Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет35/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
1. Бір орында тұрып секіру.
Бір орында тұрып кергіден аттап секірудің бастапқы қалпында серпілетін аяқтың өкшесі серпілу сызығын басып тұрады. Ал кейін қалған екінші аяқ жоғары әрі алға сілтенер алдында серпілетін аяқтың тізесі шамалы бүгіледі(серпілуге әзірлік жасайды). Бұл сәтте екі қол кейін сермелгендей қалыпты болады. Сілтенген аяқ жоғары көтерілген сәтпен бір мезетте екі қолда жоғары сермеледі және серпілетін аяқ толық жазылады. Сілтенген аяқпен ьір мезетте серпілетін аяқ алға әрі жоғары қозғалады. Керіден алдымен сілтенген аяқ , соңынан серпілген аяқ асады. Серпілген аяқ жеңіл асу үшін иықты жерге түсетін жаққа қарай болар болмас қисайту керек. Секіру жаттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімді дайындық құралы болып табылады.Бұл әдіс барлық курстарда қолданылады.
Бірте-бірте үйрету әдісі:

  1. Қолды еркін ұстап төмен, жоғары секіру.

  2. Қолы арнайы қалыпта ұстау, бір орында екі аяқпен секіру.

  3. Бір аяқпен секіру( екінші аяқты алмастыру).

  4. Екі аяқпен алға қарай жылжи секіру.

  5. Бір аяқпен алға қарай жылжи секіру.

  6. Екі аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру.

  7. Бір аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру.

  8. Ілініп тұрған секіртпеден секіріп отыру.

  9. Айналып тұрған секіртпеден секіру.

  10. Жүгіріп келіп, айналып тұрған секіртеден секіру.

  11. Екі аяқпен айналып тұрған секіртпенің алдынан секіру.

  12. Қысқа секіртпеден секіру.

  13. Қысқа секіртпеден екі аяқпен секіру.

  14. Қысқа секіртпеден бір аяқпен секіру, екінші аяққа ауысып секіру.

  15. Бір орында тұрып, жұптасып ұзын секіртпеден секіру.

  16. Айналып тұрған секіртпеден 90°-қа бұрылып секіру.Қысқы секіртпеден екі аяқпен , бір аяқпен екінші аяққа ауысып секіру.

  17. Секіртпені артқа қарай айналдырып секіру.

Секіру жаттығуларының барлық түрлерін қолдың қалыптарын өзгертіп, жаттығудың қайталану санын ұлғайта алмастыруды күрделендіре отырып үйретуге болады.

  1. Бір орында жеңіл жерге секіріп түсу.

  2. Қолды алдын-ала артқа қойып, алға қарай жеңіл секіріп түсу.

  3. Оңға, солға жеңіл секіріп түсу.

  4. 40 см биіктіктен секіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет