Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


XIX ғ. қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер



бет35/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

60.XIX ғ. қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қарым-қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Мал шаруашылығы мен отырықшы жер шаруашылығының етек ала бастады. Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы Сырдарияға жақын аудандарда, Орталық Қазақстанда, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында сақталды. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған еді. Қапиталистік қатынастардың біртіндеп етек алуы және орталық губерниялардан орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең тарауына себепші болды. Егін шаруашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, дәнді дақылдар мен тұқыммен тұрақты қамтамасыз етіп отырды. Сырдария, Жем, Ырғыз өзендері алқаптарында егін шаруашылығы маңызды орын алды, 15 мың десятина жерді суландыру әдісімен өңдегенде қазақ шаруалары 1 миллион пұтқа дейін астық өндіретін.
Тағы бір мәселе бұл, сол кездегі Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Алғашында 45 мыңнан астам ұйғып, 5мыңдай дүнгеннің көшіп келуі жалпы демографиялық өзгерістерге әкелді. Ал, 1897 жылғы жалпы санақ бойынша дүнгендердің саны – 14136, ұйғырлар – 55999 адамға көбейді. Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет