2. Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.
3. 1103,870,1021–әл–Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, Қ.А.Йасауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетіңіз.
Жауаптары:
1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті кұрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекеттің негізін Білге Күл Қадыр-ханның немересі Сатұқ Боғра-хан (915-955 ж.) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Огулшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашғарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті кұрылады. Қарлұқ кағанатының ыдырауына байланысты батыста Жетісудан Испиджабқа Шығыста Қашғарға дейінгі аумақ Қарахан мемлекетіне карады.Қарахан мемлекетінің этникалык күрамына жікіл, ягма,қарлұқ , огыз, қаңлы, үйсін сияқты тағы басқа да түрік тілдес тайпалар кiрген. Әсіресе, мемлекеттің кұрылуында басты рөл атқарған - карлұқ тайпасы. Одан кейін негізгі билеушілер яғма тайпасының арасынан шығып отырған. Хандардың Арслан хан, Богра-хан аталулары жікіл тайпасының тотемі арыстан, яғма тайпасының тотемі бура болуына байланысты қойылған.Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары - тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды. Басқару жүйесі осы үлкен жөне шағын екі бөлікке бөлінетін үлестерге қарай жіктелді. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Бұлар Қарлұқ қағанаты кезіндегі "күл - еркіндерге" ұқсас еді. Ханның мемлекеттік саяси-өкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай кызметкерлері тұрған.Жер иеленудің бір түрі "иқта", ал иеленушілер "иқтадар" (парсы сөзі) деп аталынған. Мемлекеттің негізін калаушы Сатұк Боғра хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылык басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол өзінің ыкпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар каласы болады. Алайда Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сулеймен-ілік Баласағұнда билік жүргізді. Аз уақыттан кейін Мұса қаза болған соң оның орнына Әли Арслан (960-990 ж.) хан болады. Хандықтың орталығы Қашқар болды. Әли Арслан Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып саналды. Міне, осы кезден бастап Сатұк Боғра ханның екі баласы - Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның ұрпактары арасында билік алма кезек ауысып отырды.XII ғасырдьң 30-жылдарында шығыстан қаракытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самарқан каласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста селжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауераннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, каракытайлар да Қарахан мемлекетінің ішкі баскару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген. Өздерін тыңдайтын хандарды сайлап, солар аркылы билігін жүргізіп отырған. Қарахан мемлекеті қаракытайларға толык тәуелділікке түседі. Алайда ішкі билік өз қолдарында калған қарахан билеушілері қарақытайлар үшін алым-салык жиғанда өздерінің де қазыналарын молайтып алуды көздеген.Қарақытайлардың ішкі баскару жүйесіне араласпауын пайдаланған қарахандықтар Самарқан, Бұхара, Үзкент калаларында өздерінің ықпалын күшейткен. Самарқан мен Үзкентте төл ақшаларын шығарған.Селжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастайды. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті карақытайларға соққы береді. Бұл жағдайды байқап отырған Қарахан билеушілері Хорезм хандығын қолдап, төуелсіздіктерін алуға тырысады. Талас бойында қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед Самарқанға оралып, өзіне опасыздық жасағаны үшін Қарахан ханы Оспанды катаң жазалайды. Батыс иеліктің ханы 1212 жылы қаза болып, Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады.Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.