Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жеке екпін ала отырып, спорттық тәсілмен ұзындыққа секіру



бет25/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Жеке екпін ала отырып, спорттық тәсілмен ұзындыққа секіру. Жеке екпін іріктеп алу біліктілігіне үйрену 13-22 метрлік белгіден жүгіруден басталады. Екпін алуды бар екпінмен орындап, серпілуді қолайлы жерден жасау керек. Серпілетін жерге жетпей немесе бақылау сызығынан асып кеткенде, жүгірудің басталатын жерін ілгері жылжытып немесе кейін шегеруге болады. Осы жаттығуды қайталау арқылы серпілетін орынға тұрақты түрде түсуге қол жеткізіледі. Содан кейін жүгіру жолының ұзындығын рулеткамен немесе табан санымен өлшейді және келесі сабақтарда екпін алудың белгіленген жерінен жүгіріп, секіруді жалғастырады. Екпін алатын жердің қашықтығы ауа райы жағдайына, секірушінің жағдайына, оның дене даярлығына байланысты өзгеруі де мүмкін.
Әрбір ретте тиісті қадамдардың арасын бірдей ете отырып, бір шапшаңдықпен жүгіргенде ғана серпілетін орынға дәл түсуге болады. Бақылау белгісін (сызығын) басып кетпес үшін бақылау сызығына 7-9 қадам сайын тиісті белгілерді қою ұсынылады.
Секіруді 15-20 рет қайталау қажет болады. Дәрігерлік даярлық тобындағы оқушылар немесе жақында ғана науқастанып тұрған жеткіншектер мұндай секірулерден босатылуы немесе жаттығу санын азайтып, әрі кеткенде 7-10 рет қана орындауы мүмкін.
Жарақаттың алдын алу үшін секіретін шұңқырды жақсылап қопсытып, өткір, үшкір заттардан тазарту керек, оқушылардың аяқ киімі топырақпен жақсы ұстасатындай болуы қажет.
Жеке екпін ала отырып спорттық тәсілмен биіктікке секірудегі екпін алу, жаттығуларды таңдап алу, жарақаттың алдын алу шаралары және іскерлікті меңгерудегі бағалау жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге ұқсас.

Эстафеталық жүгіру


Эстафеталық жүгіру кезінде таяқша қолдан қолға беріледі. Эстафета таяқшасын лақтырып беруге болмайды. Таяқшаның қолдан түсіп кетуі жарыс ережесін бұзғандық емес, алайда оны тек түсіріп алған жүгіруші ғана көтеріп алуы керек. Таяқшаны берген қатынасушы өзінің қозғалысымен өзгелерге кедергі келтірмейтін жағдайда ғана жолдан шыға алады.
Тосқауылмен жүгіру бойынша жарыс кезінде тосқауылдың жанымен жүгіріп кетуге және тосқауылды тыс жерден аттап өтушге болмайды. Тосқауылды құлатып кету немесе оларға тиіп кету ережені бұзғандық болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет