Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет32/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41

Диск лақтыру


Диск, ж/атл-да лақтыруға арналған спорт құралы. Ер кісілерге арналған дискінің диаметрі – 221мм., әйелдерге арналғаны – 182мм, жасөспірімдерге арналғаны – 201мм,
реттеріне қарай салмақтары 2,1.750,1,5,1 кг. Диск ағаштан, тұтас
металлдан құйылып, айналасы хромдалған металмен көмкеріледі.
Диск лақтыру арнайы жасалған шеңбердің ішінде орындалады. Бастапқы қалпы лақтыратын бағытқа қарай арқасымен тұрады. Дискі 4 саусақтың соңғы тырнақ буындарымен ұсталады. Дискі ұстаған қолын артқа қарай сермеп, денесімен сол жаққа айналады да, бір аяғымен секіріп барып қолындағы құралды екпінмен лақтырады. Жарысқа қатысушылар көп болған жағдайа әр спортшыға үш рет лақтыруға кезек беріледі. Содан кейін ең үздік нәтижелерге жеткен 8 спортшы таңдалып алынады да, финалға шығады. Егер екі спортшының нәтижелері бірдей болған жағдайда екінші кезекте жақсы нәтиже көрсеткен адам алдыңғы орынға шығады.

Жеңіл атлетикалық секірістер


Күш пен шапшаңдықты жетілдіреді. Жүгіріп келіп орындалатын ж.с-нің 4 түрі бар: биіктікке, ұзындыққа, сырықпен секіру және үшсекіріс.
Секіру табиғи, қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, м\сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып бағдарламасына секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелерімен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Секіру спорт алаңында, спорт залда өткізіледі. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: спорттық аяқ киіммен секіру, секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу, Ұзындыққа, биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіруге рұқсат етілмейді.
Секіру жаттығулары техникасын меңгеру үшін алдын ала дайындық жаттығулары қолданылады: бір орында секіру, бөренеге немесе гим-қ қабырғаға тіреліп секіру, аяқты жартылай бүгіп жеңіл секіру, отырып секіру, бір-біріне қарсы тұрып секіру, қолдарын ұстап секіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет