65.1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы. Көтерілістің қозғаушы күші:ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер
Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; Орыстандыру саясаты
3. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып,көтеріліске түрткі болды. Жетісудағы көтеріліс: 1916 жылы көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді.Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Торғайдағы көтеріліс.Төрғай облысындағы көтеріліс ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Қостанай қамтыды. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, болыстарды өлтірді.1916 жылы Төрғайда болған көтерілісті танымал халық батыры Аманкелді Иманов басқарды. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Көтеріліс кейін партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерлік көрсетті. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
2. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды
3. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды.