44. XVIIIғ. 40-50 жж. қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы. Қазақ жеріне қауіп төндірген Жоңғар хандығы XVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ жеріне сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған, Жоңғарияның мақсаты қазақ елінің бар байлығын жаулап, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен белгілі сұлтан Абылай және Әбілпайыздың ұлыстарын талқандаған жоңғарлар қазақтарды Ор бекінісіне дейін ығыстырды. Осы кезде Ресей қазақтарды қорғауға дайын екендігін көрсетіп, 1742 жылы мамырдың 20-сы қазақтарды және шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады. 1742 жылы қыркүйектің 2-сі күні Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н.Неплюев Қалдан-Серенге жолдаған хатында қазақтарға қысымды тоқтатуды талап етті. Алайда, жоңғар билеушілері бұл талапқа құлақ аспайды. Тіпті, сұлтан Абылайды тұтқынға алады. Бірақ, 1745 жылы қалмақтардың билеушісі қолбасшы Қалдан-Серен қайтыс болады, және олардың жағдайы нашарлайды. 1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұны пайдаланғысы келген Пекин сарайы, биліке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун қолдап, 1755 жыл көктемінде Әмірсана бастаған орасан зор қолды Жоңғарияға аттандырды. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалып, халқы қайыршылықтан қырылып, Ресейге де қашты, басқа бөлігі қандастары – қалмақтарға қашты. Бұны пайдаланған қазақтар шабуылдарын үдетіп, олардың берекесін кетіреді. Сонымен, 1758 жылы Жоңғария тарихи сахнадан біржолата жоғалды.
45. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер. Әбілқайыр - (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.