Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет259/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

7.11 -сурет. Парақшалы 
қоюландырғыш сүзгі


419
10-15 мм қалыңдыққа жеткенше жалғастыра береді. Сүзілмеген І 
сатурациядан өткен шырын парақшалы сүзгінің жоғарғы бөлігіне 
келіп түседі (7.11-сурет) жəне сүзгіш парақшалар 
1 аралығына 
біркелкі таратыла жайылады. Қысым арқылы сұйық бағанадағы шы-
рын рамалардың қабырғаларынан өтіп, шырын шығаратын түтікше 
3 арқылы қорапқа 2 келіп түседі, одан əрі қарай ІІ сатурацияға 
жіберіледі. Сүзуден өткізіліп алынған тұнбада 75-80% СаСО3 жəне 
20- 25% органикалық жəне минералды қант емес заттар (ақуыздар, 
пектинді заттар, органикалық қышқылдардың кальций тұздары, 
минералды заттар) болады. Осы тұнбаны қышқылды ортаны 
известендіру үшін қолдану ұсынылады. 
ІІ сатурациядағы шырынды жəне қою шырынды сүзу. ІІ 
сатурациядағы шырынды бақылау мақсатында сүзу үшін дисклі ФД 
сүзгіші, ФиЛС сүзгіші немесе патронды сүзгіштер қолданылады.
7.1.9. Шырынды қою шырын жағдайына жеткенше қоюландыру
Тазартылған диффузионды шырынды екі кезеңде қоюландырады: 
бірінші кезеңде оны буландыру аппаратында қою шырын жағдайына 
жеткенше, құрамындағы құрғақ заттары 62-65% болғанша жүргізеді, 
бұл кезде сахароза əлі кристаллдана қоймайды. Екінші кезеңде қою 
шырынды вакуум-аппаратта құрамындағы құрғақ заттары 
92,5-93,5% болғанша жүргізеді. Тазаланған шырынның құрамынан, 
қызылшаның жалпы салмағымен алғанда 110-115% суды шығарып 
тастайды. Қоюландыру үрдісін екі кезеңде бөліп жүргізудің 
себебі мынадан туындаған, бірінші кезеңде ерітіндідегі болмашы 
тұтқырлықтың болуына байланысты үрдіскөп корпусты буланды-
ру аппараттарында жүреді, бұл жағдай жұмсалатын қуаттың шама-
мен 2,5 есе азаюына себепші болады жəне қою шырынның сүзілу 
жағдайын жеңілдетеді.
Қант зауыттарында типтік болып табылатын төрт корпусты кон-
центраторлы буландыру қондырғысының схемасы қолданылады. 
Соңғы корпус вакууммен жұмыс істейді. Қайнағанға дейінгі тем-
пературада қыздырылған (126°С) сульфиттелген шырын буландыру 
қондырғысының бірінші корпусына бағытталады, бұл жерде одан 
судың біршама бөлігі буланып шығады да екінші буды құрайды. 
Шырын осылайша бір корпустан екіншісіне өтіп отырады, сөйтіп 
төртінші бөлікке жетеді, содан кейін консентраторға түсіріледі, 
мұнда ол қажетті деңгейдегі тығыздықта қоюландырылады. 


420
Қыздырылған бу тек бірінші корпусқа ғана беріледі, қалған корпус-
тар алдыңғысының осы ыстық буымен қыздырылады. Буландыру 
қондырғысындағы будың бірнеше қайтара қолданылуын шырынның 
қайнау температурасын төмендету жəне бірінші корпустан бастап 
соңғысына дейін қысымды азайту жағдайында жүзеге асырылады. 
Концентратор бумен ысытылмайды, мұнда қысымның ауысып оты-
руы негізінде тек судың булануы негізінде жүреді.
7.1.10. І кристаллдану кезіндегі утфельді қайнату, қант крис-
таллдарын алу
Тазартылған, құрамындағы құрғақ заттарының мөлшері 
65-67% болатын шырын сары қанттың клеровкасымен бірге 
вакуум-аппаратқа əрі қарай қоюландырып қайнатуға беріледі. Оның 
құрамында диффузионды шырынды тазалаған кезде толық бөлініп 
алынбаған көп мөлшердегі қант емес заттар болады. Қою шырыннан 
тек таза қантты шығарып алу керек болады. Сахарозаны кристалл-
дандыруды аса қанықтырылған ерітіндіден вакуум-аппараттарда 
жүргізеді. Қоюландыра қайнатуды вакуумда, температураны қайнау 
температурасынан төмен қалыпта жүргізеді, бұл жағдай сахарозаның 
термикалық ыдырау əсерінен шығындалуын болдырмауға арналған. 
Қоюландыра қайнатудан кейін алынған өнім, сахароза кристаллдары 
мен қою шырынның қоспасындағы өнім болып табылады, оны ут-
фель деп атайды. Утфель 92-92,5% құрғақ заттарға ие, оның ішінде 
55% кристаллданған қантты құрайды. Кристалларалық сұйықтық 
– бұл сахарозаның қанықтырылған ерітіндісі, оның да құрамында 
қант емес заттар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет