Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет88/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

Қосымша 3 
2-тапсырма. 
1867–1868 жылдардағы реформалардың қазақ жерін басқаруды қалай 
өзгертті? 
Мәтінді қолданып, 1867–1868 жж. реформалар бойынша қазақ жерінің қандай 
әкімшілік бірліктерге бөлінгендігіне сәйкес кестедегі бос ұяшықтарды толықтыр. 
ІІ Александр 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару 
туралы уақытша Ережеге», 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторлығын басқарудың уақытша Ережесіне» қол қойды. 
Реформаға сәйкес Қазақстанның барлық аумағы Түркістан, Орынбор және Батыс 
Сібір үш генерал-губернаторлығына бөлінді. Былайша қарағанда, Қазақстан аумағы 
бұрынғы жүзге бөлінген қалпында қалды. Әскери және азаматтық билік түгелімен 


генерал-губернатор қолына жинақталды, ал Түркістан генерал-губернаторы оған қоса 
Қытаймен және Иранмен елшілік келіссөздер жүргізу құқығына ие болды.
Әрбір генерал-губернаторлық құрылым облыстардан құралды. Орынбор генерал-
губернаторлығына Орал және Торғай облыстары кірді, Батыс Сібірге-Ақмола және 
Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу мен Сырдария облыстары қарады. 
Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахань облысының құрамына енді. 
«1868 жылғы уақытша ереже» бойынша Маңғышлақ приставы Орал облысының 
қарамағында қалып, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. 1870 жылы 2-сәуірде 
тұрғындардың көтеріліс қаупінен сескеніп, Маңғышлақ приставы Орал облысынан 
шығарылып, Дағыстан командованиесінің қарауына берілді және ол әскери басқару 
жүйесіне бағынды. Бейнематериалда айтылғандай, енді облыстар уездерге, уездер 
болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Осылай 5 сатылы басқару жүйесін енгізуді іске 
асыру басталды.
Дерек көзі: 
Қазақстан тарихы: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныбына 
арналған оқулық.
/Ш.М. Аманқұлова, Л.А. Бердіғалиева, А.С. Мағзұмова, Т.К. Юсупова / сынама нұсқа. – 
Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2018.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет