Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


ХІХ ғ. басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді)



бет29/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

53.ХІХ ғ. басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).
ХІХ ғ.басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. 1822—1797 жылғы Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүздің бір топ сұлтанының Қаратай сұлтанды хан сайлау жөніндегі ұсынысына қарамастан жəне оның ел арасындағы беделінен сескенген патша əкімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бұл шешімге келіспеген Қаратай халық арасында ханды сайлау туралы үгіт жүргізе бастайды. 1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған съезд Ресей əкімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сұлтанды хан сайлайды. Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік сауда жолдарының бəрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен саудасын шектейді. Ресей əкімшілігінің ондай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816 жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сұлтан болып тағайындалғанға дейін жалғастырады.Сөйтіп, 1816—17 ж. келіссөздер нəтижесінде Қаратай сұлтан өзінің қарсылығын тоқтатты.
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. Арынғазының ел арасында беделінің өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сұрап патша əкімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойғысы келеді.Сондықтан, Ресеймен жақындасуды ойлаған Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы А.Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сұрау үшін 1821 жылы Санкт-Петербургке аттанады. Бұхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырамыз деген желеумен патша əкімшілігі оны шақырып, тұтқындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады.
XIX ғасырдың 20-30 жылдары болған Саржан Қасымов қозғалысы еді. Ғұбайдолланың тұтқындалуы мен қозғалыстың әлсіреуіне әкелген операцияның нәтижесіне қанағаттанған генерал-губернатор, ерекше көзге түскен атаман Чернецкийді, урядниктер Солонников, Некрасов, Найдинді және жүзбасы Карбышевтерді мадақтаған болатын. Кейін қаталдығымен көрінген полковник Карбышев Саржан Қасымовтың көтерілісін, Кенесары ханның қозғалысын басуда белсенді роль атқарды. Қозғалысты ұйымдастырудағы оның ағаттығы, саяси жағдайдың кереғары, қоғамның екі қарама-қарсы топқа бөлінуі қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет