241
Алынатын эмульсия ұсақ дисперсті, уақыт бойынша тұрақты
жəне құбырлар бойынша тасымалдауға бейімді болуы тиіс.
Наубайхана өндірістеріне арналған сусыз май. Бұл май өсімдік
майынан (85%), қаттылығы жоғары (12%) мақта саломасынан жəне
тағамдық үстіртін-белсенді заттардан (3%) тұратын композиция бо-
лып келеді.
15-25% кезінде сұйық май біртекті микроқұрылымға, қоз-
ғалғыштыққа жəне тасымалданушылыққа ие. Наубайхана өнер-
кəсібіне арналған сұйық майдың құрамында ылғал мен ұшқыш
заттардың мөлшері 0,3%-дан көп емес болуы, əрі біртекті жəне 18
0
С
кезінде қозғалмалы консистенцияға ие болуы тиіс. Бұл май авто-
цистерналарда (МЕМСТ 9218-86Е), арнайы контейнерлерде, болат
бөшкелерде (МЕМСТ 6247-79 жəне МЕМСТ 13950-84), құтыларда
(МЕМСТ 5037-78Е), сонымен қатар салмағы 50 кг аспайтын ағаш
бөшкелерде (МЕМСТ 8777-80Е) тасымалданады.
Достарыңызбен бөлісу: