Қазақстан тарихы оқулық


XX ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарындағы



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

9.8. XX ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарындағы
Қазакстаннын іиәдени дамуы
Кеңес өкіметі мәдени салада да стратегиялық міндеттер 
қойды: атап айтқанда, дәстүрлі түрмыс-салтынан бас тарту; 
атеизм; мемлекеттік және партиялық аппаратқа қажетті таңдаулы 
кадрларды даярлау. Бүл процесті жүзеге асыруда білім беруге 
зор көңіл бөлінді.
1919 
жылы 26 желтоқсанда В.И.Ленин РКФСР халықтарының 
арасында сауатсыздықты жою туралы Халық комиссарлар 
кеңесінің декретіне қол қойды. Осыған сәйкес республиканың 8- 
ден 50 жасқа дейінгі сауатсыздары өз еркімен не орысша, не 
қазақша сауат ашуы тиіс болды. 1920 жылы 
шілдеде 
сауатсыздықты жою жөнінде Бүкілресейлік төтенше комиссия 
қүрылып, 1920/21 оқу жылында Қазақстанда 2412 пункт жүмыс 
істеді. Онда 72 232 адам оқыды. 1924 жылы сәуірде еңбекші- 
лердің қолдауымен Қазақ АКСР-нда «Сауатсыздық жойылсын» 
қоғамы жүмыс істеді. Бірақ сауатсыздықты жою процесі оте 
баяу жүрді, 1928 жылдың аяғында республикада барлығы 25% 
сауатты болса, қазақтар арасында бүл көрсеткіш 10% қана болды.
1930 жылы қаңтарда О.Жандосовтың басшылығымен өлкелік 
мәдени жорық штабы үйымдастырылып, округтардағы, қалалар 
мен 
аудандардағы, 
поселкелердегі 
жергілікті 
штабтарға 
сауатсыздықты жою міндеттелді. 1930 жылы 11 ақпанда Қазақ 
АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет 
қабылдады. 1930 жылы 1 сөуірде республика бойынша 3285 
сауатсыздық жою пункттерінде 350 мың адам оқыса, оның 
247650-і қазақтар болатын. 1926-1939 жылдары 9-49 жас
2 4 2


аралағындағы Қазақстан халқының сауаттылығы 25,2 пайыздан 
83,6 пайызға өсті, оның ішінде ерлердің сауаттылығы 35,5%-тен 
90,3%-ке, әйелдердің сауаттылығы 14,5%-тен 75,8% -ке көтерілді.
1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлар 
Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» 
қабылдады. Мектеп қүрылысында бгржылдық және екі жылдык 
мектептердің үлесі азайтылып, 
«үш жылдық» және «төрт 
жылдық» 
бастауыш мектептердің саны артты. Ересектерге 
арналған 
мектептер 
мен 
мектеп-интернаттар, 
жүмысшы 
факультеттері (рабфак), шаруа жастарының мектебі ашылды. 
1925/26 оқу жылында республика бойынша 3344 мектеп болса, 
оның 
тек 111-і жетіжылдық және екінші деңгейдегі тоғыз 
сыныптық болды. Ондағы 17720 оқушының 3048-і қазақтар. 
Бастауыш мектептерде 
215 142 оқушы оқыды, 
бүл барлық 
оқушылардың 92%, олардың 
67 769-ы, яғни 31,5% казақтар. 
Қазақ мектебі тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да артта 
қалды. Ауылдарда үзақ уақыт бойы тек оқып жаза алатындай 
дәрежеге жеткізетін екі, үш, тіпті біржылдық шағын мектептер 
сақталды. 1930 жылы 27 тамызда ҚазАКСР ОАК пен ХКК 
жалпыға бірдей бастауыш білім беру жүйесін енгізу туралы 
қаулы қабылдады. Қазақ тіліндегі оқулықтар шыға бастады. 
Оның авторлары А.Байтүрсынов, Ж.Айманов, С.Сейфуллин 
болды. Қазақ тіліндегі бірінші алгебра оқулығын 
Қ.Сәтпаев, 
географияны Ә.Бөкейханов жазды. 
1928 жылы 
желтоқсанда 
Қазақ ОАК-нің сессиясы 
заң жүзіңде қазақ алфавитін араб 
әрпінен латын әрпіне ауыстырды. Бүл тілді дамытудағы үлттық 
дәстүрлер мен мәдениетке жасалған үлкен соққы еді.
Мектептерді одан өрі дамыту үшін, енді педагог кадрларын 
даярлауды жан-жақты қолға алуға тура келді. 1925 жылы 
республикада 14 педтехникум және бірнеше халыққа білім 
беретін институттар ашылды: Орынборда орыс тілінде сабақ 
жүретін Халыққа білім беретін практикалық институт, Халыққа 
білім беретін Қазақ институты (КИНО) және Халыққа білім 
беретін Татар институты (ТИНО), аралас институттар Семейде, 
Алматыда, Ташкентте болды. 1925 жылы Халыққа білім беретін 
Қазақ институты Қызылордаға көшірілді. Алғашқыда оны 10 
адам бітірді. Қазақстан үшін жоғары білімді мамандар негізінен 
Ташкентте, Мәскеуде, Ленинградта даярланды. Қазақтың бірінші 
жоғары 
оқу орны Ташкенттегі 
Қазақтың халық ағарту 
институтының 
негізінде 
ашылған 
Қазақ 
мемлекеттік
2 4 3


педагогикалық институты болды. 1928 жылы ҚазПИ Алматыға 
көшірілді, 1935 жылы оған Абай есімі берілді (қазіргі Қазақ 
үлттық педагогикалық университеті). Қазақстанда жоғары білім 
беруді дамытуда БК(б)П ОК-нің шілде (1928 ж.) және қараша 
(1929 ж.) Пленумдарының шешімдері ерекше рөл атқарды. 1929 
жылы Орталық Комитеттің нүсқауымен Алматыда Зоотехни- 
калық жөне малдәрігерлік институты, Қазақтың ауыл шаруа- 
шылығы институты (1930), Алматы медицина институты (1931), 
Қазақ мемлекеттік университеті (1934) ашылды.
Ғылыми мекемелерді қүру жөнінде шаралар іске асырылды. 
Қазақстанның табиғаты мен тарихын зерттеу жөніндегі мекемені 
қүруға талпыныс республикада 1919 жылдың желтоқсанында 
басталған. ОрынбЬрда Қазақ әскери комиссариаты штабының 
жанында Тарихи-статистикалық бөлім ашылды. 1920 жылы 20 
сөуірде бұл бөлім қысқартылып, оның қызметкерлері Қырғыз 
ревкомының халық ағарту бөліміне ауысты. Онда Ғылыми 
комиссиясы, кейін Ғылыми бөлімі қүрылды. Қазақ АСКР-і 
қүрылғаннан кейін ғылым, өнер және мүрағат мәселелерін 
жүргізу Халық комиссарлар Кеңесінің Ғылыми секторына 
берілді. Ол 1921 жылы қайта қүрылды. Халық ағарту комисса- 
риатының Академиялық орталығы, Орталық өлкелік мүрағат 
1921 жылы қыркүйекте 1919 жылы қүрылған Орынбор-Торғай 
губерниялық мүрағатының негізінде үйымдастырылды. Төмен- 
дегідей ғылыми мекемелер пайда болды: Өсімдіктерді қорғау 
станциясы (1924), Ветеринарлық-бактериологиялық институт 
(1926), Тыңайтқыш және аграрлық топырақ зерттеу институты 
(1926), 
Санитарлық-бактериологиялық 
институт 
(1925). 
Республикада ғылымның дамуындағы 
маңызды кезең 
1932 
жылы наурызда Алматыда 
КСРО Ғылым академиясының 
түрақты базасының қүрылуы еді. Тарих мәселелерімен КСРО 
Ғылым академиясының Қазақстандық базасы айналысты. Оның 
қүрамына 1936 жылы Үлттық мәдениет институты (1934 жылы 
ашылған) қосылды, тарих, қазақ тілі, әдебиет пен фольклор 
секторлары жүмыс істеді. Республиканың әртүрлі аудандарында 
этнографиялық жөне археологиялық зерттеулер қолға алынды. 
1935 жылы профессор С.Аспендияровтың басшылық етуімен екі 
бөлімнен түратын 
«Деректер мен материалдар негізіндегі 
Қазақстанның өткендегі тарихы» атты деректі жинағы жарық 
көрді. Бүл Қазақстан тарихы бойынша «Ежелгі кезеңнен бергі 
Қазақстан тарихын» зерттеген түңғыш ғылыми еңбек болып
244


саналады. 
1938 
жылы 
КСРО 
Ғылым 
академиясының 
Қазақстандық базасы негізінде КСРО Ғылым академиясының 
Қазақ филиалы қүрылды.
Қазақстанда театр және музыка өнері дамудың жаңа сатысына 
көтерілді. 1926 жылы 13 қаңтарда қазақтың бірінші кәсіби 
театрының ашылу салтанаты болды. Оны Ж.Шанин басқарды. 
Осы күні кешкі сағат 18-де театрдың ашылу мерекесіне арналып 
Көшке (Қошмүхамед) Кемеңгерүлының «Алтын сақина» атты 
пьесасы қойылды. Қазақтың үлттық театрын ашқан кейбір 
тарихи деректерде қате көрсетіліп жүрген М.Әуезовтің «Еңлік- 
Кебегі» емес, «Алтын сақина». Оның аталмай кету себебі, автор 
«халық жауы» болып атылып кеткен. 1933 жылы 5 қыркүйекте 
Ю.Л.Рутковскийдің басшылығымен Республикалық Орыс театры 
ашылды. Жас әртістердің, әншілердің, музыканттардың кәсіби 
шеберлігін арттыру және кадрлар даярлау мақсатында 1923 
жылы республикада бірінші музыкалық-драмалық техникум, 
1933 жылы музыкалық әртістер студиясы ашылды. 1934 жылы 13 
қаңтарда 
музыкалық студия Қазақ мемлекеттік музыкалық 
театры болып қайта қүрылды. Бүл қазіргі Абай атындағы 
Академиялық опера және балет театры. Е.Брусиловскийдің «Қыз 
Жібегі» бірінші қазақ операсы. 1934 жылы сазгер А.Жүбанов 
басқарған Қүрманғазы атындағы оркестр қүрылды. Музыкалық 
мәдениеттің дамуы мен өнердің кәсіби кадрларын даярлауда 
басты орталық болған Қазақ мемлекеттік филорманиясы 1935 
жылы ашылды. Халық арасында өнерімен кеңінен танымал, 
атақты 
домбырашы, 
үлы 
Қүрманғазының 
шәкірті 
Дина 
Нүрпейісова қазақ өнерінде өзіндік із қалдырушылардың бірі 
болды. 
1937 жылы Алматыда тарихта бірінші рет 
Үйғыр 
музыкалық-драма театры қүрылды. 1937 жылы Қызылорада 
Корей театры ашылды. 1938 жылы мамырда Мәскеуде атақты 
әнші К.Байсейітова КСРО әртісі атағын алды. 
1933 жылы 
республика суретшілерінің Одағы шаңырак. көтерді. Қазақтың 
кәсіби бейнелеу өнерінің орталығы П.Г.Хлудовтың шеберханасы 
болды. Оның шәкірттерінің бірі, бірінші қазақ суретші Әбілхан 
Қастеев. Кейін ол Қазақстанның халық суретшісі атағына ие 
болды. 1938 жылы Алматыдағы театр-көркем сурет училищесі 
бірінші студенттерін қабылдады.
Халық 
музыкасының 
мүрасын, 
халық 
әншілерінің, 
музыканттары 
мен 
композиторларының 
шығармаларын 
жинастыруда үлты поляк, көрнекті музыка зерттеушісі әрі
2 4 5


композитор А.В.Затаевич зор үлес қосты. Ол 2300 қазақ әндері 
мен күйлерін нотаға түсірді. 
1925 жылы Затаевич 
өзінің 
«Қырғыз халқының 1000 әні», ал 1931 жылы «Қазақ халқының 
500 әндері мен күйлері» кітаптарын шығарды. 1932 жылы ол 
бірінші рет қазақ халқы өнерінің тарихында республика халық 
әртісі атағына ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік 
бейнелеу өнерінің көрмесінде әнші Әміре Қашаубаев үлкен 
жетістікке жетті. Өзінің асқақтаған, өуелете салған қазақ 
әндерімен жюри мүшелерін таңғалдырып, екінші жүлдені жеңіп 
алды. Париж газеттері әншінің өнерін жоғары бағалап, оның 
орындауындағы үш ән таспаға жазылып алынды. 1927 жылы 
Әміре Франкфурт-на Майне қаласында өткен Бүкіләлемдік 
музыкалық көрмеде де ғажап өнер көрсетті, ол Германияның 
бірқатар қалаларында гастрольдік сапарда болды. Республикада 
көркемдік мөдениеттің даму деңгейін көрсететін өнердің бірі 
кино болды. 1934 жылы Алматыда республикалық хроникалық- 
деректі фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылы «Ленфильм» 
қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелдіні» түсірді.
20-30 жж. экономика, мемлекеттік қүрылыс саласындағы 
сияқты мәдениет саласында да күрделі қайшылықтарға толы 
қүбылыстар орын алды. Мәдениетті 
жасау мен тежеу 
қүбылыстары бір мезгілде қатар жүрді. 
1940 жылға қарай 
еңбекке қабілетті халық арасында сауатсыздықты жою аяқталса, 
екінші жагынан үлттық мәдениет өзінің тамырынан, әлемдік 
өркениет жетістіктерінен қол үзді. 
Репрессиялық, әміршілдік 
жүйе ешкімді де аяған жоқ, қазақ зиялылары өкілдерінің көбі 
бірінен кейін бірі саяси қуғын-сүргіннің қүрбаны болды. Қазақ 
халқының 
үлттық мәдениетінің гүлденуі үшін соншалықты 
қажет болған сарқылмас зор мүмкіндіктері аяққа тапталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет