ISSN 2221-8521
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ
________________________________________________
АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
ХАБАРЛАРЫ
ИЗВЕСТИЯ
НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА АРХЕОГРАФИИ И
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЯ
BULLETIN
OF THE NATIONAL CENTER OF ARCHAEOGRAPHY
AND SOURCE STUDIES
4/2012
1
ISSN 2221-8521
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ
_______________________________________________
АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
ХАБАРЛАРЫ
ИЗВЕСТИЯ
НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА АРХЕОГРАФИИ И
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЯ
BULLETIN
OF THE NATIONAL CENTER OF ARCHAEOGRAPHY
AND SOURCE STUDIES
4/2012
АСТАНА
2
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ
Жылына 4 рет шығады
Журнал ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде
2011 жылы 21 ақпанда тіркеліп, № 11470-Ж куәлігіне ие болды
Құрылтайшысы
АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАС РЕДАКТОР
Археография және деректану ұлттық орталығының директоры
Л. Ә. Әбдірәсілова
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер
кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
(Қазақстан), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Б. Е. Көмеков
(Қазақстан), тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. М. Атабаев
(Қазақстан), тарих ғылымдарының докторы, Түркі кеңесі Бас хатшысының
орынбасары Дархан Қыдырәлі (Қазақстан), тарих ғылымдарының докторы,
Қырғызстан Тарих қоғамының Президенті Т.К. Чоротегин (Қырғызстан),
тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Э. Каримова (Өзбекстан),
тарих ғылымдарының докторы, профессор А.К. Камалов (Қазақстан), тарих
ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Көкебаева (Қазақстан), тарих
ғылымдарының докторы, профессор С.И. Ковальская (Қазақстан), Болон
университетінің
Шығыстану
институтының
директоры,
профессор
Маурицио Пистозо (Италия), Хоккайдо университетінің профессоры Уяма
Томохико (Жапония), ҚР МАМ Ақпарат және мұрағат комитетінің бас
сарапшысы Ж.А. Сатаева (Қазақстан), тарих ғылымдарының докторы,
профессор Ж.М. Төлебаева (Қазақстан), Индиана университетінің
библиографы, PhD докторы А. Хабибуллаев (АҚШ)
ЖАУАПТЫ РЕДАКТОР
Т. Е. Төлебаев
Редакцияның мекенжайы:
Археография және деректану ұлттық орталығының баспасы
010000, Астана қ., Нұржол желекжолы, 12
тел. 8 (7172) 44-63-71, факс: 44-62-88
E-mail: nc-ais@mail.ru
3
НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ
Выходит 4 раза в год
Журнал зарегистрирован Министерством связи и информации РК
Свидетельство № 11470-Ж от 21 февраля 2011 г.
Учредитель
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР АРХЕОГРАФИИ И
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЯ
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
Директор Национального центра археографии и источниковедения
Л. А. Абдирасилова
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ:
Председатель Духовного управления мусульман Казахстана, Верховный
муфтий Шейх Абсаттар кажи Дербисали (Казахстан), Академик НАН РК
Б.Е. Кумеков (Казахстан), доктор исторических наук, профессор К.М.
Атабаев (Казахстан), доктор исторических наук, заместитель Генерального
Секретаря Тюркского Совета Дархан Кыдырали (Казахстан), доктор
исторических
наук,
Президент
Кыргызского
Общества
истории
Т.К.Чоротегин (Кыргызстан), профессор Н.Э. Каримова (Узбекистан),
доктор исторических наук, профессор А.К. Камалов (Казахстан), доктор
исторических наук, профессор Г.К. Кокебаева (Казахстан), доктор
исторических наук, профессор С.И. Ковальская (Казахстан), Директор
института востоковедения, профессор Болонского университета Маурицио
Пистозо (Италия), профессор университета Хоккайдо Уяма Томохико
(Япония), главный эксперт Комитета информации и архивов МКИ РК Ж.А.
Сатаева (Казахстан), доктор исторических наук, профессор Ж.М.
Тулибаева (Казахстан), библиограф университета Индиана, доктор PhD А.
Хабибуллаев (США)
ОТВЕТСТВЕННЫЙ РЕДАКТОР
Т.Е. Тулибаев
Адрес редакции:
Издательство Национального центра археографии и
источниковедения
010000, г. Астана, Бульвар «Нұржол», 12
тел. 8 (7172) 44-63-71, факс: 44-62-88
E-mail: nc-ais@mail.ru
4
МАЗМҰНЫ СОДЕРЖАНИЕ CONTENTS
ҚАЗАҚСТАН МҰРАҒАТТАРЫ • АРХИВЫ КАЗАХСТАНА • KAZAKHSTAN ARCHIVES
Еділбек Әлиев. Жан қайғы ................................................................................ 5
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ • АРХИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ • ARCHIVAL DOCUMENTS
Гүлмира Кұлмұханбетова, Гүлназ Якубова. Ашаршылық туралы мұрағат
құжаттары не дейді? .......................................................................................... 11
Баршагүл Диханбекова. Алматы аймақтық мұражайы мұрағат
деректерінде ....................................................................................................... 14
Таисия Мармонтова. Материалы центра документации Оренбургской
области по национальной политике советской власти в начале ХХ века .... 18
ШЫҒЫС МҰРАҒАТЫ • ВОСТОЧНЫЙ АРХИВ • ORIENTAL ARCHIVE
Жулдыз Тулибаева. «Таварих-и аваил ва авахир» как источник по истории
взаимоотношений казахов с соседними народами XVIII – первой половины
XIX вв. ................................................................................................................. 23
ДЕРЕКТАНУ • ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ • SOURCE STUDIES
Құрманғали Дәркенов, Бибіхадиша Әбжаппарова. Торғай тарихы
мұрағат деректерінде: талдау және көзқарас эволюциясы ………………… 28
Канша Калиева. Информационный потенциал и репрезентативность
источников по истории учета населения в Казахстане в 1898–1919 гг.
…...38
Анна Щетинина. Общая характеристика источников государственных
архивов по беженцам Первой мировой войны на Алтае…………………… 48
РУХАНИЯТ ТАРИХЫ • ИСТОРИЯ ДУХОВНОЙ КУЛЬТУРЫ • HISTORY OF SPIRITUAL CULTURE
Torlanbayeva Kenzhe. Pre-Islamic roots of the Sufi brotherhood of Yassaviya in
Central Asia
…………………………………………………… ……...… 54
ТАРИХ • ИСТОРИЯ • HISTORY
Айболат Кушкумбаев. Военное право и воинская дисциплина в монголь-
ской и золотоордынской армии…………………………………...… ………..59
РЕЦЕНЗИЯЛАР • РЕЦЕНЗИИ • REVIEWS
Светлана Ковальская, Вячеслав Меньковский, Александр Максимович
Рецензия на книгу К.Н. Абдуллаева «От Синьцзяна до Хорасана. Из истории
среднеазиатской эмиграции ХХ века» .............................................................77
Жулдыз Тулибаева. Рецензия на книгу А.К. Султангалиевой «Город и
люди: социокультурная трансформация в Казахстане» ................................ 84
БІЗДІҢ КІТАПТАРЫМЫЗ • НАШИ КНИГИ • OUR BOOKS
Алмас Ерназаров.
«Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында»
көптомдық
ақпараттық анықтамалығы...................................................................... 87
Ернар Оразбек. Рецензия на книгу «Археология Семиречья. 1857–1912 гг.:
Сборник документов и материалов» ................................................................ 89
Авторлар туралы мәлімет
…………………………………………........
92
5
ҚАЗАҚСТАН МҰРАҒАТТАРЫ
Еділбек Әлиев
Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы
ЖАН ҚАЙҒЫ
(Мақаланың жалғасы, басы алдыңғы санда)
7. «ЖАУ ЖАҒАДАН АЛҒАНДА БӨРІ ЕТЕКТЕН»
демекші ашаршылық кезеңінде «тап жаулары» мен «қоғамға қауіп
төндіретін элементтерді» кәмпескелеу науқаны қатар жүріп жатты. Мысалы
«кулак» деп табылған азаматтар мал ұстау, адам жалдау құқынан айрылып,
өзге аймақтарға тіпті, Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Олардың
құқы аяққа тапталды. Оның себебі бар еді. И.Сталин, В.Молотов 1932
жылдың 8 қарашасында барлық басқару органдарына мынандай жеделхат
жолдайды: «ЦК и СНК предупреждает вас, что случае если в кратчайший
срок не будет организован в республике действительный перелом в
хлебосдаче, они будут вынуждены прибегнуть к мерам репрессии»
(Хангелді Әбжанов, «Егемен Қазақстан», 22 мамыр 2012 жыл). Кулактар
өзінің меншігіндегі жерлерді иелену құқынан айырылды. Коммунаның
жерін игеруге мәжбүр болды. Және олардың мал-мүлкін тәркілеуге,
ешқандай сот араласқан жоқ. Байлардың қолындағы барын тартып алу үшін
жаңа құрылып жұмыс істей бастаған колхоз мүшелерінің жалпы
жиналысының қабылдаған шешімі де жетіп жатқан еді.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа, бандитизмге қарсы күрес
секілді науқан белең алды. Ақ гвардияның қалдықтары өзге де
коммунистерге қарсылық көрсеткен партиялардың мүшелері жат таптың
элементі ретінде танылса, партия қатарын жиі-жиі ондай жат элементтен
тазартып отыру жөніндегі жиындар жаңа советтік құрылымдар арасында
жиі өткізілді. Әсіресе 1931-1933 жыл аралығында ауылшаруашылығы
өнімдерінен
жоспарлы
көрсеткіштерге
қол
жеткізе
алмаған
шаруашылықтардың басшылары қуғындалды, сотталды, партия қатарынан
шығарылды. Тіпті ату жазасына ұйғарылды. Мысалы қазіргі Байзақ ауданы
аумағындағы Ынтымақ колхозының бастығы Доуб Бункайнатов 480 гектар
егістік алқабының 300 гектарына ғана дән сепкен. Мұрағат құжаттарында
кемшіліктің неден орын алғаны жайлы айтылмайды. Мүмкін қаржы,
өндіргіш күштер (адам күші) немесе техника жетіспеушілігі себепші болған
шығар, қалай десек те «қилы-қилы... қарағай басын шортан шалған заман
ғой». Қуаңшылықтың қатты болғаны сондай танаптардың аптап ыстық,
аңызақ желмен кенезесі кеуіп, алқаптағы дән шықпай жатып, күйіп кеткенге
ұқсайды. Ағын судың да жетіспеуі мүмкін. Болмаса осыншама алқаптан
6
жоспардағы 603 центнердің орнына бар болғаны 9 центнер өнім алу мүмкін
емес қой. Шаруашылықта мақта өндіру жоспары 1 пайызға ғана орындалған.
Әулиеата аудандық партия комитеті бұл ячейкада партиялық ұйымдастыру
жұмыстары дұрыс жүргізілмеген деп тауып, 1933 жылы бастығын қамаққа
алған. Бастықтың одан арғы тағдыры беймәлім. 1931-1933 жылдары партия
мүшелерін жат элементтерден тазалау аталған ауданның барлық
шаруашылықтарда жүрген. Мысалы Шаповаловка ауылында (бұрынғы
«Трудовой Пахарь» колхозының орталығы) партия ячейкасындағы Гринев
және Цепнев екеуі де партияға кандидат еді. Бірі ячейка бастығы, бірі
ауылдық советтің төрағасы. Алайда 1932 жылы ауылшаруашылығы
өнімдерін өндіру жөніндегі белгіленген жоспарды орындамаған осы ұйымда
шаруашылық мүшелерінің қатысуымен үлкен жиын болады. Аудандық
партия комитетінің өкілі мен басқосуда сөз сөйлегендер партия мүшелігіне
кандидат екі бастықты да астықты талан-таражға салды деген сылтаумен әрі
бұрынғы кулактардың құйыршық- қалдығы ретінде, Совет өкіметіне қарсы
жат таптың элементі деп таниды. Қостөбе ауылындағы «Красная Звезда»
колхозы құрылғанда шаруашылық есебінде 218 ат, 115 бие, 93 жабағы тай
болды. Ал 1933 жылдың қаңтар айына дейін осы малдың 10,5 пайызы ғана
қалған. Сол үшін бұл колхоз жат таптың элементтерінен былғанған деп
танылып, басқарушылар қамаққа алынады.
Құмжота колхозының партия ұйымының хатшысы Алтыбек Тілеукеев
қайтыс болған әкесіне діни рәсіммен бата жасату үшін үйіне 2 молда
шақырып, құран оқытады, 500 рубль ақша береді. Осы үшін хатшы орын
толмас өкінішке ұрынады. Үстінен түскен шағым арызға байланысты
ауылға
аудан
орталығынан
арнайы
құрылған
комиссия
келіп
шаруашылықтағы
есеп-санақ
жұмыстарын
тексереді.
Шаруашылық
жұмысына қаншалықты қатысы бар екені белгісіз 3 мың рубльді талан-
таражға салды және астықты тонады, совет өкіметіне жат әрекет танытты
деген айып тағып, партия ұйымының хатшысын ең ауыр- ату жазасына
кеседі. №15 ауыл советі бұл кезде 3 колхозды біріктіруші еді. Көкөзек
ауылында 7 адам, Қарасу ауылында 15 адам, Батырақ ауылында 8 адам-
барлық коммунистер саны 30 болатын. Партия ұйымының хатшысы Шере
Кұлмурзаев шала сауатты кісі екен. Мұнда да 1932 жылы мемлекетке астық
және мақта өткізудің науқандық жоспары орындалмай қалған. Ал Шере
жазасын жеңілдету үшін соңғы мүмкіндіктің бәрін жасайды. «Қуаңшылық
болды, су жетіспеді, тұқым дұрыс аудандастырылмады» деген шындық,
дәлел сөздер әдірем қалды. Бастық сол кездегі елімізде кең етек жайған
тоталитарлық жүйенің қатал тәртібінің бұғауынан құтыла алмады. Хатшы
жұмыстан босатылып, ісі сотқа беріледі. Бұл бір ғана қазіргі Байзақ
ауданына тән. Жалпы сол кездегі Әулиеата аудандық коммунистік
партиясына қарасты колхоздардағы астық, мақта, мал өнімдерінің жоспарлы
көрсеткіштерін орындай алмай жазаланғандардың сандары жетіп артылады
(облыстық мұрағат, 778-қор).
Әулиеата аудандық партия комитеті әр коммунисті мұқият тексеру
арқылы партия қатарын тазалау жұмыстарының қорытындысы шын
мәнінде репрессия жүргізумен тең еді. Жоспарды орындамаған басшылар
7
кінәлі болып табылған. Олар шынында да кінәлі ме еді. Әрине жоқ.
Олардың қолында шаруашылықты басқаруды жетілдірудің әдістемелік
құрал тетігі болған жоқ. Әрі табиғат құбылыстарын жерден реттеп
басқаратын жаратушы да емес, ауылдың қарапайым азаматтары болатын.
Бар қолдан келетіні жоғары жақтың тапсырмасын орындату үшін
қарамағындағыларды қорқытып, қолындағы қамшымен бастарына қара
аспанды үйіріп, аузынан боқтау сөзді төге жүріп жұмысқа жегу болатын.
Жазушы Ғалым Ахметовтың мына бір сөзі оған дәлел: «Қаладан
(Әулиеатадан Е. Ә.) алпыс-жетпіс шақырым жерде Новоивановка деген
орыс селосы бар екен, қазақтар оны Жетібай дейді. Селоның орыс
тұрғындары түгел дерлік қашып кеткен. (әңгіме 1931 жыл туралы болып
отыр. Е. Ә.)... Ауданнан келген бір жауапты қызметкер сол маңдағы колхоз
басшыларын жинап, мәжіліс өткізіп жатыр екен....колхоз басшыларын
біресе орысшалап, біресе қазақшалап боқтайды...осылай сөйлеспесең, бұлар
жоспарды орындамайды дейді» деп жазады ол өз естелігінде.
8. ҚАЗАҚТЫҢ МАЛЫ – ЖАНЫ, МАЛЫ – БАҒЫ
Осы жерде тақырыбымызға сай елімізге, тіпті біздің облысымызға да
ішінара тікелей қатысы бар мынандай бір мысалды айта кетпесе тағы
болмайды. Біз Совет өкіметі тұсында Қазақстан үнемі мал, оның ішінде, қой
шаруашылығын өркендетуде зор жетістікке жетті деп біржақты мақтаумен
келдік. Алайда сол кездегі Ресей, кейін совет өкіметінің билігі қазақ
жеріндегі қаншама сапалы азық-түліктен-ет өнімдерінен айрылғанын
мынандай цифрлармен дәлелдеуге болады.
1913 жылы қазақ жеріндегі жылқы саны 35 846 900, ірі қара
52 388 600, қой 80 305 000, ешкі 5 762 600, шошқа 16 844 200 екен. Барлығы
191 557 300 мал болыпты. Ал, атақты тың көтеру жылдарынан кейінгі 1961
жылы есеп бойынша жылқы - 4 233 900, ірі қара - 4 953 900, қой –
17 203 800, ешкі - 2 793 700, шошқа - 173 500 болатын. Яғни, қазақ жеріндегі
жалпы мал саны 29 358 800 бас қана болған. Сөйтіп бар болғаны 58 жылдың
ішінде қазақ жерінің ен төскейінде мыңғырып еркін жайылған төрт түлік
мал саны бақандай 162 миллион 198 мың 500 басқа азайған. Пайызға
шаққанда бар жылқының - 11,8, ірі қараның - 9,5, қойдың - 21,3, ешкінің
49,3, шошқаның 1,3 пайызы ғана қалған. («Победа социализма в
Казахстане». 1961 жыл 84- бет).
1960 жылдың ортасынан бастап еліміз мал санын арттыруды қолға
ала бастады. Қазақстанда шошқа мен қой санын өсіру жөнінде орталық
комитет арнайы қаулы қабылдайды. Жамбыл облысындағы жаңа
ірілендірілген
ауылшаруашылығы
артельдерінің
мүшелерінің
бәрі
бірауыздан мал шаруашылығын өркендету жөніндегі бастаманы бір ауыздан
қолдайды. Тіпті, сол жылдардағы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» және
аудандық газеттердің мақалаларына көз жүгіртсеңіз торай бағып, «бақ пен
бақытқа» кенелген қазақтарды да кездестіресіз. «Қойды 50 миллионға
жеткіземіз!» деген ұран да көтерілді. Ауыл жастарының белгілі бір бөлігі
жоғары білім алуды қойып, мектеп қабырғасынан шыға сала тек қана мал
8
бағуға жегілді. Бұл да кеңес өкіметі тарапынан жіберілген кемшіліктің бірі
еді. Алайда шошқа да, қой да көздегендей деңгейге жетпеді. 1985 жылға
дейін «қой 32-36 миллионға жетті» деген екі ұштылау мәлімет бар.
Сөйтіп, шет елдерде отарланған Австралия, Мексика, Аргентина, тағы
да басқа мемлекеттерде байырғы тұрғындардың ежелгі кәсібі мәдени түрде
жетілдіріліп, азық-түлік, оның ішінде, ет өнімдері арта бастаған тұста совет
мемлекеті керісінше малды қысқартуды көздеп, мал жайылымын жыртып,
тоз-тоз етті. Бертін келе халық саны, әл-ауқаты артқан кезде азық-түлік
қорының ішінде ет өнімдерінің жетпейтіні байқалды. Бұған дейін
Американың өзі қазақ жерінен сапалы ет өнімдерін алып келсе, совет
өкіметі орнаған соң бұл алыс-беріс мүлдем тоқтады. Патшалық Ресей
кезінде қазақ жерінің кез келген аймағында малдың көп болғанын және
оның баспа-бас айырбас құралына айналғанын мына цифрлар дәлелдей
түседі. Ресей 1910 жылы Әулиеатадан 10 мың ірі қара, 200 мың уақ мал, 14
мың жылқы, 9 мың сиыр, 20 мың түйе, 100 мың қой терісі, 60 мың пұт қой
жүні, 2 мың пұт түйе шудасын алған. Және бұл көрсеткіш жыл сайын
қайталанып отырған. («В борьбе единства мы нашли», Ә.Жүргенов 1972
жыл). Ашаршылықтың алдында 1928 жылы Қазақстанда ең ірі тәркілеу
жүргізілді. «Осенью 1928 года Казахстане было проведено еще одно
крупное и важное социально-экономическое мероприятие – конфискация
скота и имущества у 700 наиболее влиятельных баев – полуфеодалов. В
результате этого 150000 крупный рогатый скот и д...были переданы в руки
казахских трудяхщися масс» («Победа социализма в Казахстане», С.Бәйішев
1961 жыл). Осы тәркілеуден кейін ауылдық жерлерде қолында меншік малы
бар ауқаттылар санының 5 пайызы ғана қалған. Бұрын жалдамалы күш,
яғни, ауыл халқына нанын тауып беріп отырған байларды құртқан соң
жұмыссыздар көбейді. Ал тәркіленген малдың бәрі қарапайым
еңбекшілердің
қарнын
томпайтқан
жоқ.
Олар
бір
орталыққа
шоғырландырылып, коммуна меншігіне берілді. Одан әрі билік бұйрығымен
өзге аймақтарға жөнелтіліп жатты.
Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитеті 1929 жылы мал
шаруашылығын өркендету туралы шешім қабылдады. «Вопрос о формах
организации живодноводческих колхозов еще совершенно не проработан.
Необходимо в ближайшее же время провести обследование немногих уже
существующих
живодноводческих
колхозов
и
тщательно
изучить
результаты обследования» делінген сол жылғы қаулылардың бірінде.
Алайда
мемлекет
басшылары
мал
шаруашылығын
жедел
түрде
өркендетудің жолын таба алмай, бастаған істерінің тұйыққа тірелгенін сол
жылдардағы қабылданған құжат негіздеріне сүйене отырып зерделеуге
болады. Кемшіліктің ең басты себебі мемлекеттегі қазына қорының
таяздығы, қаржының жетіспеушілігі еді. Сол жылғы ВКП/б/ ОК ноябрь
/қараша/ пленумы былай деп атап өтеді. «Государственная помощь
колхозам оказывается лишь при условии растущих вложений в колхозы со
стороны самого крестьянства». Бұл кезең қолында малы барларды тіркеуден
қайта өткізіп, олардың арасында бай, кулак деп танылғанының малын
тәркілеп жатқан уақыт еді. Билік өкілдері жергілікті азаматтардың
9
шаруашылық жұмыстарын басқаруын қаламады. Кулактармен «жең ұшынан
жалғасып кетеді» деп ойласа керек. Сырттан «еті тірі» адам іздеді.
Сондай «еті тірі» адам басқарған көптеген шаруашылықтардың
қожалықтары малмен тез арада толыға бастады. «Еті тірі» адамдардың
құрамын кім толықтырды? Олар орыс революциясында тап жауларымен
күресте шыңдалып, жаңа өкіметтің сеніміне енген әрі советтік өнеркәсіп пен
өндіріс саласында ірі табыстарға қол жеткізген Ресейдің Мәскеу мен
Ленинградтың зауыт, фабрикаларынан Қазақстан жеріне жаңа құрылған
шаруашылықтарды
басқару
үшін
арнайы
жіберілген,
«жиырмабесмыңыншылар» деген атпен белгілі болған, жай ғана қатардағы
жұмысшылар болатын. Өмірі мен еңбек жолын қалалардағы өндіріс пен
өнеркәсіп салаларында бастаған олардың ауылшаруашылығы саласын
басқаруға қыры бар ма, жоқ па деген сауал ешкімді толғандырған жоқ.
Облыстағы алғаш артель болып құрылған және араға көп уақыт салмай
колхоз атауына ие болған қазіргі Жуалы ауданына қарасты Кантемировка,
Казанка, Алексеевка, Бурно-Октябрская, Бурное станциясы, Петровка,
Ново-Покровка секілді орыс елдімекендеріндегі шағын шаруашылықтарды
«жиырмабесмыңыншылар»
басқарды
(778-қор).
Олардың
ерекше
жеңілдіктерге де ие болғанын аталған қор құжаттары айғақтайды.
Жұмыстағы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары деп саналған олардың
әрқайсысы жеке баспанамен қамтамасыз етілді, үйлеріне телефон
байланысы орнатылды. Күнделікті атқарған жұмыстары қабырға газеттері
арқылы жарияланып тұрды. Ұжымдарға жолдамамен жіберген ұйым
басшылары олардың әрқайсысының іс-сапарының құнын толық төлеп
отырды. Жалақылары уақтылы қолдарына тиді. Өкінішке орай 1930-1931
жылдары нағыз жұт басталғанда олардың басым бөлігі келген жолдарымен
кері тартып отырған. Атап айтқанда олардан келген пайда шамалы болды.
Ауыртпалық тағы да кезінде орталық басқару саласының тізгінін бермеген
жергілікті қадрларға түсті.
Орталық комитеттің қаулысын басшылыққа алған Әулиеата ВКП/б/
аудандық комитеті 1930 жылдың 18-21 қаңтары аралығында 3-ші
кеңейтілген пленум өткізеді. Пленум соңында ауданда мал шаруашылығын
өркендету туралы қарар қабылданады. Онда аудан аумағындағы
совхоздардағы 300 ірі қараны 1933 жылға дейін 15000-ға, колхоздардағы
4000 ірі қараны 44000-ға жеткізу көзделген. 1930 жылы совхоздарда - 3000,
колхоздарда 35000 қой болыпты. Пленум қабылдаған қарарда 1933 жылы
қой санын тиісінше 100000-291000-ға жеткізу міндеті қойылған. Одан бөлек
жылқы, қоян, құс, шошқа шаруашылықтарын барынша жедел дамыту
туралы шаралар қарастырылады. Жергілікті жылқылардың тұқымын
жақсартып, асылдандыру мақсатында Ақыртөбе, Шаповаловка, №6 ауыл,
Кеңес, Беласар, Билікөл ауылдарынан қолдан ұрықтандыру пункттерін
ашуды мақсат етеді. Әулиеата қаласында қоян және құс түрлерін көбейту,
өнімділігін арттыру үшін тұқымын асылдандыру көздері де ұқыпты
қарастырылған. Спиртзавод жанынан 2000 малға арналған бордақылау
базасының, 5000 ірі қараға, 15000 уақ малға арналған мал қораларының
құрылысын 1930 жылдан кешіктірмей бастау керектігі міндеттелген.
10
Сонымен бірге мал майы мен сүт өнімдерін ұқсататын арнайы кешенді
құрылыс базасын пайдалануға беру туралы айтылады. Малды аман сақтау
үшін жаңа құрылған ұжымдарды білімді кадрлармен қамтамасыз ету,
жемшөп қорының әлеуетті базасын жасау да назардан тыс қалған жоқ. 1930
жылы кем дегенде 10000 ірі қара бордақылайтын 25 өндірістік бірлестік
құру және кем дегенде қоғамдық малды барынша көбейтетін 15 колхоз
ұйымдастыру керек делінген пленум қарарында (778-қор). Алайда бұл
болжамдардың жолы кесілді. Ол қалай кесілді?
(Мақаланың жалғасы келесі санда)
Достарыңызбен бөлісу: |