Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Сыра өндірісі үшін арнайы уыт түрлерін алудың



Pdf көрінісі
бет285/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   375
9.6. Сыра өндірісі үшін арнайы уыт түрлерін алудың 
ерекшеліктері
Сыра өндірісінде көп жағдайда уыттың арнайы түрлері 
қолданылады: карамель, күйдірілген, диафарин жəне бидай. 
Карамель уыты
Карамель уыты сыраға айқын уыттың дəмі мен 
хош иісін береді. Ашық, орташа жəне күңгірт түсті карамель уыты 
алынады. Карамель уытын алу үшін жаңа өндірілген уыт-
ты 42-46%-ға дейін ылғалдайды жəне қуырғыш барабанда 70-75 
0
С 
температурада 40-45 минут ішінде қанттандырады. Осы кезде уытта 
меланоидиннің түзілуі үшін керекті қант жəне аминқышқылдарының 
біршама мөлшері жинақталады. Ары қарай температураны 120-
170 
0
С-қа бірден жоғарылатады, нəтижесінде меланоидинтүзілу 
жүреді жəне қанттар дегидратацияланады. Қыздырудың температу-
расы жəне ұзақтығына байланысты қалаған түстегі, иіс пен дəмдегі 
уыт алынады. Ашық түсті карамель уытын 120
0
С температурада 3 
сағат ішінде; орташа – 130-150
0
С 2,5 сағатта; күңгірт түсті уытты – 
150-170
0
С 3,5-4 сағатта алады. 
Күйдірілген уыт. Мұндай уыттың түрі күңгірт түсті уыт алуда 
керекті дəм мен түс беру үшін қолданылады. Күйдірілген уытты алу 
үшін құрғақ ашық түсті уытты 12-14%-ға дейін ылғалдайды жəне 
қуыру барабанында 30 минут ішінде 160-170
0
С температурада, со-
сын 220
0
С температурада 1,5 сағат қанттандырады. 
Диафарин. Жоғары ферменттік белсенділіктегі уыт сыра 
қайнатуда амилолиткалық ферменттердің қосымша көзі ретінде 
уытталмаған шикізатты қайта өңдеу кезінде қолданылады. 


470
Мұндай уыт арпаны 10-12
0
С температурадағы суда 60-72 сағат 
ішінде 43,5-47% ылғалдылыққа дейін суландырып алынады. 
Өндіру 8-9 тəу ішінде 15-16
0
С жоғары емес температурада 
жүргізіледі. 
Ферменттердің белсенділігін сақтап қалу үшін диафарин тем-
пературасы 50
0
С қарқынды ауа беру арқылы 5 сағат ішінде 4-5 % 
ылғалдылыққа дейін төмен жағдайда кептіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет