Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет14/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.7. Жай ұн алу тəсілі
Жай ұнды бидайды жəне қара бидайды түгел ұнтақтау арқылы 
алады. Алатын жай ұнның мөлшері элеватордың дайындау бөлімінің 
1-тазалау машинасына түскен бидайдың 96%-на, ал қара бидайдың 
95%-на тең болуы керек, бидай ұнында кебектің шығымы 1%, ал 
қара бидай ұнында 2% болуы керек. Ұн бөлшектерінің ірілігі: №067 
сымтемір елегінде еленгенде үстінде қалған қалдығы 2%-дан аспауы 
керек, №38 жібек елеуішінде еленгенде, оның саңылауларынан өткен 
бөлшектерінің мөлшері 30%-дан кем болмауы керек. Жай ұнды №067 
електің саңылауынан өткен бөлшектерден құрастырады. Сондықтан 
жай ұн тарту тəсілі 3,4 жүйелерді қосатын бір жүйеден ғана тұрады. 
Əр жүйеде ұнтақтаушы білік станоктары жəне ұнды бөліп алатын 
елеуіштер болады. Егер дəнді дайындау бөлімінде қосымша ЗШН 
машинасында қауыздаса, онда ұнтақтау жұмысы едəуір жеңілдейді. 
1.8-кестеде жай ұн тартудағы ұнтақтау жүйелерінің техникалық 
сипаттамалары берілген. Бұл сипаттамалар дəнді жеделдетіп ұнға 
айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұл сипаттамалары: тістерінің тығыздығы, яғни біліктің 1 см 
бойындағы кесілген тістерінің саны - 1-жүйеде 4,5-5,0 тіс, соңғы 
жүйеде 7-8 , тістерінің ылдилығы (біліктегі тістердің параллелді 


31
емес, белгілі бір бұрыш түзіп орналасуы) - 12-14%, тістерінің 
өткірлігі 100-90°, тісінің өткірлік бұрышы 35°, тыс бұрышы 65° бо-
луы керек, екі білікшенің тістерінің өткір жүздерін қарама-қарсы 
қояды, олардың жылдамдықтарының арақатынасы 2,5, жылдам ай-
налатын біліктің жылдамдығы 6 м/сек болады.
1.8-кесте. Ұнтақтау жүйесінің техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштер
Ұнтақтау жүйелері
I
II
III
п 1/см
4,5 -5,0
6,5
7-8
V, %
12
14
14
1.9-кестеде дəнді жай ұнға тартудағы ұнтақтау жүйесінің 
əрқайсысының ұнтақтау режимдері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет