57.XIX ғ. Қазақстанның өнеркәсібінің, сауда және қалалардың дамуы. Тау – кен өндірісі. Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді.Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі. 1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.) Сауда: XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дами бастады. Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар, Қарқара, Әулиеата жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Сонымен, Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты.
58.1867-1968 жж. әкімшілік реформалар. 1865-1866 жылдары Дала комиссиясы Қазақстан жерін Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан генерал-губернаторлықтарына қаратып, оған басқару жөніндегі ереже жобасын дайындады. 1867 ж. 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Ережеге сәйкес, Оңтүстік Қазақстанды құрайтын екі облыс, орталығы Ташкент қаласы болып, Түркістан генерал-губернаторлығына қаратылды.
1868 ж. 21 қазан – «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді.
Үш генерал - губернаторлық: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Барлық әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында болды.
Орынбор генерал - губернаторлығына: Орал және Торғай облыстары.
Батыс Сібірге генерал - губернаторлығына: Ақмола мен Семей облыстары
Түркістан генерал - губернаторлығына: Жетісу мен Сырдария облыстары енді.
Облыстар уездерге бөлінді.
Облыстар: 1. Жетісу облысы: Сергиополь, Қапал, Верный, Тоқмақ, Жаркент
2. Сырдария облысы: Қазалы Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент.
3. Орал облысы: Орал, Гурьев, Ембі
4. Торғай облысы: Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай
5. Ақмола: Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл
6. Семей облысы: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Өскемен