспектілері  бар.  Себебі,  жапондардың  тарихы  мен  ұлттық-әлеуметтік
құндылықтары шетелдік үлгілерді игеруге кедергі келтірді. Жапондықтар ең алдымен өздерінің
ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды. Олар қашан да білімге құштарлықпен танылған
ұлт, ондағы білім жүйесі оқушылар бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып,
ұлттық сипаттағы қасиеттерді дамытады.

248
Болон процесі соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып келе жатқан интег-
рациялық үрдістердің айқын көрінісі болып табылады. Еуропада біртіндеп бірегейленіп келеді:
ортақ  экономикалық  кеңістік  құрылды,  шекаралар  ашылды,  бірегей  валюта  енгізілді,  ортақ
еуропалық  еңбек  нарығы  қалыптастырылды.  Бұл  жағдайларда  жоғары  білім  жүйесінің  ала-
құлалығы,  берілетін  біліктіліктердің  сәйкессіздігі  жоғары  білікті  жұмыс  күшінің  ұтқырлы-
ғын тежейді.
Болон декларациясы мәтінінде интеграциялық үдерістің алты негізгі мақсаты тұжы рым-
далған.
1.  Жеңіл түсінілетін және салыстырмалы деңгейлер жүйесін қабылдау.
2.  Деңгейге  дейінгі  (undergraduate)  және  деңгейден  кейінгі  (graduate)  –  екі  циклге  не-
гізделген жүйені қабылдау.
3.  Кең ауқымды студенттік ұтқырлықты қолдаудың тиісті құралы ретінде ECTS – еуропа-
лық кредитті трансферлеу жүйесі – үлгісі бойынша кредиттер жүйесін енгізу.
4.  Еркін  қозғалысты  тиімді  жүзеге  асыруда  кедергілерді  артқа  тастау  жолымен  ұтқыр-
лыққа көмектесу.
5.  Салыстырмалы  критерийлер  және  әдіснамаларды  әзірлеу  мақсатында,  білім  беру  са-
пасын қамтамасыз етуде еуропалық әріптестікке көмектесу.
6.  Жоғары  білімдегі  қажетті  еуропалық  көзқарастарға  көмек  көрсету,  әсіресе  оқу  жос-
парларын дамытуға, институт аралық әріптестікке, ұтқырлық сызбаларына, бірлескен оқыту
бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерді өткізуге және тәжірибелік дайындалуға көмектесу [3].
Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың
нәтижесіне байланысты. Еліміздегі білім беру саласында мәселелер өте көп. Мәселен, мұ ға-
лімнің  білімсіздігі,  оқулықтар  мәселесі,  басшылардың  жүгенсіздігі,  оқушылардың  тәрбиесі,
«бармақ  басты,  көз  қысты»  әрекеттер,  тағысын  тағы.  Бұлардың  барлығы  елдегі  білім  сапа-
сыздығын арттыратын факторлар саналады. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені,
бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайтыны тағы белгілі.
Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл
бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.
Кез келген ұйымның, атап айтқанда білім беру мекемелері нәтижелерінің сапасы оның сәт-
ті әрекет етуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қызығушылық танытқан бар-
лық жақтардың талаптарын қанағаттандыратын сапаның қажет деңгейіне құрылған, енгізілген
және сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің көмегімен жетуге болады [4].
Алайда  көптеген  жоғары  оқу  орындарының,  атап  айтқанда  мемлекеттік  және  рейтінгі
жоғары жоғары оқу орындарының басшылығы үшін сапа менеджменті саласында қызметтерді
қалыптастыру  қажеттігі  көбінде  мойындалмауда  әрі  сол  жұмыстың  алғашқы  қадамдары  тек
шығынды көздейді. Сапа менеджменті жүйесін қалыптастыруға ынталандыратын ешбір сырт-
қы себеп те жағдай да жоқ. Қаржыландыру жоғары оқу орындары іс -әрекеттерінің нәтижелері-
не тәуелді емес, бітірушілерді еңбекпен қамтамасыз етуге тікелей жауапкершілік жоқ, олардың
мансабын арттыруының кері байланысы да жоқ. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары
үшін еңбек нарығы мен білім беру қызметтеріндегі бәсекелестік қорқыныш тудырмайды.
Талдау нәтижесінде жоғары оқу орны іс-әрекетіндегі проблемалыжағдайларды, жетістік-
тер мен кемшіліктерді анықтай отырып, үрдістерді оңалту мүмкіндіктері SWOT-талдау ретінде
көрсетілген (кесте 1, б. 250).
Зерттеу  мәселесі  күрделі  болғандықтан,  оның  барлық  салаларын  жеткілікті  дәрежеде
қамту  мүмкін  емес,  сондықтан  қарастырылып  отырған  мәселе  толығымен  шешімін  тапты
деуге болмайды. Келешекте, білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері, ақпараттық-технологиялық
құралдарды пайдалану және т.б. мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.
Қазіргі заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып табылатын еңбек
өнімділігі экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы
тиіс, ал мемлекет осы ресурстың дамуына үлес қосып келеді.
Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру,
қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізуге
негіз болып табылады.

249
Кесте 1 – ҚР жоғары білім беру саласын SWOT-талдау
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
- негізгі білім беру деңгейінің мықтылығы;
- кадрлық әлеуеттің жаратылыстану пәндерінің
циклі бойынша сапасының жоғарылығы;
- оқу үрдісінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін
пайдалану;
- ғылыми үрдіске жастарды тарту
- техникалық мамандықтардың материалды
базасының жетімсіздігі;
- бітірушілердің менеджмент мәселелерінен
даярлығының жетімсіз деңгейі;
- мамандардың тәжірибеде әлсіз даярлығы;
- оқытушылар құрамының орта жасының
жоғарылығы
Мүмкіндіктері
Қауіп-қатерлері
- халықаралық білім беру кеңістігінде дамыған
елдердің қатарына ену;
- мамандарды даярлау үшін өндірістің әлеуетін
пайдалану;
- материалды базаны нығайту үшін өндірістік
байланыстарды кең ауқымда пайдалану
- дарынды жастардың жоғары оқу орнында қалу
уәждемесінің болмауы;
- еңбек нарығын маркентингті зерттеу жүйесінің
болмауы;
- жоғары оқу орнындағы мамандықтар тізімінің
нарықта тапшы мамандықтармен ауытқуы
Ескертпе – Автормен құрастырылған.
2015 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады және Қазақстанның білім беру жүйесі құрылы-
мы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері бойынша дамыған елдер моделіне сәйкес
келетін болады. Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан кө ш-
басшылық орындарға шығады [5].
Қорыта келе, 2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық
ин дикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады
жә не білім беру қызметтері нарығына халықаралық интеграциялық үрдістердің әсері анық бай-
қалады деп айта аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Қазақстан  Республикасында  2011–2020  жылдарда  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағ-
дарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. – Астана, 2010.
2  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылы 17 қантардағы «Қазақстан
жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы.
3  Ахметова Г.К., Мынбаева А.К. Коммюнике Болонского процесса: реализация реформ высшего
образования  в  Казахстане  //  Совершенствование  качества  высшего  образования  в  свете  Болонского
процесса. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – C. 17–26.
4  Saunders D. Peer tutoring in higher education // Studies in Higher Educarion. – 1992. – № 17. – P. 211–
21.
5  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына
Жолдауы:  «Қазақстан–2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты».  –  Астана,
2012. – 14 желтоқсан.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  Қazaқstan Respublikasynda 2011–2020 zhyldarda bіlіm berudі damytudyң memlekettіk baғdarlamasy.
Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің Zharlyғy. – Astana, 2010.
2  Қazaқstan  Respublikasynyң  Prezidentі  N.  Nazarbaevtyң  2014  zhyly  17  қantardaғy  «Қazaқstan
zholy–2050: bіr maқsat, bіr mүdde, bіr bolashaқ» atty Қazaқstan halқyna zholdauy.
3  Ahmetova  G.K.,  Mynbaeva  A.K.  Kommjunike  Bolonskogo  processa:  realizacija  reform  vysshego
obrazovanija  v  Kazahstane  //  Sovershenstvovanie  kachestva  vysshego  obrazovanija  v  svete  Bolonskogo
processa. – Almaty: Қazaқ universitetі, 2009. – C. 17–26.
4  Saunders D. Peer tutoring in higher education // Studies in Higher Educarion. – 1992. – № 17. – P. 211–
21.
5  Қazaқstan  Respublikasynyң  Prezidentі  –  Elbasy  N.Ә.  Nazarbaevtyң  Қazaқstan  halқyna  Zholdauy:
«Қazaқstan–2050» strategijasy қalyptasқan memlekettің zhaңa sajasi baғyty». – Astana, 2012. – 14 zheltoқsan.

250
Резюме 
В статье раскрываются основные аспекты процессов международной интеграции, влияющих на рынок
образовательных услуг. В качестве основной проблемы исследования поднимаются вопросы использования
передовых мировых технологий в области образования в современных условиях и даются предложения с
учетом отечественного опыта. Развитие рыночной экономики в Казахстане влечет за собой изменения в со-
циально-экономической обстановке в обществе. В этих условиях сформировавшийся рынок труда характери-
зуется особенностями предоставления услуг, сложностью внешних и внутренних связей и требует глубокого
научного анализа. Международная практика доказывает, что инвестиции, вложенные в человеческий капитал,
могут принести существенный эффект для экономики и общества в целом. Инвестиции, вложенные в челове-
ческий капитал, важны для формирования продуктивной и прогрессивной рабочей силы, способной быстро
реагировать на мировые тенденции. В будущем высокопродуктивная экономика должна опираться на зна-
ния, умения и способности людей. Существует множество доказательств взаимосвязи между образованием
и экономическим ростом, что позволяет наблюдать прямую связь между обучением, доходностью и произ-
водительностью. Радикальная перестройка экономической системы в обществе, в том числе новые подходы
к формированию и развитию рынка труда, требуют кардинальных реформ как в сфере подготовки рабочей
силы, так и с точки зрения новых требований к человеческим ресурсам как основного звена производтсвен-
ной системы. В этой связи в работе осуществлен SWOT-анализ системы высшего образования в Казахстане
и показаны как сильные, так и слабые стороны данной системы, а также возможности дальнейшего роста.
В целом исследование позволило раскрыть роль рынка образовательных услуг как основу для дальнейшего
процветания и конкурентоспособности человеческого капитала на длительный период.
Resume
The article shows the main aspects of processes of the international integration affecting the market of education
services. The main problem of research questions are the use of the advanced world technologies in the field of
education in modern conditions and some offers taking into account domestic experience are given. The development
of market economy in Kazakhstan involves changes in a social and economic situation in society. The labor market
developed  under  these  conditions,  is  characterized  by  features  of  provided  services,  the  complexity  of  internal
and  external  communications  and  requires  in-depth  scientific  analysis.The  international  practice  proves  that  the
investments enclosed into the human capital can bring essential effect for economy and society in general. There
are a number of proofs showing the interrelation between education and economic growth and they allow to observe
direct link between training and productivity. Radical reorganization of economic system in society, including new
approaches to formation and development of labor market, cardinal reforms in the sphere of training future workers,
and from the point view of new requirements to human resources as main link of production system. In this regard the
SWOT analysis of system of the higher education in Kazakhstan is carried out and both strengthes and weaknesses
of this system are shown, and possibilities of further growth are offered. In general the research allowed to reveal a
role of the market of educational services as a basis for further prosperity and competitiveness of the human capital
for the long period.

251
УДК 378.1:339.138

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет