Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Уытты тазалау жəне ұнтақтау



Pdf көрінісі
бет288/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   375
10.1. Уытты тазалау жəне ұнтақтау
Тұрғызу жəне сақтау сатысынан өткен уыттың құрамында 
сыраның сапасын төмендетуге əсерін тигізетін, əртүрлі қоспалар 
(шаң, өскіндердің қалдығы, метал қоспалар жəне т.б.) кездеседі. 
Сондықтан да уытты ажарлағыш машина жəне магнитті сеператор-
дан өткізеді.
Ажарлағыш машина қиғаш тегіс елек, щеткалы барабан жəне 
желдеткіштен тұрады. Уыт електе ірі жəне ұсақ қоспалардан, ал 
желдеткіштің көмегімен шаңнан тазаланады. Сосын уыт щеткалы 
барабанға келіп түседі. Барабанның жоғары жиілікте айналу əсерінен 
уыт рифелдің үстіне түсіп ластанудан тазаланады. Соққылану жəне 
үйкелену нəтижесінде уыттың үсті тегіс жəне жылтыр күйге айна-
лады. Жылтыратылған уыт ары қарай магнитті сепаратордан өтіп, 
метал қоспалардан тазаланады. 
Осылай дайындалған уыт ары қарай олардан экстрактивті 
заттардың толық бөлінуін қамтамасыз ету үшін ұнтақтаудан 
өткізіледі. Ұнтақтау уыт бөліктерінің сумен жəне ферменттермен 
жанасуын жоғарылатады. Осыдан келіп, уыттың суда ерігіш заттары 
суға оңай өтеді, ал ерімейтін заттары ферменттердің əсерінен еруге 
дейін ыдырайды. Ұнтақ неғұрлым ұсақ болған сайын осы үдерістер 
соғұрлым тез жəне толық жүреді. Бірақ та өте ұсақ ұнтақ уыт дəні 
қабығының айтарлықтай ұнтақталуына алып келеді де нəтижесінде 
сусланы сүзуді қиындататын осы бөліктерден тығыз қабат пайда бо-
лады. Сонымен қатар, қабықты айтарлықтай ұнтақтау сыраның са-
пасын нашарлататын дубильді жəне минералды заттардың шығып 
кетуіне алып келеді. Сондықтан да дəн эндоспермін өте ұсақ 
ұнтақтауға, қабықтың бүтіндігін өте аз деңгейде зақымдауға тыры-
су керек. Шашылу шығынын азайтатын, заторды сүзу ұзақтығын 
20-25%-ға төмендететін уытты ылғал түрде ұнтақтау біршама тиімді 
болып табылады, ылғалдығы 30-32% уытты ұнтақтау уыт дəні 
қабығын сақтауға мүмкіндік береді жəне эндсрпермді ұнтақтауға 
оптимал жағдай туғызуға қамтамасыз етеді. 
Уытты төрт жəне алты білікті ұнтақтағышта ұнтақтайды. Үш 
жұпты білікпен жабдықталған, алты білікті ұнтақтағышты қолданған 
жөн (10.2-сурет). Жоғарғы жұп біліктер 
7 алдын ала ұнтақтау үшін, 
ортаңғы 
5 – қауызды екінші рет ұнтақтау үшін, астыңғы 1 – ірі 


476
бөліктері үшін арналған, ұсақ жармалардан бөлініп болған соң ви-
броелекке 
3 бағытталады.
Ұнтағышта ұсақталатын массаны біркелкі таратып шығатын 
тербелмелі жазықтық 
2, жеке сынама алғыштар 4,8 жəне жалпы 
ұнтақтан сынама алғыш 
9 қарастырылған. Виброелек 6 ұсақ жарма-
ларды бөлуді қамтамасыз етеді.
Ұнтақ құрамы уыттың сапасына байланысты. Дұрыс жұмсарма-
ған уыт үшін ұсақ ұнтақтауды қолдану керек. Көбінесе келесідегідей 
құрамды (%) ұнтақтау жүргізіледі: қабығы (қауызы) 18-25, ірі жарма 
8-12, ұсақ жарма 30-40, ұн 25-30.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет