Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет26/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұн сұрыптарын құру
Əртүрлі жүйелерден алынатын ұндардың сапасының бірінен-
бірінің үлкен айырмашылығы бар. Білік станогына түсетін 
өнімдерге, ұнтақтау ретіне, елеуіштің сызбасы мен електің 
нөміріне, т.б. фактілерге байланысты ұнның құрамындағы 
ақуыздың, сағыздың, крахмалдың, күлінің, түрінің, т.б. саны 
да, сапасы да өзгеріп тұрады. Кейбір диірмендерде жарма-
лау жүйесінің екшеу (қабықтарды екшеу) жүйесінен алынатын 
ұнның күлділігі 2%-дан астам болады. Сондықтан ұнды сұрып-
сұрыбымен бөліп құрастырғанда оның сапасының көрсеткіштері 
стандарттық көрсеткіштерден аспауы керек. 
Егер технологиялық жүйелерді «Ереженің – » нұсқауларына сай 
жүргізетін болсақ, онда ұнның сұрыптарын былай құрастыруға бо-
лады: жоғары сұрыпты ұнды – 1-ұнтақтау жүйесінен, 2-ұнтақтау 
жүйесінен, 3-ұнтақтау жүйесінен; 1 сұрыпты ұнды -І, II, III жармалау 
жүйелерінен, 1-4 қырғылау жүйелерінен, 4-6 ұнтақтау жүйелерінен, 
1-сырғыма жүйесінен; 2 сұрыпты ұнды - қалған жүйелерден алына-
тын ұннан құрастырады. Құрастырылған ұндарды сапасына қарай 
қосқанмен, əр сұрыптың бөлшектерінің мөлшері біркелкі болу үшін 
жəне бөтен қоспалары болса, бөліп алу үшін, əр сұрыпты ұндарды 
əдейі арналған тексеру елеуішінде елейді.
1.12. Макарондық ұн алудың ерекшеліктері
Макарон өнімдерін жасауға пайдаланылатын ұнның сұрыпта рына 
ерекше талаптар қойылады. Макарондық ұнның ірілігі 1.16-кес-
теде берілген. Қабылданған жіктеу бойынша жоғары сұрыпты 
макарондық ұн (жарма) орташа жəне уақ жарма қоспаларынан жəне 
аздаған жұмсақ жармашық пен қатты жармашықтар қоспаларынан 
тұрады.
 
1.16-кесте.
Көрсеткіштер
Бидайдан алынған жоғары 
сұрыпты (жарма) ұн
Бидайдан алынған бірінші сұ-
рыпты (жартылай жарма) ұн
Қатты
Жұмсак
Қатты
Жұмсақ
Електе (№) 
қалғаны, %-ға дейін
140/3
150/3
190/3
190/3
Електен (№) 
өткені, %-ға дейін
260/27/12
260/27/15
43/40
43/50


49
Бірінші сұрыпты (жартылай жарма) макарондық ұн негізінен 
жұмсақ жəне қатты жармашықтардың қоспаларынан тұрады. 
Макарондық ұнның құрамында уақ бөлшектер шамалы ғана 
болуға тиісті. Қатты бидайдан алынған макарондық ұнның жоғары 
сұрыбының күлділігі 0,75%-дан, бірінші сұрыпты ұнның күлділігі 
1,10%-дан, екінші сұрыпты ұнның күлділігі 1,80%-дан аспауы керек.
Қатты бидайдан алынған жоғары сұрыпты макарондық ұнның 
сағызының мөлшері 30%-дан, бірінші сұрыпты макарондық ұнның 
сағызының мөлшері 32%-дан кем болмауы керек, былайша айтқанда, 
жұмсақ бидайдан алынған ұндардан 2% жоғары болуы керек.
Макарондық ұн шығаруға негізінен қатты бидайды (Дурум) пай-
даланады. Оның ішінде жұмсақ бидайдың қоспалары 15%-дан аспа-
уы керек. Одан басқа шынылығы 60%-дан жоғары, I, II, IV типті 
жұмсақ бидайды да пайдаланады.
Негізгі сапалы қатты бидайдан алынатын ұнның жалпы шығымы 
75-78%, оның ішінде жарманың шығымы 25%-дан 60%-ға дейін, 
екінші сұрып ұнның шығымы 15%-дан 23%-ға дейін болады.
Шынылығы жоғары жұмсақ бидай дəнінен макарондық ұн 
тартқанда жарманың шығымы 15%-дан 30%-ға дейін, екінші сұрып 
ұнның шығымы 25-30% болады. Кебектің шығым мөлшері 18,5% 
жəне ұнның 75%-дық жалпы шығымында қосымша 3% ұнтақ (муч-
ка) алынады, оны кебекке косады. Бұлардың мөлшері 96,5%, қалған 
3,5%-ы қалдық (жарамсыз заттар). Оның ішінде I, II категориялық 
қалдықтар 2,8%, III категориялық қалдықтар 0,7%.
Қатты бидай дəнінің жұмсақ бидай дəніне қарағанда көптеген 
айырмашылықтары бар. Қатты бидай дəнінің қабыршықтары мен 
алейрон қабаты қалыңдау болады: қабыршық қалыңдығы қатты би-
дайда 125 мкм-ға, ал жұмсақ бидайда 115 мкм-ға тең. Қатты бидай 
дəнінің біркелкілігі жұмсақ бидайдыкіне қарағанда жоғарылау, орта-
ша шынылығы 94%. Бұл көрсеткіштердің зор мағынасы бар, өйткені 
жарманың шығымы оның шынылығымен тығыз байланысты жəне 
ұнтақтау кезінде эндоспермадан таза жармалар алуға болады. 
Сондықтан эндосперманың табиғи құрылысын сақтау үшін қатты 
бидай дəнін ұн тартуға дайындаған кезде оған қатты көңіл бөледі. 
Бұл үшін тек қана «суық» ылғалдау əдісін қолданады, ылғалдауды, 
одан кейін оны арнайы қорапта бөктіруді екі немесе үш кезеңде 
жүргізеді. Бірінші кезеңде дəнді 13,5-14,0%-ға дейін ылғалдап, 
қорапта 6-8 сағат бөктіреді, екінші кезеңде ылғалдығын 16,5-17,0%-
ға дейін жеткізіп, 2,5-3,7 сағат бөктіреді, ал I жармалау жүйесінің 
4–298


50
алдында қосымша 0,5-0,6% ылғалдап, арнаулы қорапта 10-15 мин 
бөктіреді.
Шынылығы жоғары жұмсак бидай дəнін де осы тəртіппен 
ылғалдайды. Тек екінші кезеңде 16%-ға дейін ылғалдап, 1-1,5 сағат 
бөктіреді.
Макарондық ұн тартудың технологиялық сызбасында 
көрсетілгендей ерекшеліктері бар:
- жармалау жүйесі алты жүйеден тұрады, оның II, III, IV жəне V 
ж.ж. ірі жəне уақ жармалау жүйелері болып бөлінеді;
- қырғылау жүйесі кеңінен қолданылған (6-8 жүйеге дейін);
- желді елек жүйесі (20 жəне одан да көп жүйелерге дейін) кең 
қолданылады;
- ұнтақтау жүйесін (2-4 жүйе түрінде) қысқа қолданады; 
Осы ерекшеліктерге байланысты макарон ұнын қиыршық түрінде 
алады да, елеуіш пен екінші желді елек арқылы тексереді. Осы 
жүйелердің технологиялық сипаттамалары 1.17-кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет