Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Биіктікке екпін алып секіру



бет34/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Биіктікке екпін алып секіру. Кергінің бастапқы биіктігі неше метр болатындығы жарыс ережесінде жазылады. Жоғарғы көрсеткіш көрсету үшін кергінің биіктігі 1 см сайын көтеріледі. Секіруші бастапқы биіктіктен төмен емес, кез келген биіктіктен секіруді бастауына болады. Секіруге алғаш шақырылғанда, спортшы қандай биіктіктен секіруді бастайтындықтарын мәлімдеуге құқықты. Екпін алып жүгіретін жердің ұзындығына шек қойылмайды. Әрбір биіктікке орнатылған кергіден өту үшін үш рет секіруге болады. Егер спортшы белгіленген биіктіктегі кедергіден үш секірісте де өте алмаса, онда әрі қарай жарысты жалғастыра алмайды. Берілген биіктіктегі бір немесе екі секіріс сәтсіз болса, онда қалған екі немесе бір ұмтылысты келесі биіктікте пайдалануға болады. Бір аяқпен ғана серпіліп, кергіден өткенде ғана « секіру дұрыс болды» деп есептеледі. Егер кергі секіру кезінде құлатылса, жарысушы кергінің астынан өтіп кетсе немесе бағанды айналып кетсе, «секіру болған жоқ» деп есептеледі. Егер секіру сәтті болса, онда аға төреші: «Есепте!» - деп пәрмен береді. Егер секіруші кергіге тиіп кетіп, ол тербеліп тұрса, онда тербелу қашан тоқтағанша , төреші пәрмен беруді кідірте тұрады. Егер секіру сәтсіз болса, төреші: «Есептеме» не «Жоқ» деген пәрмен береді. Екі немесе бірнеше қатынасушының нәтижелері тең болса, аз ұмтылыс жасап биіктікті алған қатынасушы « жеңімпаз» деп танылады.
«Аттау» тәсілін қолдана отырып биіктікке секіруді үйреніп болдыңдар. Енді өткен жылғы жеткен жетістіктеріңді одан әрі өсіру үшін секіру техникасының элементтерін жетілдіре түсу керек.
Биіктікке секірудің де 4 элементі бар:
1) екпіндей жүгіру; 2) серпілу 3) кергіден асу; 4) жерге түсу.
Тағы бір еске түсіріп, үнемі жадыда сақтайтын нәрсе – биіктікке секіру кезінде аяқпен қатты серпіліп секіру биіктікке секірудің ең маңызды элементі болып табылады. Әрине, екпіндей жүгірудің де үлкен маңызы бар. Әйтседе кермеге шамамен 35-40° бұрыш жасап барынша қатты серпіліп секіру екпіндей жүгіріп келуден әлдеқайда қиын.
Биіктікке секіру кезіндегі серпілетін жерді анықтау үшін мына төменгі қарапайым шарттылықтармен танысып,біліп алу керек.

  1. секіруге арналған екі баған арасындағы орта тұсты белгілеп алу қажет.

  2. осы нүктеден 35-40° бұрыш жасап, сызық сызып қою керек.

  3. осы 35-40° бұрыш жасап сызылған сызықпен жүре отырып, 3-4 табанға тең келердей арақашықтықты өлшеп алу керек. Нақ осы аралық серпілетін орын болып есептеледі.

Әбір оқушы өзінің серпілетін орнын айқындап алғаны абзал, өйткені жүгіру қадамының ұзындығы әркімде әрқалай болатыны белгілі.
Тағы бір ережені ескерген жөн: кімді-кім оң аяқпен серпілетін болса, ол сол қапталдан, ал сол аяқпен серпілетін болса, оң қапталдан жүгіріп келуі керек.
Серпіліп, кергіден дұрыс асып түсу үшін екпіндей жүгірудің соңғы адымының қандай болуы маңызды шарт. Ең алдымен жерден серпіле көтерілу кезінде кеуде мен қолдың қандай қалыпта болу керектігіне баса назар аударып, оны үнемі есте сақтау қажет.
Серпілу орнын басып тұрған серпілетін аяқ аздап бүгіледі, ал екі қол мен сілтенетін аяқ бірдей қимылдап алға әрі жоғары сілтенеді. Осыдан кейін сілтенген аяқ керілген жіптен асып, төмен түсе бастайды, бірден төмен түсе бастаған сілтенген аяқ серпілетін аяқтыңқимыл жасауына алып келеді, жіптен екінші аяқта асады.
Секіру техникасының элементтерін меңгеру үшін кейбір қолайлы дайындық жаттығуларын жиі қайталап отыру керек. Мысалы, мынадай:
1).кергіден немесе керілген резеңке жіптен бір орында тұрып аттап өту.
2) кергіге бір бүйірді қаратып тұрып, алдымен одан сілтенетін аяқты онша қатты сілтемей асыру, ал ол жерге тиген кезде серпілетін аяқты асыру керек. Екі қол аяқпен бірге алға әрі жоғары сілтенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет