3.8. Қазакстанныц ортағасырдағы
қалалық мәденнеті
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер отырыкшы
егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған кошпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. Кошпелі
тайпалар мен отырықшы аймақтардың мәдениеті органикалык
түтастықта бірыңғай мөдени жүйені қүрады.
Батыс-түрік қағанатында ерте ортағасырлық қалалык жоне
егін шаруашылығы мәдениеті соғдылардың тікелей араласуымен
калыптасты. Соғдылар ерте ортағасырда Үлы Жібек жолындағы
Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Солтүстік Қытайда
48
сауда-саттық, егін шаруашылығына үстемдік жасай бастады. V-
VIII ғасырларда Талас, Шу, Іле өзендері алқаптарындағы
соғдылар ондаған қалалар мен бекіністер салды. Олар колемі
жағынан Орта Азияның ерте ортағасырлық қалаларынан кем
түскен жоқ.
Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі
аймақтар, ал орта ғасырдың ортасында қалалық мәдениет
дамыды. Олардың бірі
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді.
Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб, (Сайрам), Газгирд, Шараб,
Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран төрізді ірі қалалар бой
котерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мүнда
көптеген тауарлар ондірілді, бүл жерден маталар, қару-жарақтар,
мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық
авторлардың бірі,
Түркістан шекарасындағы Мауараннахрдың
үлкен де, ірі калаларының бірі. Ол Алла елдерінің оркендеген
және керемет қалаларының бірі, жері қүнарлы, ағаштары коп,
суы мол және ғажайып бақтары бар».
Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың
өзінде белгілі еді. Тап осында түрік қағаны Иштеми 568 жылы
Земарх бастаған
Византия
императоры
Юстиниан
ІІ-нің
дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды
саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлүқ-
тар мен қарахандардьгң астанасы болды. Талас, Асса өзендерінің
бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жікіл,
Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат
және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан
Шуға дейінгі жолда
Ақыртас, Қүл-Шуб, Жуль-Шуб, Қүлан,
Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII
ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер,
парсылар мекендеген ірілі-үсақты 25 қала болған. Бүл Харан-
жуан, Жуль, Навакет, Бунджикет, Қүрмырау, Суяб, Баласағүн,
Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалалары-
ның қатарына Тальхиз (Талғар), Қоялық, Дунгене, Алмалық (Ал
маты), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте жөне оңтүстік-
шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.
Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ,
Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және
Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір,
Нүра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында 78 қаланың орны
49
табылды. Нүра алқабында Ақсикент деп аталатын мейілінше ірі
қала болған, Сарысу жағалауында Жүбаныш пен Үлыбағыр,
Торғайдың төменгі сағасында - Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық
қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында 16 қимак
қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимак қалалары
қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын
монументті қүрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы
Бабадж-хатун (X-X1 ғғ.), Айша-бибі (XI-X1I ғғ.) кесенелері,
Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы
Сырлытам,
Орталық
Қазақстандағы
Домбауыл
кесенесі
ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан
қалаларының сәулеті бүрынғы өткен заманның сәулет өнерімен
тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, қүм, ағаш
қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы
көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен
қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек
көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ,
сонымен бірге
отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен
қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-
бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |