3.5. Оғыздар
Мафазат әл-гузз (Оғыздар даласы) оғыздар мемлекеті IX
ғасырда Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысында, Арал
маңы мен Батыс Қазақстанның кең даласында пайда болды.
Оғыздар коптеген рулық бөлімдері бар тайпаларға бөлінді,
айталық, X ғасырда тайпаларының саны 22-ге жетті. «Диуани
лүғат ат түрк» шығармасында оғыз тайпаларының мынадай
тізімдері келтіріледі: қынық, баяндүр, ива, салур, афшар, бектілі,
букдүз, баят, язгыр, имур, қарабүлақ, игдыр, урегир, тутырка,
ула-йондулуг, тюгер, джебни, беджене, джувулдар, джаруклуг.
Оғыздар қүрамына негізінен арал-каспий аймағының ежелгі
түркіленген түрғындары, сонымен қатар Жетісу мен Сібірдің
көшпелі түрік тайпалары мен рулары енді. Оғыз тобының негізі
Жетісуда қалыптасты, бірақта түрік империясы қүлағаннан кейін
батысқа қарай жылжу процесінде Орталық және Батыс
Қазақстанның көшпелі түрғындары есебінен толықты. Әсіресе
далалық жерде орналасқан оғыздар арасында монголоидтік түр
басым
болды,
дегенмен
олардың
ішінде
еуропеоидтық-
монголоидтық түрлерде кездесті.
Әл-Масуди: «Түріктердің ішіндегі ең бойы аласалар да, ең
көзі қысықтары да оғыздар» деп жазды. Ортағасырлық авторлар
олардың бетінде сақал-мүрты сирек және жалпақ мүрынды
екендіктерін келтіреді. Батыс Қазақстандағы оғыз қорғандарынан
табылған бас сүйектер олардың моңғолдық түрге де, еуропалық
түрге де жататынын дәлелдейді. Ең жедел түрдегі этникалық
ассимиляция процесі ең алдымен Орта Азияның оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы оғыздардың арасында жүргені анық. Оғыз
халықтарының қалыптасуы бүрынғы қандастық байланыстардың
40
ыдырауымен.
жаңа
аумактык-шаруашылык
бірлестіктердің
кұрылуымен, әуелгі феодалдык катынастардың пайда болуымен
катар жүрді. Біракта казак, кыргыз, татар, башкұрт, түркімен,
өзбек жэне каракалпак арасында бүл процесс онша жүре койған
жок. Огыз этнонимдері казактың Кіші жэне Орта жүз рулары мен
тайпаларының атауларында сакталған.
X ғасырда огыздардың астанасы маңызды керуен жолында
орналаскан Сырдария бойындағы Жаңакент (казіргі Қазалыға
жакын жерде) каласы болды. Олардың куаты IX гасырдың 90
жылдарында күшейді. Сол кездері олар Арал мен Каспий
маңындағы
түрік тайпалары
болып
есептелетін
көшпелі
печенегтерді талкандады. Арал бойындағы печенегтер мен
огыздар арасындагы сотые жүз жылдан аса уакытка созылды.
Оғыздар мен олардың одактасы Хазар каганатының шапкын-
шылыгы салдарынан печенегтер (баджина) Қара теңіз жагала-
уына көшіп кеткен, X гасырда олар Киев Русі мен Византияга
жасаған шабуылдарымен дүниені дүр сілкінткен еді. (Печенегтер
үрпағы гагауздар - түркі тілдес халык, Молдовия мен Украина-
ның оңтүстігінде түрады). Огыздардың өркендеуінің нағыз
шарыктау кезеңі X гасырдың екінші жартысына түспа-тұс келеді.
965 жылы Киевтің князі Святославпен бірлесіп, бірнеше гасырлар
бойы арабтарга, Византияга, Киев Русіне және огыз мемлекетіне
табанды түрде карсы түрып келген түрік мемлекеті - Хазар елін
тарихи картадан сызып тастады. 965 жылы оғыздар орыс
князьдарымен одактаса отырып, Еділ бойындагы Бүлгарларды
жеңді.
XI гасырда огыздар Иран мен Алдыңғы Азияга карай жылжы-
ды. Бүл козгалысты Селжүктің немерелері кынык тайпасының
билеушілері Тогруыл-бек пен Чогры-бек бастады, козгалыска
катыскандарды тайпаның атауы бойынша селжүктер деп атады.
1025 жылы селжүктердің бір бөлігі казіргі Түркіменстандагы
Неса каласында коныстанды. 1034-1035 жж. оган Тогруылдың
кол астындагылар косылды. 1038-1040 жж. селжүктер Нишапур-
ды басып алды. 1041 жылы жабғу Шахмэлік баскарып тұрган
кезде огыздар Хорезмді жаулады.
Бірак, XI гасырда огыздар
біртіндеп әлсіреп, өзара кыркысу мен толкулар басталып,
селжүктердің кысымы күшейді. Огыз мемлекеті XI ғасырдың
ортасында түрік тайпаларының шығыстан келген шапқыншылы-
гының жаңа толкынынан күлады. Бүлар кыпшактар еді, оларды
көне орыс жазбаларында половецтер, ал византиялык жэне
41
еуропалық деректерде коман, қүман деп атаған. Оғыздар
мемлекеті ХІ-ХІІ ғасырларда Орта және Таяу Шығыстың бәрін
Түркменстаннан Кіші Азияға дейін билік қүрған Селжүк
мемлекетінің қүрылуына негіз болды, Осман империясының түп-
тамыры сонда жатыр. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропаға
кетіп, Киев княздігіне қызмет етті, енді бір бөлігі торық (түркі
тілдес тайпа) және гуз атауымен қарахандар билігіне қарады. Ал
атажүртында қалғандары XI ғасырдан бастап Қазақстан даласына
және Шығыс Еуропадан Дунай және Карпатқа дейін аумақка
билік жүргізген Дешті-Қыпшақтың (қыпшақтар елінің) түркі
тілдес тайпаларының қүрамына енді.
3.6. Қимақтардың, кыпшактар және кара
кытайлардың мемлекеттері
Қимактар. IX ғасырда қазақ даласында саяси аренаға қимақтар
мемлекеті шықты. Қимақтар федерациясының алғашқы қүрамы
Гардизи еңбегінде келтірілген. Бүл одаққа жеті тайпа енген: эймур,
имак, татар, баяндүр, қыпшақ, ланикяз, аджлад. VII ғасырдың
ортасында қимақтар солтүстік Алтайды,
Ертіс жағалауын
мекендеді, өздері Батыс-түрік қағанатының қүрамында болды.
Қағанат қүлағаннан кейін 656 жылы қимақтар бөлініп, қимақ
тайпалар одағының негізін қалады. 840 жылы Үйғыр қағанаты
қүлағаннан кейін оның қүрамында болған тайпалар ( эймур,
баяндүр, татар) қимақ бірлестігіне
енді. «Байгу» («ябгу» деп
бүзылып айтылады) деген титулды, ал кейін ябгуге қарағанда екі
есе жоғары түратын хахан деген жоғары түрік титулын иеленген
билеушісі бар қуатты мемлекет қүрылды.
Орта ғасыр тарихшыларының мәліметтері бойынша X
ғасырдың бас кезінде көшпелі қимақ тайпаларының қоныстанған
жерлері: батысында Оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығысынан
бастап
Арал
теңізі
жағалауларындағы
далаларға
дейін,
оңтүстігінде Орталық Қазақстаннан Солтүстік-Шығыс Жетісуды
қоса алғанда, Солтүстік Балқаш өңіріне дейін, шығысында Батыс
Алтайдан Қүлынды даласына дейін, солтүстігінде орманды
далалық аумақта созылып жатқан. Олар Ертістің орта ағысында,
сондай-ақ Солтүстік-Шығыс Жетісуда шоғырланып түрды.
Ал-Идриси «Нузхат ал-муштак» (XII ғ.) кітабында қимақ елін
былайша суреттейді: «Қимақтардың патшасы - тегеуіріні мықты,
өзінің қадір-қасиеті жоғары түратын үлы патшалардың бірі.
42
Қимактар саны жағынан көп халық, олар қасиетті күшке сенеді,
отқа табынады. Олардың ішінде зиндики-манихейлер бар.
Олардың түрғын үйлері шалғынның және қалың орманның
арасында болады. Жайылымды ауыстырып, көшіп-қонып отыра-
ды. Тараз қаласынан қимақ патшасының орналасқан жеріне дейін
қарлүқ-түрік еліне баратын шөлейт жер арқылы 81 күн жол
шектік. Қимақтар елінің көлемі жағынан өте ауқымды, жері
мейілінше қүнарлы әрі өнделген. Қимақтар оңтүстігінде оғыз-
дармен, батысы мен оңтүстігінде қарлүқтармен, сондай-ақ
шығысында Мрак теңізімен шектеседі... Қимақ патшасының он
алты қаласы бар. Олар: Астур, Наджа, Бурах, Сисан, Манан,
Мастанах, Хакан деп аталатын патша қаласы, Банджар, Даклан,
Ханауш. Патша қаласы Хакан темір кақпасы бар айналасы
дуалмен қоршалған өжептәуф қала. Қимақтар патшасы алтынмен
тігілген киім киеді, басында алтын тәжі бар, халықпен жылына
төрт рет кездеседі. Астана халқының жағдайы жақсы, былайша
айтқанда тамағы тоқ, көйлегі көк. Ең қүнарлы жер солардікі және
өзі өңделген, өмірге қажетті нәрсенің бәрімен толық қамтылған,
жүмсайтын шығындары да әр алуан, өздері іскер. Тек ақсүйектер
ғана қызыл және сары жібектен тігілген киім киеді».
XI
ғасырдың екінші жартысында Оғыз жерін басып алғаннан
кейін қыпшақтар айтарлықтай күшейді және бүрынғы қимақ-
қыпшақ орналасқан негізгі аумақта күші мен қуаты жағынан
алдыңғы орынға шықты, қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің
саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге
қыпшақтарға
тәуелді
болып
қалды.
Қыпшақтар
қимақ
мемлекеттігінің мүрагері болды.
Қыпшактар. Қыпшақ этнонимі алғаш рет VII ғасырда
кездеседі, қыпшақтардың
бірінші мекендеген жері Ертістің
жоғарғы сағасы және оған қапталдас Шығыс Қазақстан даласы
мен Алтай тауының сілемдері. VIII-X ғғ. қимақтар мен қыпшақ-
тар алдымен Алтайға, Ертіс бойы мен Шығыс Қазақстанға, сосын
Орал бойына, Орталық Қазақстандағы өктемдігі дала аймағында
айқындаушы факторға не болды. X ғасырдағы парсы тіліндегі
«Худуд ал-алам» шығармасы бойынша, қыпшақтардың бір бөлігі
«Андараз Хифчак» аймағын мекендеген, бүл Орталық Қазақстан
аумағында болуы керек, екінші бөлігі - оғыздармен көрші болып,
Батыс Қазақстан даласын мекен еткен. Солтүстікте олардың
көшетін қоныстадэы Батыс Сібірге дейін барған.
43
XI ғасырдың ортасы мен XII ғасырдың басында моңғол
кезеңіне дейінгі қыпшақтардың көшіп-қонуының соңғы сатысын-
да қыпшақ тайпасының 5 тобы қалыптасады: 1) алтай-сібір;
2) қазақ-жайық бойы; 3) днепрлік, қырымды қоса алғанда; 4)
дондық, кавказ маңын қоса алғанда; 5) дунайлық, балканды коса
алғанда. Орыстар оларды половец, Еуропа - коман, Шығыста -
қыпшақтар деп атады.
ХІ-ХІІ ғғ. Қазақстан аумағында түрған қыпшақтар екі қанатқа
бөлінді. Бірінші канаты Торғай даласын, Жан, Жайық, Еділ
өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны
елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Торғай өңірінде
жоғарғы ханның ордасы болды. Сол қанат Орталық және Шығыс
Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралыктағы
жерді қамтыды. Орталығы Сығанак каласы болды, оның ханы
үран тайпасынан шыққан. XI ғасырдың аяғында олар оғыздардан
Янгикент, Жент және басқа Сырдария алкабының қалаларын
тартып алды.
XII ғасырдың аяғында қыпшақтар мен хорезмдіктер арасында
көптеген қақтығыстар болды. 1200 жылы жаңадан хан болған
Алп-Дерек өзін Хорезмнің вассалы екендігін мойындайды.
Хорезм шах
қидандарды
тізе
бүктірген
соң
Алп-Дерек
Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы барлық жерлерде
билік жүргізді. 1210 жылы ол астананы Отырарға кошірді әрі
Гайыр-хан титулын алып, хорезшах атынан оны басқарады.
Моңғол кезеңіне дейін қыпшақтар ханы Атрак Грузия
патшалығының IV Давид және оның мүрагерлерімен әскери істі
үйымдастыруда маңызды рол атқарғаны белгілі. Қыпшақ ІІІанс-
ад-Дин Ильдигиз Әзірбайжандағы ильдигиздер династиясының
негізін қалаушы болды. Көптеген қыпшақтар византиялық
ақсүйектермен отбасылық жағынан туысқандык орнатты, олар
жоғары лауазымдарды иеленді, мысалға кыпшақ қолбасшысы
Алпамысты айтуға болады. 1185 жылы қыпшақтардың батыс
канаты Қазақ ханның басқаруымен Каял өзенінде орыс әскерін
талқандаған,
бүл
жонінде
«Игорь
полкі
туралы
соз»
шығармасында келтірілген.
Қыпшақтар қазақтардың, ноғайлардың; қырым, сібір, еділ
бойы
татарларының,
башқүрттардың,
қарақалпақтардың.
өзбектердің, қырғыздардың, қарашайлардың, балқарлардың,
қүмықтардың, түркімендер мен баска да түркі халықтарының
этногенезінің елеулі қүрамдас болігі болғаны анық. Олар түрік.
44
венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монгол, қытай, үнді жоне
араб халықтарымен де араласып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |