Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Ж. Нұрмұхаметов пен Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс



бет32/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

56. Ж. Нұрмұхаметов пен Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс.
XIX ғ. ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен алынатын алымдар халықтың жағдайын қиындата түсті. Сонымен қатар, Хиуа ханының ұлының көптеген қамалдар тұрғызуы – халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.
1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шықты. Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан данқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті қолдануға көшті. Батырға оның Кіші жүздегі саяси қарсыластарын айдап салды. 1856 жылы Жанқожаның қасына 2000-дай қарулы топ қосылды.1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Патша үкіметі күштерді басу үшін ірі топты қарсы жіберді. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды.
Арал теңізінің солт жағалауында Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғаса берді. Есет батырды ұстау сұлтан Жантөринге бұйырылды. Алайда 1855 жылы 8 шілдеде Есет батыр сұлтанды сыбайластарымен қырып салды. 1857 жылдары Есеттің жақтаушыларын қуғындау жалғаса берді. Бұған қарамастан, енді қоқан бектері қамал салуды күшейтті. Осы жағдай толқулар туғызды.
1858 жылы Әулиеата, Шмкент, Арыс, Мерке, Сайрам маңындағы қазақтар Қоқан билеушілеріне қарсы толқулар болып өтті. Қоқандықтарға қарсы ең ірі көтеріліс 1858 жылдың наурыз айында Әулиеата маңында басталды. Шымкент маңында да көтерілісшілер ісі алға басты. 1858 жылы қозғалыс Оңтүстік Қазақстанның қалған аудандарына тарай бастады. Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алды. Көтерілісшілерге қарсы жаңадан күштер жіберіліп, қозғалысты әлсіретті. Қозғалыс біртіндеп басылды.
Сонымен, 1858 жылғы көтеріліс өз мазмұны мен талаптарына қарай ұлт-азаттық көтеріліске теңгерілді. Оның барысында қазақ еңбекшілерінің бостандыққа деген ұмтылысы күшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет