Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қара бидайдан сұрыпты ұн алу тəсілі



Pdf көрінісі
бет16/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.8. Қара бидайдан сұрыпты ұн алу тəсілі
Қара бидайдан сұрыпты ұн алу үшін: бір сұрыпты – шығымы 
87%-дық ұнтақталған кебексіз (обдирная) ұн алу, бір сұрыпты 
- шығымы 63%-дық еленген (сеяная) ұн алу, екі сұрыпты - жал-
пы шығымы 80%-дық еленген - шығымы 15-30 пайызды жəне 
ұнтақталған шығымы 50-65%-дық кебексіз ұн алу тəсілдерін 
қолданады. Құрылысы жағынан қара бидайдың бидайдан 
айырмашылығы бар. Егер бидайдың қабыршақтарының орташа 
мөлшері 15% болса, қара бидайдың қабыршықтарының орташа 
мөлшері 23,8%-ға дейін жетеді. Бидайға қарағанда қара бидайдың 
қабыршақтары қалың жəне қатты, крахмалмен байланысы мықты 
болады.
Ұн тарту жүйесінің сапалық құрылысы көрсетілген сызба бо-
йынша технологиялық үдеріс екі сатыдан тұрады: жармалау (дра-
ной) жəне ұнтақтау (размольный) жүйелері.
Ұнның едəуір мөлшерін жармалау жүйесінде алады. Мысалға 
бір сұрыпты ұнтақталған кебексіз ұн тарту тəсілінде ұнның 87%-ын 
оның жалпы шығымынан, тек қана 15%-ын ұнтақтау жүйесінен ала-
ды да, қалған 72%-ын жармалау жүйесінде алады.
Бір сұрыпты 63%-дық еленген ұн тарту тəсілінде ұнтақтау 
жүйесінен тек қана 30-32% алып, калғанын жармалау жүйесінен 
алады.
Қара бидайдан сұрыпты ұн тарту кезінде алынатын жар-
машықтардың мөлшері аз болады. Сондықтан ұнтақталған ұн тар-
ту тəсілінде ұнтақтау жүйесін бар болғаны тартуға түскен қара 
бидайдың тек 20-22%-ы, ал еленген ұн тарту тəсілінде 35-38%-ы 
түседі. Екі сұрыпты ұн тарту тəсілінде жармалау жүйесінен ала-
тын жармашықтардың мөлшері 30%-дан аспайды. Сондықтан 
3–298


34
ұнтақтау жүйесі өте қысқа болады. Ұнтақталған ұн тарту тəсілінде 
қолданылатын жүйе 1-2 ұнтақтау жүйесінен, ал екі сұрыпты жəне 
еленген ұн тарту тəсілдерінде қолданылатын жүйе 3-4 ұнтақтау 
жүйесінен тұрады. Соңғы жүйенің еленген сырғып түскен заттары 
қайтадан ұнтақтау үшін жармалау жүйесіне қайтарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет