Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
10.1. КСРО-нын ыдырауы және ТМД-ның қүрылуы
80-ші жылдардың аяқ кезінде үлттық тәуелсіздік пен 
мемлекеттік егемендік мәселелері бірінші кезекке шықты. «Тіл 
туралы» заң жобасы жарияланғаннан кейін бүл қүжат Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесінің 
кезектен тыс он төртінші сессиясында 
қабылданды. Талқылаудан кейін заң мынадай редакцияда «Қазақ 
КСР-індегі тіл туралы Қазақ Социалистік Республикасының 
заңы» деп қабылданды. Бүл заң 
қоғамдық-саяси 
жағдайды 
түрақтандыруға және үлтаралық қатынасты едеуір жақсартуға 
мүмкіндік берді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі 
болып жарияланып, 
орыс тілі 
үлтаралық қатынас тілі 
мәртебесіне ие болды. 1989 жылы Заңға толықтырулар енгізіліп, 
казақ 
тілін 
өркендетудің 
Мемлекеттік 
бағдарламасы 
қабылданды, онда ана тілімізге алдымен материалдық қолдау 
көрсету, тілді дамыту ісі көтерілді. Бір жылдың ішінде, яғни 
1990 жылдан 1991 жылға дейін қазақ бала-бақшаларының саны 
482-ге көбейді, ал республика бойынша оның жалпы саны 1677 
болды. 155 жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-техникалық училище 
ашылды. Республикада бірінші рет қазақ тілінде іс жүргізетін 
және машинка басатын мамандар даярлайтын қалалық кәсіптік- 
техникалық 
училищелер 
үйымдастырылды. 
1988 
жылы 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1920- 
1950 
жылдары 
саяси 
қуғын-сүргін 
қүрбаны 
болған 
Ш.Қүдайбердиев, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, 
М.Дулатов тәрізді халықтың даңқты үлдары ақталып, есімдері 
қайта оралды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 40- 
шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың 
бас 
кезіндегі идеология мен ғылым мәселелеріне қатысты бірқатар 
қаулыларының 
күші 
жойылды. 
Сондай 
теріс 
пиғылды 
қаулылардың қатарында 
1947 жылғы 21 қаңтарда шыққан 
«Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының 
орескел саяси қателіктері туралы» қаулысы да бар еді.
1990 
жылы 
24 сәуірде 
Жоғарғы Кеңес 
Президент 
лауазымын бекітіп, ол өзінің шешімімен Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің 
Бірінші хатшысы 
Н.Назарбаевты
2 6 8


республиканың бірінші Президенті етіп сайлады. Одақтас 
республикалар 
КСРО-ны егеменді елдердің одағы етіп қайта 
қүруға дайындалды. 
1990-1991 жылдары 
Жоғарғы Кеңес 
«Мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру туралы» және 
«Жергілікті 
өзін-өзі 
басқару 
және 
Қазақ 
КСР 
халық 
депутаттарының 
жергілікті 
Кеңестері 
туралы» 
заңдар 
қабылдады. Бүл заңдар республиканың билік органдары мен 
басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістердің бастамасы болды. 
Республика үкіметі өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге 
мүмкіндік беретін аса маңызды экономикалық бірқатар заңдарды 
қабылдады: «Қазақ КСР-індегі меншік туралы», «Қазақ КСР 
сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері туралы», 
«Қазақ КСР-індегі 
еркін экономикалық аймақтар туралы», 
«Қазақ КСР-індегі шетелдік инвестициялар туралы» және т.б. 
Осының бәрі сауда-саттықтың өсуіне әсерін тигізіп, ол 1990 
жылы 
1,5 есе артты. Коммерциялық, инновациялық және т.б. 
банктердің қүрылуы іскерлік қызметті жақсарта түсті. 
1990 
жылы 
қарашада 
Сауд Арабиясымен бірлесіп, 
бірінші рет 
шетелдіктердің қатысуымен «Аль-Барака Банк Қазақстан» 
қүрылды.
1990 
жылы «Экономиканы түрақтандыру және нарықтық 
қатынастарға көшудің бағдарламасы» қабылданды. Бүл қүжат 
мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа отудің 
басты 
шарты 
ретінде 
қарастырылды. 
Мемлекеттік 
меншікті 
жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. 
«Шағын 
жекешелендіру» деп аталатын 
бірінші кезең (1991-1993) 
мемлекеттік түрғын үйді купон 
механизмі арқылы 
жеке 
меншікке 
беруді және әлеуметтік, мәдени және түрмыстық 
объектілерді жекешелендіруді қамтыды. «Үлкен жекешелендіру» 
деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік 
меншікті азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды.
1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ 
КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдады. 
Бүл Декларацияда негізінен 
мына мәселелерге 
мән берілді: 
КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде 
жүзеге асады; 
республика әкімшілік-аумақтық қүрылымға, 
саяси, 
экономикалық, 
әлеуметтік 
және 
мәдени-үлтық 
қүрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. 
Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бүзатын КСРО 
заңдарының қолданылуын тоқтатуға қүқылы; Қазақстанның оз
2 6 9


шекарасындағы аумағына қолсүғылмайды, бөлінбейді және оның 
келісімінсіз өзертілмейді; 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
келісімінсіз оның аумағында 
басқа мемлекеттердің 
оскери 
қүрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; 
Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдык 
қауіпсіздік орган дары н үстауға қүқылы. Қазақ КСР халықаралық 
қатынастарда дербес, озінің мүдделеріне сай сырқы саясатын 
жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ 
КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып 
табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді.
1991 жылы 19 тамызда КСРО-да Төтенше жағдай жөнінде 
мемлекеттік 
комитеттің 
қүрылғандығы 
туралы 
(ТЖМК) 
жарияланды, Фороста демалып жаткан КСРО Президенті 
оқшауланып қалды, бүл 
шын мәнінде мемлекеттік тоңкеріс 
жасауға жасалған әрекет еді. Сол күні ТЖМК №1 каулы 
шығарып, ол 
«КСРО Конституциясы мен заңдарына қайшы 
келетін 
билік және басқару органдарының 
заңдары мен 
шешімдерінің күші жойылсын, митингілер мен демонстрациялар 
жасауға тыйым салынсын, 
бүқаралық ақпарат қүралдарына 
бақылау орнатылсын» деген талаптар қойып, жер аламын 
деушілерге 0,15 гектар жер болуге және еңбекақыны арттыруға 
уәде берді. 
Бірақ, 21 тамыз күні бүлік жеңіліс тапты. 
М. Горбачев 
Мәскеуге 
қайта оралды. 
Бас 
прокуратура 
бүлікшілдерге қарсы 
қылмыстық іс қозғады. 24 тамыз күні 
Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының атына
озінің, оның қүрамынан шығатындығын мәлімдеді, ойткені, 
КОКП Орталық Комитеті озінің әрекеттерімен 
бүлік болған 
күндері өз беделін толықтай жоғалтқанын алға тартты.
25 тамызда Қазақстан Президентінің «Қазақ КСР аумағындағы 
КОКП мүліктері туралы» Жарлығы шықты. Соған сойкес, 
Қазақстан аумағындағы КОКП мүліктері мемлекет меншігіне 
айналды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Семей 
полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.
28 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
Пленумы болып, онда Н.Назарбаев ҚКП ОК-нің Бірінші 
хатшысы міндетін озінен алып тастады. 1991 жылы тамыздан 
кейін КСРО-ның ыдырау процесі жеделдей түсті. КСРО халық 
депутатарының бесінші (кезектен тыс) съезі «Өтпелі кезеңдегі 
билік туралы» конституциялық Заң қабылдап, озінің окілеттігін 
КСРО Мемлекеттік кеңесіне берді. М.Горбачевтің Орталықты
2 7 0


сақтап қалуға үмтылған жанталасынан нәтиже шыққан жоқ. 
Республикалардың басым бөлігі 
Мемлекеттік комитетке 
өздерінің окілдерін жібермей қойды. КСРО-да ресми түрде 12 
республика қалды.
1991 жылы 7 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да Алматы 
қаласында Қазақстан Компартиясының кезектен тыс тотенше 
съезі ашылды. Үзаққа созылған пікір-таластан кейін, 
съезд 
Қазақстан Компартиясын таратып, жаңа партия қүру туралы 
шешім қабылдады. Жаңадан күрылған 
партия Социалистік 
партия деп аталды. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО-сының 
кезектен тыс ХҮІП съезі шақырылып, онда оздерінің атауын 
озгерту туралы шешім шығарды. Қазақстанның Лениншіл 
Коммунист Жастар Одағы енді Қазақстанның Жастар одағы 
деп аталатын болды. Сойтіп, партиядан кейін іле-шала комсомол 
да, кейін пионер үйымы да озінің омір сүруін тоқтатты. 
Кәсіподақтар жекелеген тәуелсіз үйымдарға таратылды. Олар 
партиялық өктемдіктен қүтылғанымен, олардың шамадан тыс 
бюрократтанып алған үйымдары бүкара арасында қолдау таба 
алмады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазандағы 
қаулысында 
1991 жылғы 1 желтоқсанда Президент сайлауын 
өткізу туралы шешім қабылдады. 1991 жылы 1 желтоқсанда 
Қазақ КСР Президентін төте сайлау арқылы сайлады. Дауыс 
беруге қатысқандардың сайлаушылардың 8 681 276-ы Нүрсүлтан 
Назарбаевты жақтап дауыс берді немесе бүл 98,78% болды. 
Соның нәтижесінде, Н.Назарбаев бүкіл халық болып сайлаған 
Қазақстанның түңғыш Президенті мандатын алды. 1991 жылы 10 
желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік 
Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау 
туралы шешім қабылдады. Идеологиялық бояуы бар бүрынғы 
атауы өмір шындығынан алыс жатқан еді. 1991 жылы 16 
желтоқсанда 
«Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданып, 
бүл 
күн Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қабылданған қүжаттың 
1-ші бабында Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демокра- 
тиялық 
және 
қүқықтық 
мемлекет 
екендігі 
айқындалды. 
Қазақстан аумағы біртүтас, болінбейтін және қол сүғылмайтын 
болып жарияланды. Заңның екінші тарауында қазақ үлтымен 
тарихи тағдыры ортақ республиканың барлық үлттарының 
азаматтары біртүтас Қазақстан халқын қүрайтындығы айтылған.
271


Ол егемендік пен мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар козі 
болып табылады. 
3-тарауда мемлекеттік билік пен басқару 
органдарының қүрылымы келтірілген. Занда мемлекеттік билік 
үш принциптен туындайтыны: заң шығарушы, атқарушы және 
сот биліктері айқындалған.
Қазақстан Республикасының Елбасы және оның атқарушы 
билігі 
Президент болып табылады. 
4-тарауда тәуелсіз 
мемлекеттің экономикалық негізі дербес экономикалық жүйе 
екендігі атап көрсетілген және меншіктің түрлерінің алуандығы 
мен олардың бәрі тең екендігі ескерілген. Жер және оның 
қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, өзге де 
табиғи ресурстар мемлекеттің айырықша меншігінде болады деп 
жарияланды.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың 
толық 
қүқықты мүшесі болып табылады. Ол өзінің тәуелсіздігін қорғау 
мен үлттық мемлекеттігін нығайту жөнінде шаралар қабылдайды.
1991 
жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттердің Одағын 
(ТМО) қүру процесі өте күрделі жағдайда жүрді. 
1991 жылы 
қарашада Ново-Огаревода жеті республика (Ресей, Беларусь, 
Әзірбайжан, Қазақстан, Кыргызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) 
жаңа мемлекетаралық қүрылым - Егеменді Мемлекеттер Одағын 
(ЕМО) қүру керектігі туралы мәлімдеме жасады. 1991 жылы 25 
қарашада оны заңдастыру көзделген еді, бірақ бүл шара жүзеге 
асқан жоқ. Орталық әлсіздік танытып, 1991 жылы 8 желтоқсанда 
Брест маңындағы Беловежьеде Беларусь, Ресей, Украина 
басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру 
туралы келісімге қол қойды. 
Бүл келісімде КСРО-ның 
халықаралық қүқық субъектісі ретінде омір сүруін тоқтатқаны 
жарияланды. Содан кейін, 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия 
және Қазақстан республикалары басшыларының кездесуі өтіп
олар «Беловежье келісімін» қолдады. Ақырында, 20 желтоқсан 
күні 
Әзірбайжанның, Арменияның, Беларусьтің, Грузияның, 
Қазақстанның, 
Қырғызстанның, 
Молдованың, 
Ресейдің, 
Тәжікстанның, Түркіменстанның, Өзбекстанның 
басшылары 
Алматыда бас қосып, 21 желтоқсан күні Тәуелсіз Мемлекет- 
тердің Достастығын қүру туралы хаттамаға қол қойды.
2 7 2


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді мемлекеттіктің 
даму процесі қарқын алды. Саяси жүйеде күшті президенттік 
республика қалыптастыруға, бүл орайда кәсіби Жоғарғы Кеңесті 
көздейтін 
парламенттік билікті реформалауға бағыт үсталды. 
Облыстарда, қалаларда, аудандарда жергілікті өзін-өзі басқару 
туралы заңға сәйкес атқару билігіне реформа жасалды. Өтпелі 
кезеңде әкімшілік басшысына экономикаға жауапкершілік, 
президенттік және үкіметтік шешімдердің жергілікті жерлерде 
орындалуы тәрізді міндеттер жүктелді. Әкімшілік басшыларын 
тағайындау немесе мерзімінен бүрын міндетінен босату қатаң тік 
жолмен, яғни Республика Президенті және жоғары түрған 
әкімшілік басшылары арқылы жүзеге асты. Кеңестер бюджетті 
жоспарлап, бекітетін және оның орындалу барысына бақылау 
жасайтын болды. Сондай-ақ депутаттармен жүмыс істеп, түрақты 
комиссиялардың 
жүмысына 
басшылық 
етті, 
аймақтың 
стратегиялық дамуын жоспарлап, өртүрлі қоғамдық үйымдармен 
бірлесіп жүмыс істеді. 
*
1992 
жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнүраны бекітілді. Мемлекеттік 
нышандар тарихтың, мәдениеттің көрінісі болып табылады, 
сондай-ақ елдің қайталанбас ерекшелігін бейнелеп, азаматтардың 
сана-сезіміне 
әсерін 
тигізеді. 
Қазақстан 
Республикасы 
Мемлекеттік туының авторы - Ш.Ниязбеков. Тудың көк түсі 
ынтымақ пен ашық аспанды білдірсе, алтын күн - тыныштық пен 
байлықты, дала қыраны - берекелік пен қырағылықты, ой- 
қиялдың үшқырлығын көрсетеді. Туға қошқар мүйізді үлттық 
ою-өрнек салынған. Бүл ежелден келе жатқан ою-өрнектің 
Қазақстан аумағын мекендеген ертедегі көшпенділерде болғаны 
тарихта белгілі.
Мемлекеттік 
елтаңбаның 
авторы 
-
сәулетшілері 
Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңбаның жоғарғы жағында 
бес тармақты жүлдыз бар, төменгі жағында «Қазақстан» деп 
жазылған. Ол алтын және көк екі түстен түрады. Күмбез төрізді 
шаңырақ көк әлемін еске салады. 
Жылқы 
көшпенділердің 
ежелден серігі болған, ал қанатты 
түлпар гүлденген күшті 
мемлекетке деген үмтылушылықты білдіреді. 
Бес тармақты 
жүлдыз 
мемлекеттердің 
қауымдастығы 
мен 
бес 
қүрлық 
халықтарының бірлігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет