Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет36/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Үш секіріс


Үш секіріс, мұнда да секіретін алаң ұзындыққа секірудегідей. Бірақ секіру басталатын нүкте алаңнан 13м қашықтыққа жүгіру жолының бойына орналасады. Әр секірістен соң спортшы 3 мәрте ауада қалықтап барып алаңға түседі. Басқа секіру жарыстарындағы сияқты үш кезектен кейін нашар нәтиже көрсеткендер жарыстан шығып қалады.
Бір қадам жасап секіру үшін жүгіріп келу сызығының бойына 3-4 табандық белгі салынып, сол арадан серпілу орны белгіленеді. Оған тағы 4-5 табандық қашықтық өлшеп қосып, сол жерден сілтенетін аяқ қоятын орын белгіленеді.Осыдан кейін секіруші мынадай бастапқы қалыпқа келеді: сілтенетін аяқ нүктесіне, серпілетін аяқ одан кейін ұшы жерге тіреп қойылады.
Серпілетін аяқпен қадам жасап, оны серпілу орнына қояды.Осыдан кейін сілтенетін аяқ пен екі қолды алға әрі жоғары сілтейді де, серпілетін аяқпен серпілу арқылы секіру жаттығуын орындайды.
Екі қадам жасап секіру дайындық жаттығуы бір қадам жасап секірген сияқты орындалады. Тек ол кергіден өтудің техникалық жағын меңгеру сенімін арттыра түседі. Мұнда алдыңғыға 6-7 табан болатындай тағы бір байқау қадамын қосу керек.
Екі қадам жасап секіру бір қадам жасап секіруден күрделірек болғанмен, екпін алу мүмкіндігі молдау болып, секіру көрсеткіші жоғары болады.
Үш қадам жасап секіру алдыңғы бір қадам және екі қадам жасап секіру сияқты.Тек мұнда кергіге немесе керілген жіпке үш адым қашықтықтан екпіндей адымдап келу керек. Алғашқы адым бірінші адым сызығы белгіленген жерде тұрған сілтенетін аяқтан кейінгі серпілетін аяқтан басталады.
Үш-төрт адым жүгіріп келіп, бірте-бірте үйрету әдістері:

  1. 20 см биіктіктен еркін секіру.

  2. екі –үш адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден жеңіл секіріп түсу.

  3. Биіктігі 40 см тақтайдың үстінен секіру.

  4. Төрт-бес адым жүгіріп келіп, секіру барысында аяқты бүгіп секіру.

  5. Биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру.

  6. Алақанды шапалақтап секіру.

  7. Биіктігі 50 см заттардан секіру.

  8. Жеті адым жүгірып келіп, белгіленген жерден секіру.

  9. Ілулі затқа басты тигізіп секіру.

  10. Биіктікке, оңға солға бұрылып секіру.

  11. Биіктігі 40 см заттардан секіру.

  12. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша 60 биіктікке белгіленген аяқ бойынша секіру.

  13. Биіктігі 70см заттардан секіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет