Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


-1824 жж. реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы



бет28/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

52.1822-1824 жж. реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
1822 жылы 22 шілдеде Қазақстанда хандық билікті жою туралы Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды. Оның негізгі дайындаушысы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский.
Жарғының негізгі мақсаты: Кіші жүзде хандық билікті жою. Жарғы Орта жүз қазақтарының саяси дербестік құқықтарын құқықтарын шектеуді мақсат етіп, орыс шенеуніктерден қазақ сұлтандарына, басшыларына бақылау қойды. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету.
Жарғы Орта жүзде іске асты. Әкімшілік жағынан былай бөлінді:

  1. Округ - 15-20 болыстан тұрды; басқарушысы - аға сұлтан;

  2. Болыс – 10-12 ауылдан тұрды; басқарушысы - болыс;

  3. Ауыл – 50-70 шаңырақтан тұрды. басқарушысы - ауыл старшындары басқарды.

Аға сұлтан – оны тек сұлтандар сайлады, аға сұлтандарға ресейлік әскери майор шені берілді, он жылдан кейін дворяндық атақ берілді, үш жылға сайланды.Болыс – болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары – үш жылға сайланды. Ресейлік селолық старосталармен теңестірілді.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді:

  1. Қылмыстық істер

  2. Талап ету

  3. Шағым айту.

1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы»
Мақсаты: Кіші Жүзде Патша үкіметінің билігін күшейту.
Билік орыс шенеуніктерінің қолына өтті. Реформа барысында 1824 жылы Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлінді. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған. Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.  1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.
Кіші жүздің әкімшілік құрылымы:

  • Бөліктер: Батыс, Орта, Шығыс. Басқарушы: аға-сұлтан

  • Дистанция. басқарушы: ру-шонжарлары

  • Ауыл. Басқарушы: ауыл старшыны





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет