Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет27/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

Діни наным – сенімдер: XIVғасырда Өзбек хан мен Моғол ханы Тоғылық – Темір ислам дінін мемлекеттік дін дәрежесіне жеткізді. Қазақстанға ислам дінінің сопылық (суфизм) бағыты тарады. Ислам дінінің сопылық бағытын қазақтар бұрын табынып келген «Көк тәңірі» дінімен байланыстырып, қалыптасуына негіз жасаған Қожа Ахмет Йассауи болды.


50.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын. 1730 жыл – Кіші жүз билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда хан 1730 жылғы қыркүйекте Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. Патша үкіметінің мақсаты – қазақ- жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. 1731 жылғы 19 ақпан – елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазан – кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Ал ХҮІІІ ғасырдаың 50-60 жылдарынан бастап Ресей Қазақстанды отарлауда келесі шараларды іске асырды:
1. Есіл, Ертіс, Жайық бойынан қазақтарды ығыстырып, казактарды орналастырды.
2. 1756 жылы Жайық жағасына алғаш рет мал жаюға ресми шек қойылды.
3. 1757 жылы Жайықтан мал айдап өтуге тыйым салынды.
Бұл шаралар қазақ жерін толық отарлаудың бастамасы еді.
51. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Көтерілістің себептері:
1. Орынбор губерниясы таратылды да Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды.
2. Қазақтардың Жайықтың сол жағалауына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды. Хандық билік әлсіреді.
3. Жайық казактарының зорлық-зомбылығы қазақтардың шаруашылығына нұқсан келтірді.
4. Нұралы хан халықтан жайылымдық үшін салық алды.
Көтеріліс аумағы: Еділден Арал теңізіне дейінгі Кіші жүз аумағын қамтиды. 
Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары.
Көтеріліс жетекшісі: Сырым Датұлы.
Көтерілістің барысы: Көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. 1787 жылы 1 мыңнан астам жазалаушы отряд келді. Сырым енді бекіністерді алуға ұмтылды. 1791 жылы Әбілхайырдың ұлдарының бірі сұлтан Ералы хан болып сайланды. 1794 жылы Ералы хан өлгеннен кейін Нұралы ұлы – Есім хан сайланды. Бұған наразы болған Сырым 1797 жылы хан сарайына шабуыл жасап Есімді өлтірді. 1897 жылы Сырым Хиуа хандығына өтіп, 1802 жылы сонда қайтыс болды.
Көтерілістің жеңілу себептері:

  • Старшындық топтың арасындағы алауыздық

  • Көтеріліс күшінің әлсіз ұйымдасуы

  • Рулар арасындағы қайшылықтар

  • Көтеріліс топтарының арасындағы байланыстың болмауы.

Көтерілістің тарихи маңызы:

  • Ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

  • Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет