Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Дала жарысының қауіпсіздік ережелері



бет27/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

Дала жарысының қауіпсіздік ережелері



  1. Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады.

  2. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді.

  3. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса бір-біріне көмектеседі.

  4. Кедергілерден өткенде жаттығудың орындалуына аса мұқият болу керек. Себебі жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.

  5. Дала жарысы трассаның дұрыс – бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.

  6. Жол бойында жарақаталған әріптесіне көмек көрсету.

Марафон жүгірісі


Марафон жүгірісі, 42км 195м. қашықтыққа жүгіруден жарыс. Өзінің бастауын Афины қаласының солтүстігінде орналасқан марафон жазығынан алады. Б.э.д. 490 жылы осы арада гректер мен парсылардың арасында үлкен қанды ұрыс өтеді. Парсы әскерлерінің сан жағынан көптігіне өз Отандарының тәуелсіздігі үшін шайқасқан эллиндер жеңіске жетеді. Грек әскерлерінің қолбасшысы Мильтиад осы қуанышты хабарды Афины қаласына жеткізу үшін ең желаяқ сарбазы Фединиксті жұмсайды. Фединикс Афиныға жүгіріп жетеді де, тек қана: «Неикамен!» (Біздер жеңдік!) деген сөзді айтуға шамасы жетіп, құлап түседі де жан тапсырады. Афинф мен Марафон жазығының арасында 42 км. қашықтыққа қашықтық 42 км 195 м болып бекітіледі.
Марафон жүгірісінде сөре мен мәре бір жерде ойындар ашылған және жабылатын стадионда өтеді. Жол бойындағы 16,21,26,32,37 км-ге жүйріктерге сұйық түрінде көміртекті заттар мен витаминдерден тұратын сусын беріледі. Өте ұзақ қашықтықтарға жарысу жүйріктерден шыдамдылықты ол үшін артық қимыл жасамауды, бойындағы қуатты үнемдеуді, бұлшық еттердің қатаюы мен босаңсу жиілігін қатаң сақтауды, әр адымның ұзындығы мен реттілігін біркелкі ұстауды, жүгіру кезінде секіру күшін, қажыр-қайратын көрсетуді талап етеді. Республиканың В.Краузе (1973), Ю. Лаптев (1978), И. Пенцин (1975, 1977) сынды марафоншылары КСРО-ның чемпиондары атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет