БІЗДІҢ КІТАПТАРЫМЫЗ
Алмас Ерназаров
Археография және деректану ұлттық орталығының Қазақстанға
қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу және мәліметтер жинақтау
зертханасының бастығы
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ШЕТЕЛ МҰРАҒАТТАРЫНДА»
КӨПТОМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде
экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі міндеттерін шешумен қатар,
қазақ халқының тарихы мен мәдениетін терең зерделеуге мән беріліп отыр.
Осы орайда қазақ халқының ерте заманнан бүгінге дейінгі тарихы мен
мәдениеті, ежелгі мемлекеттермен сабақтастығы, Еуразия орталығында
орналасқан Қазақстанның орны мен ролі туралы нақты әрі толық
мәліметтерді жинастырудың, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытудың
маңызы аса зор.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы бойынша
халықтың мыңдаған жылдар жинақтаған мәдени құндылықтарының
қатарына жатқызылған мұрағат құжаттарынсыз тарихи мәдени мұраны
дамыту мүмкін емес.
Сондықтан
Тәуелсіз
Қазақстанның
Ұлттық
мұрағат
қорын
қалыптастыру, оны тарихи құнды құжаттармен толықтыру – аса маңызды
мемлекеттік іс.
Сан ғасырлық тарихымызда мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 1998
жылғы 22 желтоқсанда қол қойған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы» тұңғыш заңның 5 бабында «Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс
жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын
қайтаруға
шаралар
қолданады,
жинақталған
және
Қазақстан
Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына
қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады» делінген.
Шетел мұрағаттарынан ғылыми-тарихи құндылығы бар құжаттарды
іздестіру және сатып алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметі
қабылдаған Мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
бағдарламасымен басталып, әрі қарай Қазақстан Республикасында мұрағат
ісін және құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасымен
жалғастырылды,
сөйтіп
мемлекеттік
мұрағат
мекемелерінің маңызды бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы-
мен әзірленіп, қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы мұрағат мұрасын
88
сақтау және көбейту, зерделеу арқылы қазақ ұлтының қайта өрлеуіне жол
ашып отыр.
Мұрағатшылар мен ғалымдардың бірігіп күш салуының нәтижесінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Армения, Египет Араб
Республикасы, Түркия Республикасы, Франция, Венгрия, Германия,
Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Польша Өзбекстан
Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан, ғылыми мекеме, мұражай,
кітапханаларынан іздестіріліп, алынған қазақ халхының шежіресінен сыр
шертетін тарихи, мәдени құжаттық деректермен, қолжазбалар мен сирек
кездесетін кітаптармен, басылымдармен толықтырылды.
Іздестіріліп жинақталған құжаттар толық зерттеліп біткен жоқ. Бұл
құжаттар әлі талай тарихи тың деректерді жариялауға, талай «құпияларды»
ашуға ықпал етпек.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихына қатысты жинақталған деректер
Археография және деректану ұлттық орталығының біртұтас деректер
базасына
енгізілуде.
Сол
деректер
«Қазақстан
тарихы
шетел
мұрағаттарында» атты көптомдық ақпараттық анықтамалықты құрастыруға
негіз болды.
Ақпараттық
анықтамалық
шетел
мұрағаттарында
сақталған
құжаттардың сақталған орны көрсетіле отырып құрастырылған құжаттар
тізімінен тұрады.
Сондай-ақ, тізімнің соңғы бағанында құжаттардың Қазақстандағы
сақталу орны да көрсетілген.
Қазақстан аймағын төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңдеріне тән
басқаруды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тарихи
құжаттардың елеулі бөлігі шектес мемлекеттердің әр түрлі мұрағаттық
мекемелерінде қалған. Сондықтан Қазақстан тарихы бойынша неғұрлым
құнды деректі материалдар кешені Ресей Федерациясында сақталуы
заңдылық.
Қазіргі таңда ақпараттық анықтамалықтың 4 томы (І, ІІ, ІІІ IV
томдары) басылып шығарылды.
Анықтамалықтың І томына Ресей мемлекеттік көне актілер мұрағаты
(РГАДА), Ресей империясы сыртқы саясатының мұрағаты (АВПРИ), Ресей
Федерациясының мемлекеттік мұрағаты (ГАРФ), Ресейдің мемлекеттік
саяси-әлеуметтік тарихы мұрағаты (РГАСПИ), Ресейдің мемлекеттік
экономика мұрағатындағы (РГАЭ) елімізге қатысты деректердің тізімі
енгізілген.
ІІ том Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты (РГВИА), Ресей
мемлекеттік әскери мұрағаты (РГВА), Ресейдің мемлекеттік әдебиет және
өнер мұрағаты (РГАЛИ), Мәскеу облысының Орталық мемлекеттік
мұрағаттарында (ЦГАМО) сақталған Қазақстан тарихына қатысты
құжаттарды қамтиды.
ІІІ томға Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында сақтаулы (Санкт-
Петербург қ.) (РГИА) тарихымыздан сыр шертетін істердің қатары
топтастырылды.
89
IV томға Орынбор облысының мемлекеттік мұрағатындағы тың мәліметтер
қатары енген.
Қолданушының ғаламтордағы «Электронды каталог» мәліметтер
базасын қолдануға мүмкіндігі болмаған жағдайда осы аталған ақпараттық
анықтамалықты қолдануына толықтай мүмкіндігі бар.
Орталық тарапынан баспаға әзірленген «Қазақстан тарихы шетел
мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығы республика көлеміндегі
мұрағаттар мен ғылыми мекемелер мамандарына және жеке ізденушілерге
шет мемлекеттер мұрағаттары, ондағы құжаттар туралы бағыт-бағдар,
қажетінше көмек беретін анықтамалық ақпарат болып табылмақ.
Ернар Оразбек
Научный сотрудник Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова
АРХЕОЛОГИЯ СЕМИРЕЧЬЯ. 1857–1912 ГГ.: СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ И
МАТЕРИАЛОВ / СОСТАВИТЕЛЬ И. М. САМИГУЛИН. – АЛМАТЫ, 2011.
– 664 С.
Предлагаемый
вниманию
читателей
сборник
документов
и
материалов «Археология Семиречья. 1857–1912 гг.» – первая публикация
архивных
документов
и
материалов
по
истории
археологии
дореволюционного периода не только в Казахстане, но и на постсоветском
пространстве.
Идея
издания
подобного
сборника
архивных
документов,
посвященного истории археологического изучения территории Казахстана,
принадлежит кандидату исторических наук И. В. Ерофеевой.
В сборнике публикуются архивные документы, выявленные в фондах
Центрального государственного архива Республики Казахстан, Научного
архива Института истории материальной культуры РАН (г. Санкт-
Петербург), Научного архива Русского географического общества, Отдела
редких книг и рукописей Национальной библиотеки Республики Казахстан,
посвященные истории изучения памятников археологии в середине XIX–
начале XX в. на территории одного из богатейших в археологическом
отношении регионов Казахстана – Жетысу, научно-изыскательской
деятельности известного востоковеда Николая Николаевича Пантусова
(1849–1909), а также археологов-энтузиастов Федора Владимировича
Пояркова (1851–1910) и Алексея Михайловича Фетисова (?–1894),
описанию исторических памятников, борьбе с грабительскими раскопками и
др. В сборник включено 308 архивных документов и материалов, которые
сгруппированы
по
хронологическому
принципу
и
оформлены
в
90
соответствии
с
общепринятыми
правилами
издания
исторических
документов с учетом накопившегося опыта публикации документальных
сборников как в России, странах СНГ, так и у нас в Казахстане.
Рецензируемый сборник представляет интерес еще и потому, что
большинство помещенных в нем документов публикуются впервые.
Во вступительной статье «История изучения археологических
памятников Семиречья во второй половине XIX–начале XX века» (С. 5–30)
представлен обширный очерк истории изучения памятников археологии
Семиречья дореволюционного периода, статья также снабжена обширной
библиографией.
Автор
статьи
составитель
сборника,
археограф,
профессионал своего дела Ильяс Минсалихович Самигулин (научный
сотрудник Национального центра археографии и источниковедения
Республики Казахстан). Во вступительной статье автор справедливо
отмечает,
что
публикуемые
«исторические
документы,
взятые
в
совокупности, являются важнейшими источниками информации о
недвижимом материальном наследии Семиречья, которые имеют большую
научно-практическую
значимость
для
современных
специалистов-
археологов. Широкое использование данной категории исторических
памятников существенно расширяет возможности исследователей в
датировке и социально-культурной идентификации археологических
объектов древности и средневекового периода, а также позволяет более
точно реконструировать их первоначальный облик. Думается, что издание
специального
сборника
документов
по
истории
археологических
исследований Семиречья в дореволюционный период – это назревшая
задача исторической науки нашего времени».
Если все этапы археологического изучения Семиречья в советский
период и в постсоветские годы достаточно подробно освещены в «Своде
памятников истории и культуры Алматинской области», литературе по
археологии и специальной историографической литературе, то история
изучения и накопления сведений об археологических памятниках этого
региона в дореволюционную эпоху представлена в научных изданиях очень
поверхностно и фрагментарно. Данный сборник документов по мере
возможности восполняет этот пробел.
В сборнике опубликована служебная переписка чиновников разного
ранга: отношения, рапорты, донесения по вопросам изучения и сохранения
обнаруженного здесь культурного наследия. Особую ценность представляет
переписка
с
Императорской
археологической
комиссией
военных
губернаторов Семиреченской области и Н. Н. Пантусова.
Сборник существенно дополняет богатый иллюстративный материал в
виде графических рисунков сверстанных непосредственно в текст, а также
цветных и тоновых рисунков и фотографий, выявленных в фондах Научного
архива Института истории материальной культуры РАН. Иллюстративный
материал отредактирован и подготовлен к печати автором-составителем
сборника, им также предложена идея дизайна обложки книги.
Сборник
снабжен
обширным
научно-справочным
аппаратом,
позволяющим читателям без особого труда свободно ориентироваться в
91
содержании опубликованных документов и материалов, который состоит из
археографического предисловия, выше указанной вступительной статьи, а
также емких информативных комментариев, где приведены биографические
сведения, основанные на архивных и библиографических источниках,
чиновников столичной и местной администрации, а также различных
специфических терминов, упомянутых в текстах документов. Научно-
справочный аппарат издания также состоит из именного и географического
указателей,
списков
использованной
литературы,
иллюстраций
и
использованных архивных фондов. Оглавление издания составлено по
заголовкам публикуемых документальных материалов.
Данный сборник «замкнул» в единую логическую цепь-полотно,
разрозненные до сей поры, этапы археолого-исследовательского изучения
Жетысу/Семиречья XIX и XX веков и поколения археологов любителей-
краеведов и профессионалов.
92
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Әбжаппарова
Б.Ж.
–
тарих
ғылымдарының
докторы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Әлиев Е.Ж. – Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының
мұрағатшысы.
Дәркенов
Қ.Ғ.
–
тарих
ғылымдарының
кандидаты,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.
Диханбекова Б. – Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының
бас қор сақтаушысы.
Ерназаров А.Ә. – Археография және деректану ұлттық
орталығының Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу
және мәліметтер жинақтау зертханасының бастығы
Қалиева К.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті.
Ковальская
С.И.
–
тарих
ғылымдарының
докторы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Көшкімбаев
А.К.
–
тарих
ғылымдарының
докторы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Кұлмұханбетова
Г.
–
Алматы
облыстық
мемлекеттік
мұрағатының бас директоры.
Максимович А.А. – Белорус мемлекеттік университетінің тарих
факультетінің аспиранты.
Мармонтова
Т.В.
–
тарих
ғылымдарының
кандидаты,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.
Меньковский В.И. – тарих ғылымдарының докторы, Белорус
мемлекет университетінің профессоры.
Оразбек Е.Ж. – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институтының ғылыми қызметкері.
Торланбаева
К.У.
–
тарих
ғылымдарының
докторы,
Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері.
Тулибаева Ж.М. – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Щетинина А. – тарих ғылымдарының кандидаты, Алтай
мемлекет университетінің доценті.
Якубова Г. – Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты бас
директорының орынбасары.
Достарыңызбен бөлісу: |