Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты



бет36/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

61.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.
І кезең - ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
ІІ кезең - ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
ІІІ кезең - 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірледі. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болды. Қоныс аудару салдарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке дейін азайды.


62. XIX ғ. Қазақстанның әдебиеті мен музыка өнерінің дамуы.
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті
ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым: еңбекші қалың бұқара мүддесін білдірген ақындар, суырып салма жыршылар мен ірі феодалдардың, ақсүйектердің мүдделерін жақтаған ақындар қалыптасты.

Ақындар

Істеген істерінің маңызы

Махамбет Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы орал ауданында туды.

1829 ж. шаруалар толқынына қатысты. Кейіннен И.Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне белсене қатысады. Ақын еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді.

Шернияз Жарылғасұлы Қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған

1836-1838 жж көтеріліске қатысты. Ақынның жаңалығы – суырып салмалық өнерді жетілдірді.

Шөже Қаржаубайұлы Бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған.

Шөже – ірі эпик ақын. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен тараған. Бай, би-сұлтандарды әшкерелеп сынаған суырып салма ақын.







 Түйін: Бұл мектептер мазмұны жағынан орыс-қазақ достығына жаңа сипат берді. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеуі, сабақ оқытатын үйлердің талапқа сай келмеуі т.б. себептер орыс тілді мектептердің кең тамыр жоюына мүмкіндік бермеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет