Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет33/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41

Сырықпен секіру


Сырықпен секіру, мұнда да спортшы секіретін кедергі биіктікке секірудегідей, тек мұнда мықты майысқақ серпілмелі сырық пайдаланады. Егер белгіленген биіктіктен спортшы үш рет өте алмаған жағдайда, ол жарыстан шығарылады. Жүгіру жолының қашықтығы 40метр (13фут 3дюйм), ал ені 1,22 м( 4фут). Сырықты тіреу үшін беті жүгіру жолмен бірдей жасалынған сырық тірелетін жерінің тереңдігі 22,4 см (9 дюйм) металл пластинка қойылады. Сырықтың спортшы қолымен ұстайтын тұсына екі қабат жұқа мата оралады. Сырықтар 1962 жылға дейін бамбуктен жасалынды. Ал одан кейін металлдан және фибриогласстан жасалынып келеді.

Биіктікке секіру


Биіктікке секіру, екі жақта аралары 5м (16фут 4дюйм) қашықтықта тұрған таяныштардың ортасына бекітілген көрменің үстінен секіріп өтеді. Биіктікке секірудің әртүрлі орындалу әдістері бар. Соңғы кездері спортшылар фюсбери – флоб әдісімен секіріп жүр. Спортшылар жерге арқасымен түсетін болғандықтан, секіретін орынның екінші жағына қалың әрі жұмсақ төсеніш қойылады.
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – «аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі – «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғары көрсеткішті «шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек . Яғни, негізгі мақсат – итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ өткеннен кейін итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Биіктікке секірудің айла-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады: - орында тұрып сілтейтін аяқты көтеру;

  • 3 адым жерден келіп сілтейтін аяқты көтеру;

  • 7-9 м жүгіріп келіп аттап секіруді бейнелеп көрсету;

  • үлкен ағаш аттан жүгіріп келіп көлденеңінен секіріп өту;

  • Кермеден алдыға қарай сүңгіп секіріп өтуді бірнеше рет қайталау;

  • Орында тұрып жоғарыдағы затқа секіру;

  • Жүрелеп отырғаннан бірден секіріп тұруды бірнеше рет қайталау;

  • Жүгіріп келе жатып әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру жалғасады. Бұл жүгіріс стадионда екіүш айналым бойында жалғасады.

Биіктен секіру, итеру, серпілу, жерге түсумен сипатталады. Биіктікке секіру жаттығуларына үйретудегі дайындық жаттығулар бір орында секіру, алға секіру, жан-жаққа секіру, артқа секіру, болып табылады.
Оқушылар дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін гим-қ орындықтан секіруді өткізуге болады.
Биіктіктен секіруді қосымша тапсырмалар арқылы күрделендіруге болады: серпілу барысындағы бұрылыстар, алақанды шапалақтау, т.б. с.
Оқушылар секіру жаттығуларының техникасын меңгергеннен кейін бірте-бірте биіктік деңгейі ұзартылып отырады.
Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған. Алғашқыда оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін « аттап» секіру техникасына ауысады.
«Аяғын бүгіп» жүгіріп келіп биіктікке секіру. Жылдам жүгіруден басталады. Итеру барысында сермелетін аяқ бірден алға, жоғарыға көтеріледі, ал итерілетін аяқ түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге топталады, қол алда, жоғарыда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет