Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата03.03.2017
өлшемі5,31 Mb.
#6163
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

А.Н. САХАНОВА.
Абылай хан ат. «ҚазХҚжӘТУ» АҚ, э.ғ.д.,
стратегиялық даму жөніндегі проректоры.
Д.А. ҚҰНАНБАЕВА.
Абылай хан ат. «ҚазХҚжӘТУ» АҚ,
э.ғ.д., доценті
ЖОҒАРҒЫ  ОҚУ  ОРНЫНЫҢ  БӘСЕкЕЛЕСТІк  ОРТАДА 
БІЛІМ  БЕРУ  ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ  БАҒАСЫ
Баға құралымы жоғарғы оқу орнының стратегиялық мақсаттарының тұжырымдамалық көрінісі болып
табылады.  Қазақстанның  жоғарғы  оқу  орындарының  баға  саясаты  әзірше  халықтың  төлем  қабілетінен
шындығынан  алыстау,  және  әдетте  икемділігімен  ерекшеленбейді.  Абылай  хан  атындағы  ҚазХҚжӘТУ
стратегиялық даму және мониторинг басқармасы университеттің баға саясатын құрастыру бойынша жүйелі
зерттеулер  жүргізеді.  Бағалы  саясатта  үрдістер  ерекшеленді  және  білімді  әр  түрлі  тұрғыдан  сипаттайтын
стратегиялар ұсынылды: ренталық құрамдас бөліктің негізінде баға белгілеу; икемді баға; беделдік бағасы.
Білім  беру  қызметін  алудың  кейбір  жолдарын  пайдалану  кезіндегі  тәуекелдік  деңгейін  бағалау  жүргізілді
жә не баға құрылымы процессінде инфляцияны есептеу мәселесі талқыланды. Бұл зерттеуде баға саясатын
қалыптастыру бойынша маркетингтік қызметті жетілдіруге айрықша назар аударылды. Табыс пен бағаның
сараптадың ең белгілі әдісі шығынсыздықты талдау болып табылады. ЖОО білім беру қызметінің шығынсыз
нүктесін анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізілді. Баға саясатын қалыптастырған кезде сұранысты, бә-
секелестікті,  білім  беру  қызметінің  түрін,  сапасын,  оны  ұсыну  шарттарын,  қосымша  сервисті  ескеру,  же-
ңілдіктер мен шегерімдерді пайдалану ұсынылды. Баға саясаты қатаң болмауы тиіс және өзгеріп тұратын
нарықтық ахуалды ескере отырып өзгеруі тиіс.
Тірек сөздер: бағаның бейімделуі, негізгі баға, икемді баға, жеңілдіктер мен шегерім жүйесі, стратегия,
шы ғынсыздық нүктесі, инфляцияны есептеу, бәсекелестік баға, баға саясаты, икемділік баға, баға құрылымы.
Жоғарғы  оқу  орнының  баға  саясаты  оның  өмір  сүруі  мен  одан  әрі  дамуының  өмірлік
маңызы бар аспектілеріне қатысты. Баға құралымы жоғарғы оқу орнының (ЖОО) стратегия-
лық  мақсаттарының  тұжырымдамалық  көрінісі  болып  табылады.  Білім  беру  қызметтеріне,
ба ғалардың қалыптасу үдерісіне, ЖОО-ның баға саясатының маркетингтік стратегиясына ол
қатысатын нарықтың сипаты елеулі әсер етеді.
БҚ-нің тұтынушысы мен сатушысы жоғарғы мектепті басқару органы ретінде бой көрсет-
кен мемлекет болды. Білім беру орындары іс жүзінде ұсынылатын қызметтердің көлемін ұлғай-
туға, сондай-ақ олардың сапасын көтеруге, қорларды жаңартуға және қайта қалпына келтіру ге
және т.б. мүдделі болмады [1]. БҚ-ін өндірушілер мен тұтынушылары арасындағы нарықтық
қатынастардың  жоқтығы  жағдайында  біліми  қажеттіліктерге  мемлекеттік  шығындардың  іс
жүзінде азаюы әжептәуір қайғылы салдарға әкеледі, солардың ішіндегі неғұрлым қауіптісі – бі-
лімнің тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптың құлдырауы және сұранымсыздықтың өсуі.
Мамандардың пікіріне жүгінсек, бүгінгі таңдағы ең кең таралғаны, шығындардың көлемі
критерийлері  бойынша  үміттендіретін,  бірақ  іс  жүзінде  саналмайтын  пайда  бойынша  білім
беру  саласындағы іс-шараларды бірқалыпты  өлшеу  тәсілі болып  табылады. Бұл  тәсілдердің
бастапқы базасы БҚ алудың өзіндік құнын есептеу, сондай-ақ белгілі бір бағдардағы сарапшы-
ны даярлаудың құнын есептеу болды. Ал әдістердің өздері баға құралымының прейскурант тық
тәсілі деген атаумен жалпы санатқа сыйғызылды. Бұл әдістің жалпы сұлбасын 1 формуласымен
көрсетуге болады:
  
 
 
,
(1)
мұндағы Ц – тауардың (қызметтің) құны; С – тауардың (қызметтің) бір бірлігінің өзіндік құны;
Нп – пайданың сату деңгейінен ондық үлестегі болжанған көлемі.
Бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  есептеп  шығарылған  шамасына  қосылған  және  табыстың
белгілі бір бөлігіне сәйкес келетін үстемені білдіретін қарапайым әдіс.

252
БҚ  нарығындағы  бағаның  едәуір  маңызды  аспектісі  оларды  тұтыну  құнын  есепке  алу
болып табылады. Маркетингтегі тауарды немесе қызметті тұтыну құны – бұл сатып алынған
тауарларды бүкіл пайдалану мерзімі ішінде пайдаланған қалыпты пайдаланумен байланысты
осы өнімді кәдеге жаратуға кететін шығындарды қоса алғандағы, әр түрлі шығындар сомасы
мен өнімнің бағасын қосқандағы сатып алушының жұмсайтын толыққанды шығындары [2].
Осы салада әжептәуір қызықты шешімді Ю.И. Иванов пен Ф.М. Русинов ұсынады [3, б. 74–
80]. Басшыларды қайта даярлауға баға құралымы үдерісін бақылай отырып, олар БҚ құнының
ауқымын анықтаған. Сонымен бірге ол бағаның жоғарғы (сатып алушының тұрғысынан) және
төменгі (өндірушінің тұрғысынан) шектелді. Бұл жерде маркетинг терминдерінде түсіндіріле-
тін  мәліметтер  қарастырылады  [4,  б.  154]:  білімдердің  ескіру  уақыты  (Т)  –  БҚ-нің  өмірлік
циклі; оқу мерзімі (Т') – қызмет көрсету ұзақтығы; ұтыс көлемі, кадрларды қайта даярлаудың
қорытындылары бойынша бір уақыт бірлігі үшін ЦПТ шығыны – сәйкесінше (Y) және (Z) –
экономикалық әсер және айырылып қалған табыс.
Бұл мәндерде сатып алушының (кәсіпорынның) көзқарасы тұрғысынан оқу құнының ең
жоғары көлемі:
 
    
Пв = Y (Т – Т
'
) – Z
(2)
Білім беру орны өндірушінің көзқарасы тұрғысынан оқу құнының ең аз көлемі ұйғарымды
деп саналады:
 
m l F Пн = (1 + k) (a – + b – + – ),
 
(3)
мұндағы k – ең аз табыстылық деңгейі; a, b – оқытушылық немесе қызмет көрсетуші қызмет-
кер дің стандартты формасына есептегендегі жалақының орташа мөлшері; m, n – оқытушылар-
дың, сондай-ақ қосымша қызметкерлердің саны; F – болжалды шығындар.
Келтірілген формулаларда БҚ тұтынушыға (ЦПТ) ұсынылатын Пн құнды көтеру кезіндегі
немесе БҚ өндіруші (ЦПП) сұрайтын ПВ құнды төмендету кезіндегі мәміле жасаушы екі тарап
үшін  де  қолайлы  құн  туралы  келісу  көрсетілді.  Бірінші  нұсқа  даярлаудың  нәтижелілігінің
өсуін  немесе  оқыту  мерзімін  азайтуды,  не  болмаса  қызметкерді  басқа  тәсілмен  оқуға  бет
бұрғызу арқылы ұйымның шығындарын ЦПТ азайтуды білдіреді. Екінші нұсқа не оқу орны
қыз меткерінің  еңбекке  қабілеттілігін  (ЦПП)  тиісті  сыйақысыз  күшейтуді  немесе  БҚ  кіріс
деңгейін дәйектілікпен төмендетуді немесе шартты-тұрақты жұмсалымды барынша азайтуды
білдіреді. Кадрларды оқытудың нәтижелілігін ұлғайту және сонымен байланысты оқу үдерісін
тереңдету, бұл бір мағынада БҚ-нің құнын көтеруге алып келеді, мұны оқытудың тиімділігімен
сәйкестендіру керек болады. Келтірілген формулаларды түзету қажет:
 
    
Пв = [ Y (T – T') – Z T'] (1 – k)
(4)
Сондай-ақ, оқу орнының көзқарасы тұрғысынан оқыту құнының ең аз шегіндегі мөлшерін
сипаттайтын  формула  (ЦПП),  шартты-тұрақты  шығындар  қосымша  қызметкердің  бірлігіне
емес, уақыт бірлігіне есептелетіндігін ескере отырып, келесі түрдің деңгейіне дейін жеткізілуі
мүмкін:
 
    
Пн = (1 + k) (am + bn + F) T'
(5)
Бұл  жағдайда,  уақыттық  фазалар  мен  ынталандыру  мөлшерлемелері  бірыңғай  уақыт
бірлігіне, мысалы айға жинақталуы тиіс. Ғалымдар Ф.М. Русинов  пен Ю.И. Иванов БҚ на-
рығындағы  баға  құралымы  іргелендіру  мен  қызметкерлерді  даярлау  және  қайта  даярлау  құ-
рылымдарында  мамандандырудың  қалыптасқан  ара  салмағының  ықпалында  болады  деп
атап  көрсетеді  [3].  Келесі  Пв  мөлшерін  анықтайтын  және  осыған  байланысты  формулаға
ең гізілуі  тиіс  түзету,  оқытылған  қызметкердің  өндірісте  бейімделу  кезеңінің  (Та)  мерзімін
белгілеумен  байланысты.  Бұл  мерзім  осы  кезеңдегі  қызметкердің  аралық  еңбек  тиімділігіне

253
(Ка) жақындатылған түзету коэффициентімен бірге ескерілуі тиіс. Тек ескірулердің бірыңғай
кезеңі  туралы  ғана  емес  (Т),  білімнің  ескіруінің  әртүрлі  кезеңдері  туралы  айту  керек.  Әр
түрлі  кезеңдер  білімдерді  жеке-жеке  гуманитарлық,  компьютерлік,  жалпы  ғылыми,  арнайы
дайындық модульдері бойынша ескертуге қолданылуы тиіс, бұларды да Тг, Тон, Тк, Тэ және Тс
белгілерімен белгілеуге болады.
Бұл  зерттеуде  тауарлық  және  баға  саясатын  қалыптастыру  бойынша  маркетингтік  қыз-
метті жетілдіруге айрықша назар аударылды. Ішінара талдау жүргізу және тауарлық саясатты
БҚ-нің тіршілік топтамасын ескере отырып, қалыптастыру ұсынылды.
ЖОО-ғы  экономикалық  тұрақтылық  пен  баға  құралымын  талдау  үшін  бірінші  кезекте
шығындарды немесе шартпен оқитын студенттердің нақты сан болғанда шығынсыздыққа қол
жеткізетін бағаны жабатын өнімді (контингенттің саны) өткізудің сындарлы көлемін анықтай-
тын шығынсыздық нүктесін анықтау қажет. ЖОО-ның БҚ-не жұмсайтын шығынына студент-
тердің  санына  пропорционалды  өзгеретін  айнымалы  бөлік  (VC)  және  өзгермейтін  тұрақты
бөлік  (FC)  кіреді.  Айнымалы  бөлік  Қазақстан  Республикасының  ЖОО-да  мемлекеттік  білім
беру тапсырысы бойынша оқитын бір оқушының оқу құнын есептеу нормаларының көмегі-
мен анықталады. Мұнда бір студентке еңбек ақысының жылдық қоры бір студентке жұмсала-
тын коммуналдық шығындар, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті сатып алуға жұмсала-
тын шығын, құрал-жабдық сатып алуға кететін шығын, ұйымдастыру техникаларына қызмет
көрсетуге кететін шығын сияқты көрсеткіштер есепке алынды.
БҚ-нің  шығынсыздық  нүктесі  ЖОО-ның  толық  шығындарының  табыстың  жалпы  сома-
сындағы  БҚ-не  теңдігі  шартымен  анықталады.  Сонымен  бірге  табыстардың  құрамына  бюд-
жеттен түсетін және БҚ-нен алынатын бюджеттен тыс қаржы да еңгізілуі тиіс:
 
   
PQ + B = VC (Q + Qb) + FC,
(6)
мұндағы P – ақылы негізде оқитын бір студентті оқыту құны (негізгі, қалыптасқан); Q – ақылы
негізде оқитын студенттердің саны; Qb – бюджеттік негізде оқитын студенттердің саны; B –
студенттерді оқытуға бөлінген бюджеттік қаржы; VC – бір студентке есептелгендегі айны малы
шығындар; FC – студенттерді оқытуға жұмсалатын тұрақты шығындардың жалпы көлемі.
Жоғарыда қалыптастырылған шығынсыздық шартынан алатынымыз:
 
   
P = (VC (Q + Qb) + FC – B) / Q,
(7)
мұндағы P – шартпен оқитын студенттердің нақты саны болғанда шығынсыздыққа қол жет-
кізетін оқыту бағасы; Q – шартпен оқитындар контингентінің нақты саны.
Төменде  2012  ж.  бойынша  мәліметтер  келтірілген  (кесте  1).  Осы  мәліметтерге  қарап,
2012  жылдағы  шығынсыздықтың  бағасын  санауға  болады.  Шығынсыздық  шартпен  оқитын
студенттердің нақты саны болғанда баға 329403 теңге болған кезде шығынсыздыққа қол жет-
кізіледі (бағаның төменгі шегі). Бағаны бұл нүктеден төмен белгілеу шығындарға ұшырата-
ды және керісінше.
Кесте 1 – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-індегі шығынсыздық нүктесін анықтау
Көрсеткіштер
Өлшем бірліктері
P
шығынсыздыққа қол жеткізетін оқыту бағасы
тг
329 403*
Q
ақылы негізде оқитын студенттердің саны
адам
4 109
Qb
бюджеттік негізде оқитын студенттердің саны
адам
846
B
студенттерді оқытуға бөлінген бюджеттік қаржы
тг
419 844 000
VC бір студентке есептегендегі айнымалы шығындар
тг
323 046*
FC
тұрақты шығындардың жалпы көлемі
тг
172 666 589*

254
2 кестеде кәсіби білім беру саласындағы мекеменің БҚ-не нарықтық бағаны қалыптасты-
ру дың типтік рәсімдерін іске асыру тәртібі, олардың бағасын есептеу мен белгілеудің типтік
тәртібі келтірілген.
Кесте  2  –  БҚ-не  нарықтық  бағаны  қалыптастырудың  типтік  рәсімдерін  іске  асыру  тәртібі,
бағаны есептеу мен белгілеудің типтік тәртібі
Баға құралымы саясатын қалыптастыру
рәсімдерінің сатылары
Баға құралымы саясатын қалыптастыру сатысының
мазмұны
1. Баға саясат стратегиясын таңдау және баға
құралымы міндетін қою
Ұйымның өміршеңдігі.
Нарық үлесінің тұрақтануы.
Дамыту үшін қайта инвестициялауға жұмсалатын
қаржыны барынша көбейту
2. Сұраныс пен ұсыныс бағасы
Сұраныстың бағасы (сатып алушы төлеуге әзір
бағаның жоғарғы шегі)
3. Білім беру қызметтеріне шығындарды есептеу Ұсыныстың бағасы (білім беру мекемесі білім беру
қызметін сатуға әзір бағаның төменгі шегі)
4. Бәсекелестер қызметінің бағасына талдау
Бәсекелестердің қызметтері мен бағалары
5. Баға құралымы әдісін таңдау
Осы өзіндік құн сақталғандағы ағымдағы
бағалардың негізінде. Шығындар қосу қайта
инвестициялау қоры. Шығынсыздық және мақсатты
жалпы табыс. «Тауардың сезілетін құндылығы».
Бәсекелес айналаны есепке алу
6. Негізгі бағаны есептеу
Ұсыныстың бастапқы бағасы. Есептік баға
(шығындар)
7. Қосымша ұсыныстарды есепке алу
Ұсыныстың бағасы. Сұраныстың бағасы–есептік
баға (шығындар). Бәсекелестердің бағалары
8. Түпкілікті бағаны белгілеу (прайс-лист)
Білім беру қызметінің негізгі бағасы. Тұрақты
тұтынушылар үшін жеңілдіктер мен шегерімдер
9. Қызметтің бағасын түзету
Бағаны оның өміршеңдік сатысына және оған басқа
факторлардың әсер етуіне қарай түзету
БҚ-не сұранысты зерттеп алмай, баға құралымымен дәйекті түрде айналысуға болмайды.
Әдетте өнімге, соның ішінде БҚ-не теңсалмақты бәсекелес нарық жағдайында баға қаншалық-
ты жоғары болса, сұраныс соншалықты төмен. Көбінесе қазақстандық тұтынушы қызметтер дің
сапасы туралы көп ойланбайды. Бірақ тәжірибе жүзінде біз теңсалмақты бәсекелес нарықты
көре бермейміз, ал БҚ-нің ерекшелігі сондай, яғни білім беру мекемесінің «сапа саласындағы
имиджін»  құрайтын  нәрсе  орасан  зор  маңызға  ие  және  білім  беру  мекемесінің  БҚ-не  баға-
ны  төмендетуін,  тұтынушы  оның  сапасының  жоғары  еместігі  ретінде  қабылдап,  сұранысты
төмендетуге әкелетіні сирек емес. Алайда бұл арақатынас, егер сөз беделді БҚ-рі туралы болса
басқаша  болады.  БҚ-не  қойылатын  бағаны  зерттеу  мен  белгілеудің  негізгі  құралы  сұраныс
пен ұсыныстың тәуелділіктерін (қисықты) талдау болып табылады. Сұраныстың қисығы БҚ-
нің  оны  сату  бағасына  байланысты  анықталады.  Сәйкесінше  ұсыныстың  қисығы  қызметтің
бағасының  нарықтағы  осындай  қызметтің  балама  ұсыныстарының  санына  тәуелділігін  көр-
сетеді. Бұл қисықтардың қиылысу нүктесіне тепе-теңдік келеді, яғни сұраныс ұсынысқа тең
және осы тепе-теңдік нүктесіне сәйкес баға тепе-тең болып табылады, яғни ол білім беру ме-
кемесінде азаматтардың көпшілігін де қанағаттандырады. Тепе-теңдік баға білім беру ме ке-
месінің стратегиялық даму жоспарларын қалыптастыру, білім беру үдерісін жоспарлау, қар-
жылық-шаруашылық қызметін жоспарлау үшін сәтті пайдаланыла алады (кесте 3, б. 255).

255
Кесте  3  –  Тұтынушылық  сұраныстың  икемділігінің  мәндері  әр  түрлі  болғандағы  білім  беру
мекемесінің баға стратегиясын таңдау ерекшеліктері
Икемділік
Сипаттамасы
Білім беру мекемесінің баға
стратегиясы
Баға төмендегендегі
тұтынушының
әрекеті
Баға көтерілгендегі
тұтынушының
әрекеті
ЭС> 1
Икемді
сұраныс
Кірісті көбейту үшін бағаны
түсірген дұрыс. Бағаның өсуі
кірістің төмендеуін тудырады
Сатып алу көлемі
едәуір ұлғаяды
Тұтыну құны
едәуір төмендейді
ЭС=1
Бірлі-жарым
икемділік
Бағаның өзгеруі сату көлеміне
әсер етеді. Бағаның өсуі
сатуды төмендетеді. Кіріс
өзгермейді
Сұраныс баға қандай
қарқынмен түссе,
сондай қарқынмен
өседі
Сұраныс баға
қандай қарқынмен
өссе, сондай
қарқынмен түседі
ЭС<1
Икемсіз
сұраныс
Бағаның төмендеуі сұранысты
азайтады. Бағаны көтерген
жөн, бұл кезде кіріс өседі
Сұраныстың
өсу қарқыны
бағаның төмендеу
қарқынынан аз
Сұраныстың
төмендеу қарқыны
бағаның өсу
қарқынынан аз
Ескертпе – Дереккөз [5].
Икемділіктің мәні нысандандырылған өрнекке сәйкес анықталады (8):
  
 
ЭС = [(К1 – К2) / (К1 + К2)] / [(Ц1 – Ц2) / (Ц1 + Ц2)]
,
(8)
мұндағы К1 және Ц1 – сұраныстың (ұсыныстың) және 1 жағдайдағы сәйкес бағаның шама-
лары; К2 және Ц2 – сұраныстың (ұсыныстың) және 2 жағдайдағы сәйкес бағаның шамалары.
Сұраныстың бағалық икемділігі дәрежесін анықтайтын факторларға жататындар: өзара ал-
мастырылатын және толықтырылатын тауарлардың сапасы, саны және бағасы; сатып алу шы-
ның осы тауарға жұмсайтын шекті болжамдағы шығындарының шамасы; талданып отырған
уақыт  кезеңінің  ұзақтығы.  Тұтынушылардың  баға  өзгерісіне  реакциясына  қарай  сұраныс
«икемді»,  «икемсіз»,  «бірлі-жарым»  болып  ажыратылады.  Сұраныстың  икемділік  деңгейіне
әсер ететін негізгі факторлар: нарықтағы ұқсас БҚ-нің болуы икемділіктің өсуін тудырады; білім
беру мекемесінің БҚ-не бағаны көтеруі оған сұраныстың төмендеуіне әкеледі, өйткені басқа,
ұқсас қызметті сатып алу мүмкіндігі бар; сұраныстың икемділігі ақшалай табыстардың өсуімен
құл дырайды; БҚ-нің сапасының жоғарылығы икемділіктің өсуін тағайындайды. Сұраныстың
икем ділігін іс жүзінде бағалау халықтың әртүрлі топтарына, жалпы мектептердің жоғары сы -
ныптарының,  техникумдар  мен  колледждердің  оқушыларының  ата-аналарына  әлеуметтік
сауал дар жүргізудің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. БҚ-не сұраныс білім беру мекемесі
бел гілеуі мүмкін бағаның жоғарғы деңгейін шектейді. Қызметтердің өзіндік құны (өндіріс шы-
ғын дары) оның ең төменгі шамасын анықтайды.
Орташа  деңгеймен  салыстырғандағы  бағаның  төмендеуі  сұраныстың  ұлғаюына  әкелуі
жә не  сәйкесінше  ЖОО-ның  табыстарын  ұлғайтуы  мүмкін.  БҚ-нің  табыстылығын  көтерудің
құра лын пайдаланудың мүмкіндігі ЖОО-ның құзырындағы ресурстарға қарай студенттердің
максимал ды санымен шектелген. Нақты қызметке сұраныс шамасы мен оның бағасы арасын-
дағы тәуелділік сұраныс заңына сәйкес кері көлбеудегі сұраныс қисығымен өрнектеледі. Сұра-
ныс қисығының көлбеуі, оның икемділігі сұранысты 1%-ға ұлғайту үшін қажетті бағаның тө-
мен деу мөлшерін анықтайды. Егер де, қисықтың көлбеуі тік болса, сұранысты 1%-ға артық
ететін нүктеге жету үшін, бағаны әжептәуір төмендету талап етіледі және керісінше, егер де
сұраныс қисығы жазық болса, бағаны сәл азайтумен шектелуге болады (1 суретті қараңыз).
Сурет 1 – Қызметке сұраныстың шамасы мен оның бағасы арасындағы тәуелділік
Ескертпе – Дереккөз [6].
Икемді сұраныс
Икемсіз сұраныс
Сұраныстың икемділік қиысығының графигі

256
Сұраныс  заңы,  тауарға  бағаны  азайту  сұраныс  көлемінің  ұлғаюын  туғызатынын  дәлел-
дейді.  Сұраныстың  баға  бойынша  икемділігі  сұраныс  көлемінің  тауар  бағасының  өзгеруіне
реакциясын анықтайды. Егер де баға өзгерген кезде сұраныс көлемі едәуір өзгеретін болса,
тауарға  сұраныс  икемді  деп  аталады.  Егер  де  баға  өзгерген  кезде  сұраныс  көлемі  шамалы
өзгеретін болса, сұраныс икемсіз деп аталады. Экономистер сұраныстың бағалық икемділігін
пайызбен  өрнектелгендегі  сұраныс  көлемінің  пайызбен  өрнектелгендегі,  бағаның  өзгеруіне
қатынасы ретінде есептейді:
Сұраныстың бағалық икемділігі
 
(9)
Әдетте  экономистер  сұраныс  қисығын  олардың  икемділігіне  сәйкес  жіктейді.  Икемділік
1-ден  артық  болғанда  сұраныс  икемді  ретінде  бағаланады.  Пайызбен  өрнектелген  тауардың
санының өзгеруі, пайызбен өрнектелген бағаның өзгеруіне қарағанда салыстырмалы түрде жо-
ғары. Сұраныс икемділік 1-ден аз болғанда икемсіз ретінде бағаланады. Яғни тауар санының
өзгеруі баға өзгеруінен салыстырмалы түрде төмен. Егер де 1-ге тең болса икемділік тауардың
салыстырмалы саны бағаның өзгеруіне дәл сәйкестікте өзгерген кезде, сұраныс бірлі-жарым-
ды икемділігімен сипатталады. Сұраныстың баға бойынша икемділігі 1-ден кем болса, баға-
ның  көтерілуі  жиынтық  түсімнің  өсуіне,  ал  бағаның  азаюы  жиынтық  түсімнің  қысқаруына
алып келеді (сирек жағдайларда ғана бұл ереже жұмыс істемеуі мүмкін). Сұраныстың бағалық
икемділігі  1-ден  артық  болса,  бағаны  ұлғайту  жиынтық  түсімнің  қысқаруына,  ал  бағаны
азайту – жиынтық түсімнің өсуіне алып келеді. Ерекше жағдайларда, бағалық икемділік 1-ге тең
болғанда, бағаның өзгеруі жиынтық түсімге әсер етпейді. Минусты әдетте түсіру қабылданған
және баға модуль бойынша шығарылады. Бұл көрсеткішті ЖОО-ның баға құралымын талдау
үшін пайдалануға болады. Икемділікті абитуриенттердің (ақылы негізге түсетін) оқу құнының
өзгеруіне сезімталдығын бағалау үшін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл үшін әр мамандық бой-
ынша икемділік жеке-жеке есептелген. Талдаудың нәтижелері 3 түрлі болуы мүмкін (4 кестені
қараңыз).
Кесте 4 – Мамандықтар бойынша икемділік көрсеткіштері
Мамандықтардың атауы (мысал)
Ep
|Ep|
Икемді/
икемсіз
∆P
∆Q
∆P><∆Q
∆∏
 
Ep<0
|Ep|>1
Икемді
P↑
Q↓
∆P<∆Q
∏↓
Егер икемділік сұранысы кері, бірақ бұл жерде модульдің мәні бірден артық болса, онда сұраныс икемді
болып саналады. Бұл баға көтерілген кезде, сұраныс неғұрлым жылдам түседі дегенді білдіреді.
Экономика (2011/12–2012/13)
–1,9
1,9
23%
–43%
–30%
Ep<0
|Ep|<1
Икемсіз
P↑
Q↓
∆P>∆Q
∏↑
Егер икемділік сұранысы кері, бірақ бұл жерде модульдің мәні бірден кем болса, онда сұраныс икемсіз
болып саналады. Бағаны ұлғайту, жиынтық түсімнің ұлғаюына алып келеді(сирек жағдайларда бұл
ереже дұрыс емес болуы мүмкін).
Журналистика (2011/12–2012/13)
–0,7
0,7
40%
–27%
3%
 
Ep>0
|Ep|>1
Икемді
P↑
Q↑
∆P<∆Q
∏↑
Егер икемділік сұранысы оң болса, онда нәтиже мүлдем басқа. Бағаны көтеру сұранысқа оң әсер ететін
болады, сондай-ақ түсім де көтерілетін болады.
Заңтану (2011/12–2012/13)
5,4
5,4
13%
68%
89%
Сұраныстың икемділігіне қарап, білім беру нарығы өте икемді деп саналады деген қоры-
тынды  жасай  аламыз.  Оқытудың  құнындағы  күрт  ауытқушылық,  абитуриенттердің  қысқа-
руына алып келеді, сонымен түсім де қысқарады. 2012–2013 жж. оқыту құнында күрт ұлғайту-
шы лық болды (орташа есеппен 30%-ға), бұл абитуриенттер санын едәуір азайтты. Егер оқыту
құнын көтеру 2010–2012 жж. болғандай, инфляция аумағында (8–13%) болатын жағдайда аби-
туриенттердің қысқаруын болдырмауға болады. 2013–2014 оқу жылына ұсынылатын бағалар
3-ші  қосымшада  келтірілген.  Мысалға,  маркетинг  мамандығын  алуға  болады,  баға  280  мың

257
теңгеден 300 мың теңгеге дейін (7%) өскенде, абитуриенттердің саны 27-ден 42 адамға дейін
(56%) көбейді.
Икемділік сұранысының мәні оң болған кейбір мамандықтар білім беру құнын көтеру аби-
туриентердің қысқаруына алып келмейтіндігін байқауға болады. Бәрінен бұрын, мұны бұл ма-
мандықтар (аударма ісі, шетел филологиясы, шығыстану және т.б.) бойынша білім беру  на-
рығын олигополиялы деп саналатындығымен түсіндіруге болады.
Соңғы кезде ЖОО-ы баға саясатына көбірек назар аудара бастады. Баға құралымы страте-
гиясы егер ішкі және сыртқы ортаның ахуалын оның өзгеріп отыратын нарықтық мүмкіндік-
терін ескерсе және талдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілсе, тиісті нәтиже әкеле алады. Бәсе-
келестік мүмкіндіктерге тұрақты мониторинг жүргізілетін, тұтынушылардың әр үрлі топтары-
ның бағаларға сезімталдығы қолданылып, талданатын медиа- және пиар-науқандар ойласты-
рыл ған және үйлестірілген жерде сәттілік едәуір жоғары болады. Тұтынушылар мақсатты ауди-
то рия,  клиенттер  (студенттер)  ЖОО-ның  стратегиялық  жоспарлауларындағы  басты  бағдарға
айнал май  отыр  және  басшылығы  мен  оқу  құрылымдарының  желілік  басшыларының  әлі
күнге дейін жарнама туралы түсініктері тоғышар. Олар әлі күнге дейін оларда бәрі ешқандай
жарнамасыз жақсы жүріп жатқандығына, ештеңені өзгертудің қажеті жоқтығына сенімді. ЖОО-
ғы баға құралымы туралы тарауды осымен аяқтау керектігі біртүрлі оғаштау. Бірақ, маркетингтік
стратегия ЖОО-да әлі де лайықты дәрежеде сұранысқа емес екендігін және мүмкін Абылай
хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының тәжірибелік
жұмыс тәжірибесіне талдау жасау оң үлгі болар дегенді констатациялауға тура келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Власова М.Л. Чем пользуется профессионал? Краткий обзор методов маркетинговых исследова-
ний // Маркетолог. – 1999. – № 2–3.
2  Завьялов П.С., Кретов И.И., Сусанян К.Г. Маркетинг во внешнеэкономической деятельности (тер-
минологический словарь) / под ред. П.С. Завьялова. – М.: Международные отношения, 1992. – С. 229.
3  Иванов  Ю.И.,  Русинов  Ф.М.  Рынок,  предпринимательство,  кадры:  учеб.  пособие  /  под  ред.
Г.В. Горланова, С.Е. Хорезова. – М.: РАУ, 1992. – С. 196.
4  Панкрухин А.П. Маркетинг образовательных услуг в высшем и дополнительном образовании:
учеб. пособие / А.П. Панкрухин. – М.: Интерпракс, 1995. – 240 с.
5  http://imp.rudn.ru/Open/econom/6.htm.
6  Шевченко Д.А. Маркетинговые стратегии ценообразования в вузе (на опыте ценообразования
отдела маркетинга и рекламы РГГУ) // Практический маркетинг. – 2002. – № 68.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  Vlasova  M.L.  Chem  pol’zuetsja  professional?  Kratkij  obzor  metodov  marketingovyh  issledovanij  //
Marketolog. – 1999. – № 2–3.
2  Zav’jalov  P.S.,  Kretov  I.I.,  Susanjan  K.G.  Marketing  vo  vneshnejekonomicheskoj  dejatel’nosti
(terminologicheskij slovar’) / pod red. P.S. Zav’jalova. – M.: Mezhdunarodnye otnoshenija, 1992. – S. 229.
3  Ivanov Ju.I., Rusinov F.M. Rynok, predprinimatel’stvo, kadry: ucheb. posobie / pod red. G.V. Gorlanova,
S.E. Horezova. – M.: RAU, 1992. – S. 196.
4  Pankruhin  A.P.  Marketing  obrazovatel’nyh  uslug  v  vysshem  i  dopolnitel’nom  obrazovanii:  ucheb.
posobie / A.P. Pankruhin. – M.: Interpraks, 1995. – 240 s.
5  http://imp.rudn.ru/Open/econom/6.htm.
6  Shevchenko D.A. Marketingovye strategii cenoobrazovanija v vuze (na opyte cenoobrazovanija otdela
marketinga i reklamy RGGU) // Prakticheskij marketing. – 2002. – № 68.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет