Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Тазартылған шырынның құрамы



Pdf көрінісі
бет258/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   375
Тазартылған шырынның құрамы. Диффузионды шырынды 
тазартудың күрделі де көп сатылы үрдісін жүзеге асыру, қант емес 
заттардың тек 30-35% ғана шығаруды қамтамасыз етеді. Қалған 
60-65% мелассаға өтеді, сөйтіп қанттың шығуын төмендетеді, 
сахарозаның кристаллдануын өңделген қызылшаның салмағымен 
алғанда шамамен 2,5% ұстап қалады. Тазарту барысында ақуыздар 
толығымен дерлік, азотты органикалық заттар 40-45%, күлді эле-
менттер 10-12% шығарылады. Тазартылған шырында 12-14% құрғақ 
заттар, оның 10-12% сахарозалар, 0,5-0,7% азотты заттар, 0,4- 0,5% 
азотты емес органикалық заттар жəне 0,5% күл болады. Жалпы 
шырынның тазалығы 90-92% құрайды.


418
7.1.8. Шырынды (қою шырынды) сүзу
Шырынның І жəне ІІ сатурациялануын жүргізгеннен кейін, со-
нымен қатар қою шырынды булау аппаратында қоюландырғаннан 
кейін сүзуді жүзеге асырады. Температураны көтерген кезде сүзуден 
өткізілген сұйықтықтың тұтқырлығы төмендейді, сөйтіп сүзілу 
жылдамдығы арта түседі. Қант зауыттарында шырынды сүзер ал-
дында негізінен, температурасын 85-88 ºС дейін жеткізіп қыздырады.
І сатурациядағы шырынды сүзу. І сатурациядан кейінгі шырын-
да шамамен 4-5% қатты бөлшектер қалады. Сүзгілердің жұмысына 
байланысты шығындарды азайту жəне сүзу үрдісінің барысын 
жеңілдету мақсатында І сатурациядан өткен шырынды арнайы 
тұрғызу орындарда немесе сүзу қондырғысында тұрғызып ал-
дын ала қоюландырады. Көп қабатты немесе бір қабатты тұрғызу 
орындарындағы І сатурацияланған шырын екі фракцияға бөлінеді: 
оның бірі түссіздендірілген шы-
рын (жалпы сүзілетін шырын 
көлемінің 75-80%), ол бірден 
бақылаудағы сүзуге жіберіледі 
жəне қоюландырылған суспензия 
(20-25%), бұл 18-20% тұнбаны 
құрайды, сондықтан вакуум-
сүзгіге жіберіледі. Вакуум-
сүзгідегі сүзілген өнім бақылау 
мақсатындағы сүзуге жіберіледі, 
ал шөгінді зауыттан шығарылып 
тасталады.
Қазіргі уақытта І сатурация-
дан өткен шырындағы тұнбаны 
қоюландыру үшін парақшалы 
сүзгі-қоюландырғыштар (ФиЛС) 
қолданылады. Олар тұнбаның 
қоюлану жылдамдығына əсер 
етеді жəне шырынды бақылау 
мақсатында сүзуді қажет етпейді. 
Мұнда шөгінділерді бөліп алу 
0,07 МПа қысыммен əсер ету 
арқылы жүргізіледі. Сүзу үрдісін 
сүзгіш парақшаларда шөгінділер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет