Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Бұрылыстар бойынша жүгіру



бет24/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41

Бұрылыстар бойынша жүгіру


Бұрылыстар бойынша жүгіргенде, кеудені солға-алға қарай еңкейтеді, оң қол жүгіру бағытына тіке бағытта қозғалады,сол аяқ жерге табанның сыртқы жағымен, ал оң аяқтың ұшы табанның ішкі жағына сүйене отырып, ішке таман қойылады. Бұрылыстар бойынша жүгірудегі меңгеру үшін жүгіру барысында жіберілген қателерді түзете отырып, бастапқы кезде бұрылыстар мен көп қайтара жүгіріп дағдыланады. Өйткені 200,400,800, нәтижеге әсері бар. Сол себепті де, бастапқы қиындыны тіке жолмен жүгіру үшін сөре қалыптары жүгіру жолының бұрылысқа жеткенде, жүгіруші кеуденің солға еңкеюін арттыра бастайды және осы жаққа аяқ табандарын сәл-пәл бұрады. Шапшандық жоғары және жолдың бұрылысы көп болған сайын кеуденің еңкеюі де соншалықты көп болмақ.
Тура жолға шыққаннан кейін жүгіру шапшандығын біршама арттыру мүмкін болады. Мәреге жақындағандағы жүгірушінің негізгі міндеті жүгірудің жоғары шапшаңдығын сақтау. Бұл үшін қолдардың сілтену екпінін арттырып, артқы аяқпен итерілуді күшейтіп, аяқты жиі алып, мәре сызығын қиып өту керек.

Кедергілерден жүгіру


Кедергілерден жүгіру, бір-бірлерінен ара-қашықтықтары біркелкі жерге қойылған жеңіл атлетикалық кедергі тосқауылдардан жүгіріп өту.
Елеулі қателер: кедергілер алабында орындалатын злементтер бірінің орындалмауы: қозғалыс қимылдары техникасының негізгі кескіндемелерінің (сызбасының бұзылуы).
Көп кездесетін қателер: таяқшаның ортасынан ұстау, эстафета қабылдаушының қолыннан түсіруі: эстафета беруге дейін таяқшаны берушінің жүгіріс шапшаңдығын баяулатуы: беру аймағында сөре сызығының тиімсіз орналасуы: эстафетаны бергеннен кейін жолдан шығып кету. Қателіктерді жоғарыда баяндаған жатығуларды үйрену кезінде жоюға болады.
Ер балалар үшін кедергілер: сөреден шығу; 20 м жүгіру; ені 2 м-лік ордан қарғу; бөрененің үстімен жүгіру; үш сызықтан тұратын биіктігі 1,5 м қорғаннан (шарбақтан) кеудені тірей өту; 2 м ордан қарғып өту, қорғанға тіреліп қойылған биіктігі 2 м-лік басқышпен жүгіру, секіріп түсіп, кері бағытта 30 м жүгіру.
Барлық кедергілерден өту алдыңғы сыныптардың бағдарлама материалдарынан таныс . Басқышпен жүгірудің ғана ерекшелігі бар. Бұл элементке үйрену басқыштың еңкіш бұрышын 2 м-лік қорғанның биіктігіне дейін бірте-бірте арттыруға келіп саяды. Кедергілер алабынан өтуді жетілдіруде әркім өзінің жеке ерекшелігіне байланысты кедергілерден өте білу іскерліктерін қайталауы тиіс.
Жарақаттанбас үшін кедергілерді (бөрененің үстіңгі бетінің құрғақ болуы, дуалдың берік болуы), снарядтар мен түсетін жердегі басқышты (қопсытылған топырақ) даярлау қажет. Бөренемен жүгіргенде және дуалдан өтерде, ерекше мұқият болу керек. Ылғалды ауа райында бөренемен жүгіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет