Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


XIX ғ. ағарту ісі мен білімнің дамуы



бет37/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

63.XIX ғ. ағарту ісі мен білімнің дамуы.
XІX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінің төмендегі жүйесі қалыптасты.
І. Бастауыш оқу орындары: Приход мектептері, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері, ауылдық сауаттылықтың негізін үйрететін мектеп.
ІІ. Орта оқу орындары : Реалдық училищелер, қыздар мен ер балалар гимназиялары, мұғалімдер семинариясы.
ІІІ. Арнайы маман даярлайтын оқу орындары:
Қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері, ауылшаруашылық, малдәрігерлік, Торғайдағы қолөнер мектептері, Оралдағы қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер даярлайтын арнайы мектеп, Омбыдағы механикалық-техникалық училище т.б.
1872 ж. – Омбыда, 1879 ж. – Ташкенте мұғалімдер институттары ашылды.
Верный қаласында 8 сыныпты әскери гимназия, Семейде 4 сыныпты ерлер, 5 сыныпты қыздар гимназиясы ашылды. 1897 ж. санақ бойынша қазақ оқығандар саны 10% болып отыр.


64.XX ғ. басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды.1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға). Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.
Әлеуметтік-жағдай
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды.
Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен
Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет