Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет11/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

Қара қытай (кидандар). 
Қара қытайлардың (қидандардың)- 
қиыр шығыс монгол тайпаларының шапқыншылығы және 
олардың Жетісуда өз мемлекетін қүруы (1130-1210) қарахандар 
иелігінің бір бөлігін үзақ уақыттар бойы қидандардың вассалына 
айналдырды. X гасырдың басында Солтүстік Маньчжурия мен 
Монголияда Ляо қидан мемлекеті (907-1125) қүрылды, олар Сун 
империясының (968-1279) бір бөлігін жаулап алды. Қидандар- 
дың оскері Солтүстік Қытайды, танғүттарды, чаган-татарларын 
бағындырғаннан соң, Селенг пен Орхондағы Үйғыр кағанатының 
бүрынгы жерлерін иеленіп, Алтай мен Тарбағатайға қарай 
қозгалды. 1125 жылы қидандардың мемлекетін Қытай мен 
маньчжурдың чжурчжень тайпасымен бірлескен әскері талқан- 
дап, қидандардың бір болігі Елюй Даши бастауымен батысқа 
көшті. Джувейнидің айтуынша, қидан көсемі бастауы-мен олар 
қырғыз жеріне ығысқанда қырғыздар қидандарға қарсы қатты 
қарсылық көрсеткен. Сосын Елюй Даши әскері 
Еміл жеріне 
барып, 1125 жылдары тап осы атаумен қала түрғызды. Осы жерге 
қоныстанған қидандар алғашқы кезде жергілікті билеушіге 
бағынды. 
Баласағүн билеушісі қидандарды кангарлар мен 
қыпшақтарға (печенегтерге) қарсы соғысуға шақырды, бірақ 
қидандар 
Баласағүнды 
жаулап 
алып, 
билеушіні 
тағынан 
тайдырып, өзінің дербес мемлекетін қүрды, оны Қара қытай 
атады, яғни Қара қидандар елі дегенді білдірді.
1137 жылы қидандар Ходжент түбінде Махмуд ибн Мухалид 
бастаған қарахандықтар әскерін түп-түгел қырып салды. Махмуд 
селжүк сүлтаны Санжардан комек сүрады. Сүлтан Санжардың 
100 мың атты әскерінің қүрамына Систан, Гур, Газна, 
Мазандеранның да әскерлері болып, Самарқандқа қарай қозғал- 
ды. 1141 жылы 9 қыркүйекте Катван даласында шайқас болды, 
селжүктер жеңіліп, соғыста 30 мың жауынгер қаза тапты. Санжар 
мен Махмуд Термезге қашып кетті. Хорезмді жаулап алуға 
айырықша отряд аттанды.
Сөйтіп, XII ғасырдың 30-40 жылдары қазіргі Қазақстанның 
Оңтүстік-Шығыс аумағы, Бүхара мен Самарканд, сондай-ақ 
Мауараннахр аймағы қара қытайлардың қоластына қарады. Бүл 
мемлекеттік бірлестіктің шекарасы түрақсыз болып, саяси 
ахуалдарға байланысты қидандардың вассалы орі оларға алым- 
салық төлейтін Тянь-Шаньнан Хорезмге дейінгі, ал оңтүстігінде
45


Әмудария жағалауларындағы аумақтар өзгеріп отырды. Қидан- 
дардың елбасшысы гурхан титулы н иеленді, ол «хандардың 
ханы» дегенді білдіреді. Гурхан әскерде қатаң тәртіп орнатып, 
түрғындарды тонауға тиым салды, түрақты салықтарды бекітті. 
Гурхан өзінің ордасын Баласағүн түбіндегі Қүз-Ордада қүрды. 
Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды, енді билік гурханның 
жесірі Табуянға ауысты, ал 1150 жылы оның үлы Елюй Иле 
гурхан тағын иемденді. Оның кезінде алғаш рет халық санағы 
жүргізілді, 84 мың отбасы тіркелді, сірә, бүл Сырдария мен Еміл 
арасын қоныстанған түрғындар болуы керек. Иленің олімінен 
кейін 1163 жылы елді Елюй Дашидің 
қарындасы Бусуган 
басқарды.
1169 жылдан 1203 немесе 1214 жылға дейін билеуші болған 
ең соңғы гурхан Чжилугу (Чжулху) кезінде бүл аумақта түбегейлі 
өзгерістер жасалды. Орталықтан басқаруды жергілікті жерге беру 
айналып келгенде қара қытай әскербасыларының шын мәнінде 
автономиялық, яғни дербес билеушілері болуына әкеп соқты. 
1212 жылы моңғолдардан ығысқан наймандар Күшлік ханның 
басқаруымен бүл аумаққа қарай ауды. Бір жағынан Күшлік пен 
екінші 
жағынан 
хорезмшах 
Ала-эд-Дин 
Мүхамед 
қара 
қытайларға соққы берді, ал олардың иелігі болған Жетісуға енді 
наймандар билік жүргізді.
3.7. Наймандар. Керейлер
Сегіз-оғыз (түркіше сегіз тайпаның одағы) деп аталған найман 
тайпалар одағы VIII ғасырдың ортасында жоғарғы Ертіс пен 
Орхонның арасында пайда болды. Олар Ханганнан Тарбағатайға 
дейінгі жерді иемденді. 840 жылдан кейін Орталық Азия 
көшпенділерінің 
конфедерациясы 
қалыптаса бастады, 
бүл 
деректерге қарағанда, солтүстіктегілер, солтүстік-батыстағылар 
және батыстағылар деп аталады. 
Қидандар цзубудың батыс 
тобын наймандар, ал солтүстігіндегілерін керейттер деп бөлді. 
Цзубудің барлық билеушілері «далай хан» атағын иеленді.
XI ғасырдың бас кезінде 
наймандар христиан дінін 
қабылдады. Мүның өзі наймандардың ерте феодалдық кезеңде 
басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байла- 
ныста болғанын дәлелдейді. Қидандар мемлекеті қүрылғаннан 
кейін наймандар оның қүрамына кірген, бірақ Елюй Даши олімі- 
нен кейін тәуелсіздік алып, оздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге 
Буху-ханды 
тағайындады. 
Найман 
мемлекеті 
батысында
46


керейлерден бастап, Батые Монголия мен Шығыс Қазақстан 
аумағын мекендеді. XII ғасырдың аяғында, XIII ғасырдың басын- 
да найман хандығы екіге бөлінді, оны Инанчтың екі үлы: Даян 
хан мен Бүйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даян 
ханды, 1206 жылы Бүйрық ханды талқандады. Даянның үлы 
Күшлік хан найманның қалған әскерін жинап, қидан мемлекетіне 
барып бас сауғалады. Ол қидан билеушілерінің тілін таба біліп, 
наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта қоса 
бастады. Күшліктің қуаты тез күшейді. Хорезмшах Мүхаммедтің 
әскерінен жеңілгеннен кейін қидандар өлкеде нақты биліктен 
айырылды. 1211 жылы наймандардың билеушісі Күшлік хан 
кидандарды тізе бүктіріп, 
өзінің ордасын Жетісуға көшірді. 
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның толықтай билеушісі болған 
Күшлік 1213 жылы Алмалықтағы мүсылмандар иеліктеріне 
қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. 
Күшліктің әскері 
Алмалықты 
алғанымен 
моңғолдардың жақындап 
қалуына 
байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды 
талқандап, қашып кеткен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс 
Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.
Керейлер (керейттер). Керейлер туралы алғашқы мәліметтер 
олардың христиан дінін қабылдауына орай XI ғасырдың 
төртінші ширегінде кездеседі. Керейлер Орхон өзенінің орта 
ағысы мен Онон өзенінің аңғарларындағы жерді алып жатты. XII 
ғасырдың 50-ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы 
қатынасы шиеленісті. Қытайлықтарға қарсы керейлердің күресін 
бастаған Маргуз-хан түтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Оның 
өлімінен кейін Хүджар Бүйрық-хан биледі. 80-ші жылдарда 
Хүджар Бүйрық-ханның үлы Тоғырыл монгол басшысы Теме- 
шенге (Шыңғыс ханның бүрынғы есімі) қолдау көрсетті. 1183 
жылы керейлер мен моңғолдар 
Қытаймен одақтаса отырып, 
татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл қытайдың ван титу- 
лын иеленді, бүл егеменді қүқығы ресми 'мойындалған патша 
дегенді білдіреді. Тоғырылды Ван-хан деп те атайды. 1203 жылы 
бүрынғы одақтастар арасында соғыс өрті бүрқ ете түсіп,ол 
керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның үлы 
Сангум қаза тапты, керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбай 
бастауымен солтүстік-батысқа Ертіс өзенінің орта ағысына қарай 
қашты. Ал керейлердің басым бөлігі монгол мемлекетінің 
қүрамына енді.
47


Моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның 
этникалык 
процесіне үлкен эсер етті, соның салдарынан кошпелі халык 
орасан зор аймаққа көшіп-қонды, бүл моңғол дәуірінен кейін де 
коптеген халықтардың этногенезінде маңызды рол аткарды. 
Моңғолдардан жеңілгеннен кейін наймандар мен керейлер 
біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның 
ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың казақтар 
қүрамындағы үлесі едеуір, моңғол дәуірінде олардың басым 
болігі Сырдарияға, қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп, қазақ 
этносының қалыптасуында белсенді рол атқарды. Керейлердің 
бір болігі батысқа, Еділ бойына үмтылды, онда олар өздерінің 
керей этнонимін сақтап қалды және кейін осы атаумен өзбектер 
мен қырғыздар қүрамына енсе, азғантай бөлігі 
қазақтар 
күрамына кірді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз жағалауын- 
дағы далалық жер атауларында кездеседі. Керейлердің екінші бір 
бөлігі 
Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына 
керей (қара-керей, абақ-керей) атауымен енді, сөйтіп бүрынғы 
«кереит» деген этноним атауындағы «т» жалғауы алынып калды.
Бүл кезде Орта Азия, Жетісу және Қашғария жерінде өзіндік 
жаңа этникалық түрге айналып, онда жаңарған әлеуметтік, 
экономикалық қүрылымдар, рухани мәдениет қалыптасты. 
Соның нәтижесінде феодалдық мемлекет қүрылып, түрік 
тайпалары отырықшылыққа кеше бастады, қалалар салынды, 
бірнеше тайпалардан түратын этникалык. қауымдастықтың тілі 
мен жазуының жалпыға ортақ бір тілде болуы оның оркениет 
дәрежесінің қандай болғанын корсетеді. Өкінішке орай моңғол 
шапқыншылығы осындай жүйелі дамудың табиғи процесін бүзып 
кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет