Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет38/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Жерге түсу. Жерге екі аяқпен бір мезетте түсу керек. Жерге түсер сәтте жерден жеңіл серпіліс жасау үшін екі табан параллель қалыпқа келеді. Сонда жерге түсу кезінде болатын салмақ екі аяққа тең бөлінеді. Жерге қатты түспеуге қолдың көп көмегі тиеді: жерге түсуге жақындағанда қол алға – аяқтың басына қарай созылады да, кеуденің алға шығуын тездете отырып, дереу кейін әкетіледі. Сөреге келіп тұрған секірушінің алдында ол секіріп түсетін шұқыр көрініп жатады. Оған жетпей, жер қыртысына батырылып, беті ғана көрінген тақтай немесе әдейі сызылған белдеу сызық көзге шалынады. Секірер кезде серпілетін аяқты осы белгіге дәл тигізіп басу керек. Бұған дағдылану үшін былай істеу қажет: секіру сызығының үстінде шұқырға арқаны беріп тұрып, қанша қадам жерге жүгіріп келу қашықтығын өздерің анықтап, жүгіруді серпілетін аяқтан бастауларың керек. Әркімнің жүгіріп келу қашықтығы серпілетін аяғы секіру сызығына дәл түсуіне негізінен сәйкес келеді. Мәселен, кез келген бір балаға екпіндей жүгіріп келуге 15 қадам қажет болса, бұл тақ сан, демек, жүгіруді серпілетін аяқтан бастау керек. Ал жүгіріп келуге 20 қадам қажет болса, ол екпіндей жүгірудің алғашқы қадамын сілтенетін аяқтан бастауға тиіс .
Екпіндей жүгіріп келу қашықтығын анықтаудың мұндай әдісі биіктікке секіруді меңгеру кезінде де қолданылады. Асқанн дәлдікпен есептелінген екпіндей жүгіріп келу қашықтығы жүгіру, секіру техникасын жете меңгерудің маңызды элементі болып табылады.
Екпіндей жүгіріп келіп секіру қашықтығын дұрыс анықтауға дағдылану үшін адымдап секіруден бастап үйренулеріңе болады. Ол үшін:
1.Жолдасыңа өз бойының жарты деңгейіне дейін екі қолын алға созып ұстап тұруын өтін;
2. Сілтенген аяқтың тізесін жоғары көтеріп, яғни қалықтап ұшу кезінде жолдасыңның алға созған қолының алақанына жеткізуге тырысып адымдап секір. Бұл кезде серпіле көтерілген аяқты толық жазылған күйінде ұста. Дайындық жаттығуларының тағы бір жеңіл түрі мынадай: жерден 30-40 см биіктікке керілген резеңке жіптен адымдап секіру.
Жерден серпіле аттап секіргеннен кейін жіптің үстінен қалықтап асу кезінде «адымдап ұшу» сәтін дәл байқауға тырысыңдар. Сілтенген аяқ жіптен асқан бетте бірден жерден серпілген аяқты жоғары тартып алуға әрекеттеніңдер. Ал жерге өздеріңді мұғалімнің үйреткені бойынша түсіңдер.
Ұзындыққа секіруге қатысты мына мәліметтерді есте сақтаңдар:

  1. Секіріп түсетін шұқырдың аумағы 5х3 м болып, табанына қалыңдығы 50-60 см-дей құм толтырылады;

  2. Екпіндей жүгіріп келу жолының ұзындығы – 25 метр, ал ені 1метр болады.

  3. үстін басып секіруге арналған жер қыртысына батырылған тақтай шұқырдың жиегінен 1,5-2 метр қашыққа орналастырады, тақтайдың ұзындығы – 1 метр 22см, ал ені 20см болады.

Жүгіріпкеліп ұзындыққа секіру бағдарламаның барлық курстарында қарастырылған. Ереже бойынша бұл жаттығулар спорт алаңында өткізіледі. Жаттығуларды үйрету міндеті балаларды бірте-бірте «аяқты бүгіп» жеңіл атлетикалық секіру әдісін меңгерту болып табылады.
Секіру техникасы. 15-20м жылдамдықта жүгіру. Итеруге үш-төрт адым қалғанда жылдамдық ұлғаяды. Итеру барысында серпілетін аяқтың тізесі толық бүгілген, жылдам, алға жоғары қозғалады. Қол бірден жоғары көтеріледі, осы кезде серпілу басталады, серпілу барысында екі аяқтың тізесі сәл бүгіледі, ал жерге түсер алдында екі аяқ түзуленеді, денені алға қарай еңкейтіп, жерге секіріп түскен кезде қол бірден алға қойылады,артқа құлап қалмау үшін екі аяқ толық бүгіледі.
Ұзындыққа секірудің екі түрлі жаттығуы бар. Бірінші, аяқты «бүгіп» секіру. Екіншісі, «қайшылап» секіру. Аяқты бүгіп секіргенде, ең әуелі аяқты жоғары көтеріп биіктікке секіре, содан кейін аяқты бауырға тарта алдыға созып жетке жерімізге түсу.
Бүгінгі күнде ұзындыққа секірудегі ең жоғары көрсеткішті осы «қайшылау» тәсілімен секіріп орындап жүр. Бұл тәсілмен секіргенде спортшы жүгіріп келіп итерілген бетте мүмкіндік болғанша биіктікке секіруге тырысады. Содан осы ауа кеңісігіне жеткен кезде алдыға қарай аяғымен жүрген сияқты бейнелі адымдар жасайды. Осылайша ұзындыққа секіргенде алысқа түседі.
Ұзындыққа секірудің әдіс – тәсілін үйрену үшін мынандай қосымша жатығуларды орындауға болады:

  • орында тұрып екі аяқпен 100 м қашықтықты секіріп өту;

  • 100 м қашықтықты сыңар аяқпен жүгіріп өту;

  • жүгіріп келе жатып әрбір 10 адым өткен сайын бар мүмкіншілікпен итеріліп алдыға секіріп түсу;

  • серіппеден жоғары секіріп, ауа кеңістігінде аяқты адымдау; - кіші ағаш аттан жүгіріп келіп таянбай секіріп өту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет